Факультеттер

«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ

 

2015 жылы ШТІКУ ректоры, академик, доктор, профессор Сабри  Хизметлидің бастамасы бойынша университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Педагогика ғылымдары» факультеті құрылды. 

«Педагогика ғылымдары» факультетінің деканы, PhD докторы -

Түкібаева Махаббат Ахметқызы

 Түкібаева Махаббат Ахметқызы, 1976 жылы 17 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Балтакөл с. дүниеге келген.

1993 жылы әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетіне түсіп, 1997 жылы  «Физика»  (біліктілік: Физик. Физика пәні оқытушысы) мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылдан 1999 жылға дейін әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында оқып,  «Физикалық электроника» мамандығы бойынша физика магистрі академиялық  дәрежесі берілген.

1999 жылы Облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында физика және информатика пәндерінің мұғалімі, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.И.Сәтбаев  атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Жалпы физика» кафедрасының оқытушысы, 2005-2011 жылдары комиссиялық конкурс нәтижесі бойынша жоғарыда аталынған университеттің «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының  аға оқытушысы болып жұмыс істеген.

2011 жылы  6D072300 - «Техникалық физика» мамандығы бойынша PhD докторантурасына түсіп, 2014 жылдың желтоқсан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде, профессор Омаров.С.С жетекшілігімен «Конструкциялар мен материалдардағы дыбыс энергиясының диссипациясы» тақырыбында диссертация қорғады.  2015 жылдың сәуір айында ҚРБжҒМ  Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің  шешімі бойынша  PhD философия докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарған.

2016 жылдың 05 қыркүйегінен бастап Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «Педагогика ғылымдары» факультетінің деканы болып қызмет атқарады.

        Ғылыми-педагогикалық тәжірибесі - 17 жыл.

         50-ден астам  ғылыми мақалалары  мен еңбектері шетелдік және отандық, комитет бекіткен басылымдарда жарық көрген. Атап айтқанда:

1)    Omarov  S., Begimov T., Tukibayeva M., MaylinaKh., Bedelbaeva G. Phonon Interaction of  Ultrasound Waves in Condensed Media //Advanced Materials Research. – Switzerland: Trans Tech Publications, 2014. - Vol. 983. – P. 328-337. www.scientific.net/AMR.983.328.

2)       Омаров С. С., Тукибаева М.А.,Тузельбаев М.Н., Нысанбаева С. К., Ауелбекова Ф. Моделирование переноса фононов в тонких слоях конденсированных сред//Вестник КазНТУ им. К.И. Сатпаева. – 2015. - №3(101). - С. 97-100, ISSN 1680-9211.

3)       Омаров С.С., Бейсен С.К., Нысанбаева С.К., Тукибаева М.А., Турлыбекова Г.К. Ультразвуковое поглощение в тонкопленочных нанокомпозитных материалах СохNi1-хFe204,  SiO2NiFe (d) Тa,  SiO2NiFe (d) Ru. Известия НАН РК, серия физико-математическая, -2016г., №3 ISSN 2224-5227

         Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша авторлық куәлік алынған. (А.с. 83299. Устройства длякрепление подвесного потолка//Тукибаева М.А., Омаров С.С., Нурумов Р.Б., Нысанбаева С.К.; опубл. 16.06.2014,Бюл.№6.–3 с.)

«Педагогика ғылымдары» факультетінің негізгі міндеттері – заманауи талапқа сай нарық сұранысына жауап бере алатын білікті педагог мамандарды және әлеуметтік, гуманитарлық салада қызмет ететін аудармашылар мен журналистерді даярлау.

«Педагогика ғылымдары» факультетінің құрамына 2 кафедра кіреді: Олар: «Шет тілдер» кафедрасы мен «Журналистика және Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы. «Педагогика ғылымдары» факультеті төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

Бакалавриат

  1. 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»
  2. 5В020700 – «Аударма ісі»
  3. 5В010300 – «Педагогика және психология»
  4. 5В050400 – «Журналистика»
  5. 5В011100 – «Информатика»
  6. 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

 Магистратура

  1. 6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»
  2. 6M020700 – «Аударма ісі»

