Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 8 наурыз әйелдер-аналар мерекесін үлкен іс-шарамен атап өтті

       Университетіміз жыл сайын дәстүрлі түрде, еліміздің басқа да ресми мерекелері секілді, 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесін мәдени-әлеуметтік, ғылыми іс-шаралармен атап өтті. Университет ректоры, доктор профессор, ҚРҰА академигі Сабри Хизметли мырзаның бұйрығымен ғылыми конференция, мерекелік концерттік бағдарлама, көрме және университет әйел қызметкерлері мен оқытушыларына арналған түскі ас, дастарханы ұйымдастырылды.

ҚР Президентінің 2017 жылғы Халыққа жолдауын жүзеге асыру негізенде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: XXI ғасырда әйел және қоғамдық өмірдегі орны» атты халықаралық-тәжрибелік конференцияда баяндамашылар қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын және араб тілдерінде баяндама жасады. Конференцияда жасалған баяндамалар әлем халықтарында әйел рөлі мен Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы әйелдердің орны салыстырмалы түрде бағаланды. Баяндамашылар әйелдердің отбасында, қоғамда, саясатта, өнерде, мәдениетте, білім жүйесінде т.с.с. әр алаңдағы орнын анықтап қазақстанның гендерлік саясатын атап өтті.

Атап айтар болсақ университет ректоры «Тарихта және қазіргі күнде әйел заты» тақырыбында қазақ қоғамында, жалпы түркі әлемінде әйел және қоғамдағы рөлі туралы тарихи хроникалық баяндама жасады. Университет проректоры Е.А.Қуанышбаев «Әжелер мектебі немесе бала тәрбиесінде аналардың рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада қазақ халқында әжелер, аналар мектебі және ер азаматтардың жетістікке жетулерінде әйелдердің, өмірлік жарларының орнын көрсетті. Юксел Харун, «Түркі әлемінде Ислам дәуірі және одан  бұрынғы кезеңде қоғамдағы әйелдердің орны» тақрыбында түрік тілінде жасаған баяндамасында түркі әлемінде ислам дәуірі және одан бұрынғы кезеңде қоғамдағы әйелдің рөлі турал мәлімдеді. Сол секілді Тоқтарбек Сағынай қытай тілінде қытай қоғамында әйелдердің рөлі туралы баяндаса, Чакмка Ердоған еуропада әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы маңызын ағылшын тілінде баян етті. С.К.Сапарғалиев болса қазақ халқының әр салада танымал аналары мен батыр аналары туралы орыс тілінде баяндама жасады. Ж.Ж. Алданазаров Ислам дінінде әйел-ана рөлі мен исламда анаға-әйел баласына деген құрмет жөнінде баяндама жасады.

Университет ректоры конференцияның қорытынды сөзінде баяндамашыларға алғыс айта отырып, қазақ қоғамында әйел орны мен әлем халықтарында әйелдердің рөлі салыстырмалы әрі синхрониялық-диахрониялық тұрғыдан сипатталған мәнді де мағыналы бір ғылыми іс-шара болғанын атап өтты.

Конференция соңында университет ректоры, нәзік жанды әріптестерімізбен студент жастарды материялды және алғыс хатпен марапаттады.

Конференция мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаз студент жастарымыз бен оқытушы профессор құрамының бірлесе жүргізген мерекелік концерттік бағдарлама «Аналар асыл жандар» тақрыбында ән салып, би билеп, лирикалық поэзиямен жалғасты.

Мерекелік іс-шара университет ректорының әйелдерге арнаған түскі ас дастархан мәзірімен жалғасты.

Университет ұжымы әйелдер қауымы, әйелдер мерекесінде басшылық тарапынан көрсетілген сый-сиапат пен құрметке алғыс айтып тарасты.

8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні мерекелеріңіз құтты болсын!