Тест орталығы

"IT және ТО" директоры Мурат Ардабек

«Инновациялы Технологиялар және Тестілеу Орталығы»- университеттің техникалық базасын дамыту және бақылау тесттерін компьютер арқылы қабылдау мақсатында құрылған. Орталықтың негізгі мақсаты болып университеттің техникалық базасын заман талабына сай жетілдіріп отыру және тест тапсыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнде орталық соңғы үлгідегі ақпараттық серверлермен жабдықталған. Университет көлемінде барлық компьютерлердің өзара байланысын, әр компьютердегі сақталған құжаттардың қауіпсіздігін  қамтамасыз етіп отыр.

Орталық студенттердің білімін жетілдіру мақсатында тест тапсырмасын ешкімнің көмегінсіз, таза түрде тапсыруын қадағалайды. Тест тапсыру: әр студенттің өзіне берілген жеке коды және тапсыратын сабақ кодын енгізу арқылы компьютермен жүзеге асырылады.