ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК: КӨП ҰЛТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨП МӘДЕНИЕТТІЛІК

Қазақстан мен Түркияның алтын көпірі секілді екі бауыр елдің мәдени-әлеуметтік, ғылыми қарым-қатынасына аянбай еңбек етіп келе жатқан университетіміз ректорымыз доктор профессор, ҰҒА академигі Сабри Хизметли мырзаның басқаруымен 2005 жылынан бері ҚР білім саласында қызмет етіп келеді.

Университетімізде түркі дүниесінен және жақын-қашық шет етлдерден, 11 елден, шетелдік студенттер оқиды. Осы оқу жылында 8 шетелдік оқытушы қызмет етуде.

Елбасы жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: көп ұлттылық және көп мәдениеттілік» атты дөңгелек үстел көп ұлтты университетімізде жүзеге асырылды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан халықтары Ассамблеясы мүшесі т.ғ.д. проф. Г.В.Кан «Қазақстан қоғам санасын жаңғыртудың актуалдық мәселелері» атты баяндамасымен қатысты. Сонымен қатар университет ректоры, доктор профессор С.Хизметли, университет ғалымдары с.ғ.д. доц. Ж.Қ.Симтиков, т.ғ.к.,, доц. М.К.Сембинов, с.ғ.д. Г.К.Билалова баяндма жасады.

Ұлттық сана, көп ұлттылық және ел экономикасының дамыуында ұлттық сананың өзгеруі мен бәсекеге қабілетті маман дайындау мәселесінде қызықты да тартысты өткен дөңгелек үстелге университетің оқытушы профессор құрамы мен студенттарі қызу атсалысты.

Осы тұрғыда, елбасы жолдауының қаншалықты өзекті екендігі мен қоғамдық сананы ұлттық қағидалар негізінде дамытып, жаһандық басекеге қабылетті қоғам дайындауда жоғарғы оқу орындарының маңыздылығына тоқталды.

Көп ұлтты Қазақстанда әр түрлі мәдениеттің ықпалы мен сентезі нәтижесінде Қазақстандық потриетизмді ұстана отырып ел экономикасын дамытуда өз үлесін қосу әр бір Қазақстандық азаматтың міндеті.

Дөңгелек үстел тартымды әрі ғылыми ортада тартысты өтті. Студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына ғалымдар ҚР заңнамалары негезенде дәйекті жауаптар айтып қанағаттандыруға тырысты.