Шет тілдер кафедрасы

Жалпы ақпарат

Шет тілдер кафедрасы бойынша ақпарат

 

Шет тілдер кафедрасының даму тарихы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің құрылу тарихымен байланысты. Шет тілдер кафедрасы 2004 жылдың қыркүйек айында  Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Шет тілдер факультетінде құрылды.

Кафедра екі мамандық бойынша күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтықтан оқыту түрінде мамандар дайындайды:

5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»;

5В020700 –«Аударма ісі».

Кафедрада магистратура мамандарын дайындайды:

6М011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»;

6М020700 –«Аударма ісі».

Кафедра фундаменталды, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік зерттеулер, білім беру ұйымдарына ақпараттық, кеңес беру қызметтерін көрсетеді, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды жетілдіріп, ендірумен айналысады.

Кафедраның мақсаты:  Шет тілі мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарды  көптілділік және полимәдени тиімді алдағы кәсіби қызметі аясында кәсіби бағдарланған шетел құзыреттіліктерін интегралды әлеуметтік-кәсіби құзыреттілік құрамында қалыптастыру және дамыту.

Кафедраның міндеттері:

1)      Шет тілдері мамандарын құзыреттілік ыңғай және көптілділік жағдайында кәсіби құзыреттілікті толық игерген шетел білім беру аясында еңбек ету іскерлігіне дайындау.

2)      ПОҚ ғылыми қызметінің белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту,  студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын  дамыту.

3)    Студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеушілік қызметке тарту.

Кафедра қызметі мәлімделген миссия, мақсаттар мен институттың стратегиялық даму міндеттерінің орындалуына бағыттала ұйымдастырылады.

Кафедраның стратегиялық мақсаты – Қазақстандағы білім беру үдерісін көптілділік шегінде қамтамасыз етуде білікті шетел тілі аясында мамандарды дайындауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру.

«Шет тілдер» кафедрасының даму стратегиялық мақсаты оның миссиясы мен негізгі тұжырымдамалық даму ережелеріне шартталған.

Кафедра миссиясы: шет тілдерібойынша терең теориялық және тәжірибелік шетелдік құзыреттіліктеріне ие, білім беру саласында жоғары кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

  Кафедраның кадрлық құрамы ҚР заңы мен жоғары оқу орнының уақытша лауазымдық ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін байқау ережелеріне сәйкес жинақталған.Кафедра бойынша - 3 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 21 – аға оқытушы және оқытушылар қызмет етеді. Кафедра оқытушылары шет тілдерінде дәріс, семинар және  практикалық сабақтар жүргізеді.

Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі: ф.ғ.к., доцент Бекқожанова Г.Қ.

Шет тілдер кафедрасының ПО  құрамы:

  1. Амирова А.С., доктор, профессор
  2. Аймагамбетова М.М., аға оқытушы
  3. Абильчанова Ж., оқытушы, магистр
  4. Алякринский Д., оқытушы
  5. Абдуллаева Г.О., п.ғ.к., доцент
  6. Жалалова А.М., аға оқытушы
  7. Беккожанова Г.К., ф.ғ.к., доцент
  8. Бекмуратова А.Е., аға оқытушы
  9. Алипова А.Т., аға оқытушы
  10. Дабылтаева Р.Е., факультет деканы, п.ғ.к., доцент
  11. Головчун А.А., п.ғ.к., профессор
  12. Зеядаулы Б., ф.ғ.к., доцент
  13. Керим Джелеп, оқытушы
  14.  Койтасова Г.А., аға оқытушы
  15.  Куратова О.А., п.ғ.к., профессор
  16.  Керімбеков Т., магистр оқытушы
  17.  Мамедова Ф.З., ф.ғ.к., профессор
  18.  Игибаева А. У., оқытушы, магистр
  19.  Ошанова Ш.Ж., лаборант
  20.  Попова С.В., ф.ғ.к., аға оқытушы
  21. Пак А.О., ф.ғ.к., доцент
  22. Рахым Г. Ж.., оқытушы
  23. Соломыкина К. В., аға оқытушы
  24. Тохтахунова М.К., аға оқытушы, магистр
  25. Тоқтарбек С., аға оқытушы, магистр
  26. Таженова А. C.,аға оқытушы, магистр
  27. Турысбекова М. Е., оқытушы
  28. Усенбаев М.К., аға оқытушы
  29. Халел А., оқытушы, магистр
  30. Хамраева Ш.А., аға оқытушы
  31. Шаяхметова Д.Б., п.ғ.к., профессор
  32. Ярмухамедова К.Г., аға оқытушы
  33. Дулаева Э.З., ф.ғ.к., аға оқытушы
  34. Абдрахманова  К.Х., ф.ғ.к., доцент
  35. Али Шабан, доктор, профессор

Оқытушылар мемлекеттік марапаттауларға, ҚР білім беру саласына қосқан үлестері үшін құрмет атағына, құрмет мадақтамаларына ие болған. Олар:

2014 жылы – «Үздік ЖОО оқытушысы» мемлекеттік грант иегері – 1 оқытушы.

2013 жылы – Жас педагогтер арасындағы Республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін (Талдықорған қаласы) «ХХІ ғасыр педагогі» дипломымен марапаталған – 1 оқытушы.

ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен өткен «Үздік жыл әдіскері» байқауының Құрмет грамотасымен марапатталған ( Алматы қаласы, Өрлеу 23 қазан, 2014) – 1 оқытушы.

ҚР БжҒМ ЖОО оқытушыларына арналған «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауына қатысқаны үшін берілген сертификат иегері  (23 қазан, 2014 ж.) – 1 оқытушы.

2012 жылы ҚР БжҒМ аттестациялаудағы республикалық кешенді тестілеуге студенттерді дайындауда белсенді қатысқаны үшін Құрмет граммотасымен марапаталған – 1 оқытушы.

2010 жылы – Университеттің 5-жылдығына орай ҚР БжҒМ құрмет граммотасымен марапаталған – 2 оқытушы.

Мақсатқа жету жолдары мен құралдары 2015-2018 жылдарға арналған кафедраның Стратегиялық жоспарының  индикаторлары арқылы айқындалады.

Шет тілдері кафедрасы құрылған сәтінен бастап, қазіргі уақытқа дейін кафедра әлемдік білім беру кеңістігінде оқыту сапасы түлектердің бәсекеге қабілетті маңызды факторларын үнемі интеграциялануға ұмтылыс пен қабілеттіліктерін дәлелдеп келеді.