Кафедралардағы мультимедиялық дәрісхана кабинеттер, тіл лабораториялары, лингафон залы, қажетті құрал-жабдықтар, арнайы «ШТІКУ теле-радио» студиясы, компьютерлік техникамен және бағдарламалық жағынан қамтамасыз етілген. Факультеттің  кадрлық құрамы: ҚР заңы мен жоғары оқу орнының уақытша лауазымдық ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін байқау ережелеріне сәйкес жинақталған. Факультетте 56 оқытушы, оның ішінде 5 - ғылым докторы, 18 - ғылым кандидаты, 26 – аға оқытушы және оқытушылар жұмыс істейді. Оқытушылар жыл сайын конкурс арқылы жұмысқа қабылданады. 2015-2016 оқу жылында кафедралардан Дабылтаева Райхан Есбергенова п.ғ.к., доцент «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантына ие болған. 2016-2017 оқу жылында «Шет тілдер» кафедрасының п.ғ.к., профессор Д.Б.Шаяхметова мен п.ғ.к., профессор О.А.Куратованы Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша Білім және Ғылым Министрлігінің бақылау комитетіне ассоциативті профессор (доцент) атағын алуға ұсынылды. Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы А.С.Таженова Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша университеттің доценттік дәрежесі атағын алды. Факультет қабырғасында 751 бакалавриат студенттері, 69 магистранттар білім алуда. Магистратура мен бакалавриаттың жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіне арналған стандарттары жасалынып, жұмысқа енгізілді. Қазақ және орыс тілдерінде типтік жаңа оқу бағдарламалары жасалынып, олар баспадан шығарылды. 5B011900 - «Шет тілі: екі шет тілі», 5В050400 – Журналистика мамандықтары бойынша білім бағдарламасы халықаралық аккредитациядан,  5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша білім бағдарламасы халықаралық реаккредитациядан өтті.

 «Шет тілдер» кафедрасының даму тарихы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің құрылу тарихымен байланысты. «Шет тілдер» кафедрасы 2004 жылдың қыркүйек айында  Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Шет тілдер факультетінде құрылды.

         Кафедра 3 мамандық бойынша күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтықтан оқыту түрінде мамандар дайындайды:

5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»;

5В020700 –«Аударма ісі»;

5В010300 – «Педагогика және психология».

         Кафедрада магистратура мамандарын дайындайды:

 6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»;

 6М020700 –«Аударма ісі».

Шет тілді маман даярлайтын кафедра фундаменталды,ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер, білім беру ұйымдарына ақпараттық, кеңес беру қызметтерін көрсетеді, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды жетілдіріп, ендірумен айналысады.  Шет тілдерін игерту арқылы терең теориялық және тәжірибелік шетелдік құзыреттіліктеріне ие, білім беру саласында жоғары кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселесі жүзеге асады.

«Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2014 жылы бұрынғы «Туризм және журналистика» кафедрасы жанынан бөлініп шықты. 

Кафедра 3 мамандық бойынша күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту түрінде мамандар дайындайды:

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

5В050400 – «Журналистика»

5В011100 – «Информатика»

  5В050400-«Журналистика» мамандығы студенттерінің кәсіби біліктілігін, сөйлеу шеберлігін және білім сапасын арттыру мақсатында арнайы «ШТІКУ теле-радио» студия жасақталды.

Болашақ мамандарды дайындау сапасын басқару жүйесі бойынша кафедралар жұмысы университеттің ОӘК-нің бекіткен нормативтік құжаттары мен ережелері негізінде жүргізіледі.     

   Факультеттегі оқытушылар жыл сайын тілдік семинарларда белсенді қатысып, олардың педагогикалық қызметі халықаралық сертификаттармен дәлелденеді.

         Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гүлназ Бейсенбекова  23 қазан – 07 қараша 2016 жыл аралығында Мевлана бағдарламасы бойынша Биледжик Шейх Эдебали университетінде  тәжірибе алмасып қайтты.

