БАКАЛАВРИАТ
      Университетіміздің көздеп отырған мақсаты ізденуші, өте жауапты, айналада болып жатқан жаңалықтардан хабардар, заман талабына сай, білімді, жаңа технологиялармен жетік таныс, жас мамандар дайындау болып табылады. Мекемемізде өз алаңдарында көптеген еңбектер жазып, шығармашылығымен және пікірлерімен көпке танымал болған  ғалымдар да оқу ордамызда еңбек етуде.
      Жиырма бірінші ғасырда тәлім-тәрбие,және білім салаларында ғылым мен технология алаңында өте маңызды өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқанын бәріміз біліп отырмыз. Тағыда тәлім-тәрбиенің әрі адамдар,отбасылар мен қоғамдар, әрі өлкелер мен мемлекеттер үшін қандай керекті,оның жаңа әдістеме мен іске асуын тиісті болғаны белгілі.
      Дамыған елу мемлекеттің қатарына қосылуды  көздеп отырған Қазақстан жастардың тәлім-тәрбие алуына,білімін көтеруіне  ерекше көңіл бөлуде. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев  жастардың  білімдерін түрлі мамандықтарға бағыттау, ізденуші, ұлттық намысқа ие, рухани бай, көсбасшы болуға барлық жағынан дайын  жас маман  құшақтың болуын қалайды және бұл пікірді әр арнауында тілге тиек етеді.
      Университетіміз жоғарыда айтылған жаңа ахуалмен талаптарды   ұстана отырып “сапалы білім, саналы тәрбие” деген ұранмен жастарға білім беруде. Қазақстанның экономикалық дамуына, халықаралық қатынастарын нығайтуға, шет тілдер және іскерлік карьера салаларындағы қажеттілікті мамандарды дайындауға қолынан келген үлесін қосуда. Қазақстанды бұдан да өркейту, дамыған елу мемлекет қатарына жеткізу үшін қызмет ету, қазақ халқының өркениетті және ынтымақты  болуы үшін аянбай еңбек ету біздің міндетіміз деп білеміз. Ең қымбатты инвестицияның адамзат үшін жасалған инвестиция болғанына  сеніміміз мол. Қазіргі таңда жастар тәрбиесінің соншалықты маңызды екенін де  жақсы білеміз.      
       Университет орта, арнайы орта және жоғары білім беру негізінде мамандар дайындайды.
       Оқуды тәмамдағаннан кейін мемлекеттік үлгідегі жоғары оқу орны туралы  диплом беріледі.
       Осы тұрғыда, өзгеше жалақы және оқу жүктемесі саясатын ұстап, өз саласында маманданған, еңбектері танымал, шыншыл, адамгершілігі мол,жанашып  қызмет еткен мамандар іздеп оқу ордамызды құруға  тырысамыз.
       Университетімізде көрші елдер мен Түркиядан, келісім шартқа  отырған университеттерден, аз уақыт болса да тәлім-тәрбие және  білім беріп жатқан оқытушылар да бар.

 

жүктеу