Қашықтан оқу

Инновациялық технологиялар және қашықтықтан оқыту

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауына сәйкес инновациялық технологияны жетілдіруге үлес қосу үшін «Шет тілдер және іскерлік карьера»  университеті барлық мүмкіндіктерді қолданып жұмыс істеуде.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жоғары оқу орындарында электронды оқыту жүйесін қолдануды, информациялық технологияларды  енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында  оқу жүйесіне электронды және қашықтықтан білім беру технологиясын енгізуді университеттің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының 1.1.2. пунктінде жоспарланған мерзімге сай, яғни 2012-2013 оқу жылына  енгізу қыркүйек айынан басталды. Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру  туралы Масимов бекіткен № 112 қаулысы 19.01.2012 қабылдануына  байланысты жеке университеттерге бұл жүйеге көшу жеңілденді, бұрынғы жылдары лицензия алу қажет болатын және соның өзінде эксперимент түрінде ғана жүргізілген болатын.

Қаулы шыққан күннен бастап Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге Университетіміздің ректоры т.ғ.д., профессор Сабри Хизметли мырза келісім-шарт жасасты. Қазіргі әлемде қашықтықтан оқытуды таңдайтын адамдар саны көбеюде. Қашықтықтан оқыту технологиясына өту қоғамның ақпараттық дамуына байланысты креативті тенденция болып табылады. Қашықтықтан оқу арқылы білімгерлер уақыттарын шектей алады. Қашықтықтан оқыту - бұл, ең алдымен, қандай да бір оқу орнына белгіленген уақытта бармай-ақ, курстың бағдарламасын қажетті тәртіпте орындау. ҚО қазіргі заман әлемінде Интернет, e-mail (электрондық почта), телефон және факс байланысы, бейнеконференция және қарапайым почта арқылы дәстүрлі оқу материалдарына алмастыру көмегімен дамиды. Бұл технология білімгерлермен оқытушылардың арасындағы байланысты, мың километр қашықтықта бөлетін және күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

Төменде көрсетілген адамдар Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана алады:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  және жоғары білім  базасындағы  қысқартылған білім бағдарламасы бойынша;
  • барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтығы мүгедектер болып табылатын тұлғалар үшін;
  • «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар;
  • жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар;
  • жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар.

 

Қашықтықтан оқытудың мынадай артықшылықтары бар:

  • Оқу үрдісінің дәстүрлі сырттай оқыту барысында 40 күннен екі сынақ-емтихандық сессиясын болжайды, жылына сіз жұмыста 80 күн болмауға тиістісіз, ал қашықтықтан оқыту технологиясында университет қабырғасында Сіз 15 күнде 1 рет қатыссаңыз жеткілікті;
  • Сіз үшін ыңғайлы уақытта үйде немесе офисте курс материалдарын игеру үшін, уақытты ұтымды пайдалану үшін оқытудың еркін графигі бар;
  • Оқуға деген ынта, жас ерекшелктері сияқты қандай да бір жеке шектеулер жоқ.
  • Оқу орнына бару үшін уақытыңыз және жолға ақшаңыз кетпейді, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге байланысты емес;
  • Қабілеттілігіңізге және жеке ерекшелігіңізге байланысты өзіңіз оқу қарқынын белгілейсіз. Курсты игеруге өзіңізге ыңғайлы аптаның күнін және уақытын белгілейсіз;
  • Интерактивті тестер көмегімен курсты игеру қабілеттілігіңізді бақылауға мүмкіндігіңіз бар;
  • Игеруге арналған барлық материалдар ыңғайлы электронды түрде берілген;
  • Сізге тек қана Интернет желісіне қосылған дербес компьютер қажет. Бұлар болмаған жағдайда, ШТ және ІК университетінде ҚО бөлімінің компьютерлерін пайдалана аласыз.