 

Мақсаты: Мевлана бағдарламасы арқылы түркітану саласындағы өзекті мәселелерді талдау; түркі дүниесімен халықаралық байланысты   нығайту, бауырлас ел арасындағы мәдени, рухани құндылықтарды игеру, т.б. Тәжірибе Жаратылыстану және әдебиет факультетінде өтті.  Түрік тілі мен әдебиеті бөлімінің меңгерушісі доцент, доктор Октай Селим Карача сабақ кестесін дайындап, түркітану, диалектология саласы бойынша өтетін сабақтарды тәржімеледі. Тәжірибе барысында студенттерге ШТІКУ туралы, онда жүргізілетін оқу-әдістемелік, тәрбиелік, халықаарлық жұмыстар туралы слайдтар көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар Биледжик Шейх Эдебали университетінің ректоры доктор, профессор Ибраһим Ташпен кездесіп, университет туралы пікір алмасты. Мевлана бағдарламасы бойынша Биледжик Шейх Эдебали университетіне тәжірибеден алмасуға мүмкіндік туғызған университет ректоры академик, доктор, профессор Сабри Хизметлиге және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор доктор, профессор Хурие Екхлефке шексіз алғысын білдірді.

Тәрбие жұмысының мақсаты: бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға жағдай жасау, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, мәселелер туындаған жағдайда өз бетінше шешім қабылдауға  дағдыландыру.  Университеттің тәрбие жұмысы бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын екі бөлімнен тұрады: оқыту процесінде тәрбиелеу және сабақтан тыс тәрбие жұмысы.

Факультетте жүргізілетін тәрбие жұмысы университеттің оқу үдерісінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Факультет эдвайзерлері  календарлық-тақырыптық сағаттар өткізуді дәстүрге айналдырған. Факультет студенттері мен оқытушылары жалпы университеттік  және қалалық шараларды өткізуге белсенді қатысады.

          Факультет ұжымы жыл сайын жалп

ыға білім беретін мектептер мен  колледж оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізуді дәстүрге айналдырған.

         Факультет бойынша 2016-2017 оқу жылында 752 студент білім алды. Оның ішінде:

Бакалавриаттан 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша  497 студент,   5В020700– «Аударма ісі» мамандығы бойынша 49 студент, 5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша 120 студент, 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 50 студент, 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша 36 студент, Магистратурадан 6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 60 студент, 6M020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша 9 студент білім алды.

Факультет бітіруші түлектері 2016-2017 оқу жылында:

         Бакалавриаттан 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша  129 студент, 5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша9студент,  5В050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша 16 студент,    5В011700 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 7 студент,  5В011100 –«Информатика» мамандығы бойынша 12 студент Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) дипломын алды.Оның ішінде8 студент үздік Жоғары базалық бiлiм (бакалавриат) дипломын алды. Магистратурадан6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 25 студент, 6M020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша 4 студент Магистракадемиялық дәрежесі дипломын алды.Біздің 90% студент түлектеріміз тікелей жұмысқа тұрады.

 

 

 

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҒЫЛЫМДАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ

 

2015 жылы ШТІКУ ректоры, академик, доктор, профессор Сабри  Хизметлидің бастамасы бойынша университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен «Экономика және басқару ғылымдары» факультеті құрылды. 

«Экономика және басқару ғылымдары» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты

Беккулиева Бахыт Молдасариевна

Беккулиева  Бахыт Модасариевна 17.01.1951  жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.  Қырғыз Мемлекеттік Университетін 1973 жылы Фрунзе қаласында жоғары дәрежелі сауда мамандығын, 2001 жылы Бішкек қаласындағы Менеджмент, бизнес және туризм институтын бітірген.

1978 жылы Мәскеу кооперативтік институтында аспирантураны  оқып, техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғаған.

1978 жылдан бастап осы уақытқа дейін жоғарғы білім беру жүйесінде: Бішкек қаласында Халықаралық қаржы, бизнес және құқықты басқару академиясында бірінші проректор лауазымында,  2001 – 2002 жылдары «Білімдегі менеджмент» Еуразиялық Қоры жобасымен жұмыс жасады.

2001 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің  мадақ қағазымен марапатталып, «Қырғыз Республикасының білім үздігі» белгісін алды.

2004 жылдан 2008 жылы Алматы қаласында Шет тілдер және Іскерлік Карьера Университетінде  «Экономика және басқару» факультетінде кафедра меңгерушісі болды (2004-2008жж).

2008 жылдан 2016 жылдарда Нархоз университетінде «Маркетинг» кафедрасында доцент лауазымында болды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында Шет тілдер және Іскерлік Карьера Университетінде  «Экономика және басқару ғылымдары» факультетінде декан қызметін атқарады.

100 басылымы, ғылыми мақалалары, әдістемелік құралдары, 6 оқу құралдары (Маркетинг (қазақ және орыс тілдерінде) Туризмдегі маркетинг, Білім берудегі кәсіпкерлік, Маркетингті жоспарлау (қазақ және орыс тілдерінде) жоғарғы оқу орындарының экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған) бар.

Оқитын пәндері: «Маркетинг», «Қызмет көрсету маркетингі», «Маркетингті жоспарлау», «Маркетингтік коммуникация», «Туризмдегі маркетинг», «Стратегиялық менеджмент», «Менеджмент»,  «Тауарлар сапасы мен қызмет көрсетуді басқару», «Тауарларды стандарттау және сертификациялау».

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің«Экономика және басқару ғылымдары» факультеті бакалавр мамандарды күндізгі, сырттай және қашықтан оқыту бойынша дайындауды қамтамасыз етеді. Оқыту түрі үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі:  «5B050600-Экономика», «5B050700-Менеджмент», 5B051100-«Маркетинг», «5В050800-Есеп және аудит».

Оқыту ҚР білім және ғылым  Министрлігінің мемлекеттік АБ №0137441, 03.02.2010 лицензиясы негізінде мамандық бойынша  бакалавр академиялық дәрежесін алу арқылы жүзеге асады. Түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

«Экономика және басқару ғылымдары» факультетінің негізгі мақсаты – кәсіби,экономика, менеджмент, маркетинг мамандықтары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Кафедра барлық күш – жігерін студенттерді сапалы оқыту бағытына арнайды. Үнемі оқу үрдісін жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды қолданады.

Қазіргі заман талабына сай, кафедра студенттерді оқытуда интерактивті әдістеме бойынша интернет желісін кеңінен пайдалана отырып, мультимедиялық құрылғылар арқылы оқу үрдісін ұйымдастырады.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті оқытудың  кредиттік – модулдік жүйесіне ауысқан. Кредиттік – модулдік жүйе – Қазақстан Республикасындағы білім сферасындағы жаңа оқытудың бір түрі. Бұл оқыту түрі білім сапасын жақсартып, жоғары дәрежеге көтереді.

  Модулдік жүйе студенттердің бәсеке аумағындағы шексіздік пен таңдау мүмкіндіктерін арттырады. Ұйымдастырушылық –әдістемелік модулдер нақты мақсатты айқындап, оқытудың нақты бір мәліметтерді еркін алмасуына септігін тигізеді. Бұл жүйе дәстүрлі оқу жұмыстық бағдарламаларынан ерекшеленеді.

 Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Экономика және басқару ғылымдары» факультетін толық аяқтаған түлек бірнеше сфераларда: мемлекеттік ұйымдарда, коммерциялық ұйымдарда, өндірістік ұйымдарда  қызмет атқара алады.

Факультеттің дәстүрлі оқытуының көрінісі – мамандық бойынша жетік теориялық білімді қалыптастыру болып табылады. Студенттердің шығармашылық ойлауы мен талдамалық жұмыстарына баса назар аударылады. Оқытудың әдістері студенттердің қазіргі нарық талаптарына сай қалыптасуына ықпал етеді.

Оқу бағдарламаларының бірінші қадамын мына төрт бағытта қарастырады: университеттің жалпы білім беруін, экономика бойынша дайындауды қалыптастыру, кәсіптік мазмұнда экономикалық пәндерді нақты және тереңдетілген тұрғыда.

Экономика, Есеп және аудит, Маркетинг, Менеджмент бағыттары бойынша оқу жоспары студенттерге жалпы білім беруге мынадай курстар бойынша дайындалған: тарих, саясаттану мен құқық, география және аймақтық экономика, халықаралық экономика.

ХХI ғасырдың әлемдік экономикасы экономист мамандардан шетелдік ұйымдарда қызмет атқаруы үшін шет тілін жетік білуді талап етеді. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мамандарды шет тілдерінде оқытады.

Оқу бағдарламаларында шет тілдері бойынша курстар, ағылшын түрік тілдерінде оқыту қарастырылған.

Оқу жоспарында ерекше көңіл бөлінеді: экономикалық теория курстарына, микро – макро экономикаға. Экономикалық пәндерден  тереңдетіп оқытылады: кәсіпорын экономикасы, халықаралық экономика, корпоративті менеджмент, персоналдарды басқару, кәсіпкерлік, экономиканы мемлекеттік реттеу. Соңғы жылдары бірнеше маркетинг бойынша пәндерді оқыту енгізілген: бренд маркетинг, паблик рилейшн, бенч маркетинг.

Факультет ғылыми – зерттеу жобаларын тәжірибелік тұрғыда жетілдіреді. Студенттер конкурстар мен олимпиадаларға белсене қатысады. Конференциялар мен семинарларда студенттер білімдерін дәлелдеп, бірнеше экономикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеу жұмыстарын жариялайды.

Экономика саласы бойынша факультет студенттері оқытушылар жетекшілігімен ғылыми жұмыстар жасайды. Жыл сайын ғылыми жұмыстары басалымға шығып, баяндамаларымен халықаралық конференцияларға да қатысады.

Жыл сайын Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ұйымдастыратын конференцияларға студенттер мен магистранттар ғылыми баяндамаларымен шығып, экономика саласына байланысты өзекті мәселелерді талқылайды. 

Экономика және басқару ғылымдары факультетінің профессорлар – оқытушылар құрамы ғылыми – педагогикалық тұрғыдан тәжірибелі, кәсіби мамандар. Олардың кәсібилігі халықаралық стажировкалармен сертификаттармен бекітілген.

Экономика және басқару ғылымдары факультеті мамандықтары бәсекеге қабілетті: студенттерге сапалы білім беруде үлкен мүмкіндіктерді қолданады, аралық халықаралық мобилділікті жиі қолданады, шетелдік университеттермен бірге бағдарламалар жасайды, оқу үрдісін жаңа технология бойынша қалыптастырады.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мобилділік бойынша Турция Университеттерімен келісім шарт арқылы қызмет жасайды.

Экономика және басқару ғылымдары факультетінің студенттері Турцияның жетекші университеттерінде білім алады: Негде Университеті, Мехмед Акиф Ерсоя Университеті, Мугла университеті.

            Нигде университетінде біздің студенттеріміз білім алуда

  Наметов Ильдан – «Менеджмент» мамандығының 4 курс студенті, теннистен халықаралық турнирдің жүлдегері

 Экономика және басқару ғылымдары факультетінің профессорлар – оқытушылар құрамы  ғылыми – зерттеу жұмыстарын экономика саласында жетік қарастырады, ғылыми жобаларды Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің көлемінде ұйымдасқан жобалар бойынша даярлайды.

Ғылыми – зерттеу жобаларының бағыттары мынадай:

-Университеттің ғылыми – зерттеу жұмыстары,

- ҚР исламдық қаржыландыру,

- Кәсіпорынның еңбектік потенциялын зерттеу.

Экономика және басқару ғылымдары факультеті берілген жобалар бойынша теориялық және тәжірибелік көлемде жұмыстар атқаруда. Жобалар қазіргі еліміздің экономикасы бойынша бірнеше бағыттар мен тараптарды толығымен қарастыруда ғылыми зерттеуді экономикалық әдістермен жүргізеді.

Факультеттің маңызды міндеті – әлемдік стандарттарға сай білім беру болып табылады.

Факультеттің студенттері республикалық спорттық жарыстарға жиі қатысады, соңғы екі жылда студенттер: Наметов Ильдан, Бейсенбай Айбек, Окашев Алишер, Абдраков Алишер халықаралық, республикалық спорттық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, медальдармен марапатталып  келді.

Менеджмент мамандығының 4 курс студенті» Абраков Алишер  Регби бойынша республикалық жарыстардың жүлдегері

 

Экономика және басқару ғылымдары факультетінің студенттерінің шығармашылық әрекеттері университет тарапынан толық көмек ала алады, бірнеше үйірмелер жұмыс атқарады:  «Мәдениет және спорт», «Мирас», «Шет тілдер», «Қазақ – түрік достығы»

Үйірме мақсаты – студенттердің ғылыми, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру,  ортаға қалыптасудағы негізгі жәрдем көрсету, шығармашылық кезеңдерін дамыту.

 

 

ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

     Тарих және дінтану факультеті 2005 жылы құрылған.  Факультетте 5В011400 – «Тарих», 5В020200 – «Халықаралық қатынастар», 5В020600 – «Дінтану» мамандықтары бойынша  мамандар даярлайды.

 Абдыкалыков Улан Кадырбекович

«Тарих және дінтану» факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі.

Факультетке «Тарих және дінтану» кафедрасы қарайды.

5В011400 –«Тарих» мамандығын игерген түлектер:

- Қазақстан Республикасында археологиялық зерттеу жұмыстары, этнологиялық мұражайларда, тарихи ескерткіштерді қорғау мекемелерінде  кәсіби маман ретінде:

- мектептерде, гимназияларда, лицейлер мен колледждерде «Қазақстан тарихы», «Әлем тарихы» пәндері бойынша мұғалім болып қызмет етеді.

5В020200 – «Халықаралық қатынастар» мамандығын игерген түлектер:

- консулдықта, елшілікте,

- Сыртқы істер министрлігінде;

-калалық әкімшілікте;

- Қазақстан Халқы Ассамблеясында

- әр түрлі мемлекеттік басқару мекемелеріне

-трансұлттық корпорацияларда: референт, эксперт, аналитик,

консультант қызметтерін атқарады.

5В020600 – «Дінтану» мамандығын игерген түлектер:

-зерттеуші – дінтанушы, оқытушы,

- түрлі мемлекеттік мекемелерде, қалалық әкімдікте;

-Діни басқармада, дін істер агенттігінде;

- ҰҚК, ІІМ, әділет басқармасы және т.б. орындарда

 дінтанушы ретінде қызмет атқарады.

- Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда  тәуелсіз

эксперт ретінде;

«Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері

және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық

ұйымдардың қызметкерлері ретінде жұмыс істейді.

Факультет студенттердің бойындағы рухани-адамгершілік тәрбиенің, құқықтық білімнің, азаматтылықтың, отансүйгіштіктің және   қабілеттіліктерін дамыту басты мақсат болып табылады.

Тәлімгерлер сағаттары мен түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізуді қадағалау, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру,тәрбие жұмыстары бойынша жылдық есептерінің дайындалуын қадағалау, университеттің студент жастарының тәрбие деңгейінің мониторингін өткізу факультет пен кафедраның басты шараларының бірі.

«Тарих» мамандығы бойынша білікті, тәжірибелі ғалымдар дәріс береді. Олар: Ақтамбердиева З.С, Молдабаева, А.С, Абдыкалыков У.К, Шорманова А.К. және т.б.

«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша с.ғ.д., профессор Ж.Қ. Симтиков, т.ғ.к., доцент М.К. Сембинов, т.ғ.к., Г.А. Давлетова, аға оқытушы А.Каримсаков және т.б. теориялық және практикалық халықаралық қатынастар тарихы, геосаясат, халықаралық қатынастар қазіргі таңдағы жүйесі, дипломатиялық қатынастар және т.б аспектілер бойынша білім береді.

«Дінтану» мамандығы бойынша әлемдік деңгейде танымал, ислам дінінің үлкен маманы доктор, профессор Сабри Хизметли, ф.ғ.к., доцент Қ. Ахмедов, ф.ғ.д., профессор Г.К. Билялова, ф.ғ.к., доцент Г.Ж. Исатаева т.б. сабақ жүргізеді.

          Факультеттегі ғылыми жұмыстар:

Факультетте оқытушылардың ғылыми жұмыстары өз деңгейінде. Оқытушы-профессорлардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.

  1. Доктор, профессор Сабри Хизметли, «Орта ғасырлар тарихы және өркениеті» оқулық, Алматы 2015
  2. Доктор, профессор Сабри Хизметли, «Ислам мәзһаптері тарихы» оқулық, Алматы 2010
  3. Доктор, профессор Сабри Хизметли, «Ислам тарихы» оқулық, Алматы 2014
  4. Т.ғ.к., профессор Абдыкалыков У.К., «Іскерлік мәдениеті» оқулық, Алматы 2010
  5. Т.ғ.к.,профессор Абдыкалыков У.К., саяс.ғ.докторы Симтиков Ж.Қ., т.ғ.к., доцент Сембинов М.К. - «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал шығару жоспарда.
  6. Т.ғ.к.,профессор Абдыкалыков У.К.,т.ғ.к., аға оқытушы Жұматай Ғ. - «Қазіргі замандағы Халықаралық қатынастар тарихы» оқулығы жарық көрді.
  7. Т.ғ.к., профессор Абдыкалыков У.К., - «Дипломатиялық қызметінің негіздері», Алматы, 2016
  8. С.ғ.д,профессорСимтиков Ж.К., -Надежная опора состоявшего государства (Межнациональное согласие в Казахстане через призму деятельности Ассамблеи народов Казахстана) Монография. Алматы,: издательство «Ұлағат» КазНПУ им.Абая, 2015, 10 п.л.
  9. т.ғ.к., профессор Абдықалыков У.К., с.ғ.д., профессор Симтиков Ж.К., т.ғ.к., доцент Сембинов  «Евразийская идея в контексте Стратегии «Казахстан - 2050»» монографиясын шығару жоспарда.

     Факультетте оқытушылар ғылыми жобалар бойынша жұмыс жасайды.      2016-2017 оқу жылында «Тарих» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша «Ұлттық және рухани ғылымдарды дамыту, мәдени мирасты күшейтіп, жаңғырту жолдары» тақырыбымен (оқытушылар У.К. Абдыкалыков, Ж.К. Симтиков, М.К. Сембинов), «Дінтану» мамандығы бойынша «Діни ағымдардағы философияның және идеологияның қалыптасу ерекшеліктерін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тұрғысынан зерртеу контекстті ретіндегі Қазақстан Республикасының стратегиясы» тақырыбымен (оқытушылар, Г.Ж. Исатаева, Г.К. Билялова) жұмыс жасауда.


ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР МЫНА НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары
  2. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие
  3. Рухани-адамгершілік тәрбие
  4. Кәсіби-еңбек тәрбиесі
  5. Діни толеранттылықтың қалыптасуы
  6. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру
  7. Экологиялық тәрбие
  8. Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
  9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

 

 

Тарих және дінтану факультетінің негізгі стратегиялық бағыты - құзіретті және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда инновациялық технологияларды кеңінен қолдану, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен мәдениетті дамыту бағыттары жаңаша қолданыс тапқан білім беру қызметін ұсыну.

Оқу процесін жоспарлау, білім алуды ұйымдастыру, ұжымды басқару, студенттерді баулу, кеңес беру, әдістемелік және тәрбие жұмысы, білім беру саласындағы инновациялық жұмыс «5В011400 – Тарих», «5В020200 – Халықаралық қатынастар», «5В020600 – Дінтану» мамандықтарының кәсіби шығармашылығы болып есептелінеді.

Ғылыми-тәжрибиелік,  ұйымдастырушылық-басқару, әлеуметтік-педагогикалық, оқу-тәрбиелік, оқыту-техниқалық жұмыстары бойынша білім беру 5В011400 – «Тарих», 5В020200 – «Халықаралық қатынастар», 5В020600 – «Дінтану» мамандықтарының кәсіби құзіреттілігі аясына енеді.

 

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындарында бөлу туралы 2016 жылғы 13 сәуірдегі №268 бұйрығына сәйкес университетке екі орын бөлінді. Осы орындарға үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан  «Халықаралық қатынастар» мамандығының 4-курси студенті Кураев Ислам Бактияр-оглы ие болды. Ол Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, әрі жастар ісі жөніндегі бөлімді басқарады.

2017 жылдың наурыз, сәуір айларында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ұйымдастыруымен VІІІ Республикалық «Үздік лингвист-2017» зияткерлік олимпиадасы өткізілді. Осы сайыстың қорытындысы бойынша «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенті Бектібаева Талшын терең білім, ұтқыр ой, зияткерлік қабілетімен ІІІ орынға ие болды.

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР

       Дінтану мамандығының 4-курс студенті Тойлыбек Турекулиев «Нұр Отан» партиясының XIV ауыспалы кубогіне арналған Алматы қаласының іріктеу турниріне қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Алматы қаласы атынан Астанада өткен Нұр Отан партиясының XIV ауыспалы кубогіне арналған Республикалық турниріне жолдама алып, 11-12 қараша 2016 жылы қатысып жүлделі орынға ие болды.

      Кросс Дебаттық форматтың еліміздегі іріктеу турниріне қатысып, 1-орынды жеңіп алып, Тойлыбек Турекулиев Душанбе қаласында Орталық Азия аймақтық турниріне Қазақстан Республикасының өкілі ретінде қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын, араб тілдерін еркін меңгерген Т.Турекулиев орыс лигасының «Ең үздік Спикері»  атанды.

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 </st