Тарих,дінтану және халықарылық қатынастар кафедрасы

Оқытушылар

Абдыкалыков Улан Кадырбекович

 тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

1953 жылы 17-сәуірде Алматы облысы Шелек селосында дүниеге келген. 1972 жылы Ұ.Бағаев атындағы Алғабас орта мектебін «Алтын медальға» бітірген.

1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітірді.

1978-1993 жж. Жезқазған педагогикалық институтында аға оқытушы болып қызмет етті.

2000-2005 жж. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында кафедра меңгерушісі, проректор қызметін атқарды.

2005-2007 жж. «Дарын»   колледжінде директор болды.

2007 ж. кандидаттық диссертациясын қорғап, тарихғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды

2008-2010 жылдары Д.Қонаев атындағы университеттің Талғар қаласындағы колледж директоры қызметін атқарды.

2010-2014 жылдары Орталық-Азия Университеті әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде директор болды.

2014 ж. қыркүйек айынан Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде декан болып қызмет етеді.

«Іскерлік мәдениеті» оқулығы және бірнеше  оқу, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалардың авторы. Қазақ телевидениесінде «Ақжүніс», «Құлтөбе», «Айтуға оңай», «Тура жол», т.б. хабарларға қатысып, өзінің қоғамдық-саяси көзқарастарын білдірген.

Марапаттары – «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» ұйымының «Білім көшбасшысы» медалімен марапатталған. 

 

ИСАТАЕВА ГҮЛНАРА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ философия ғылымдарының кандидаты, доцент

 «Тарих, дінтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі

         11.06.1970 ж. Қарағанды о бласы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қ. № 51орта мектепбін  бітірген.

1988-1993 жж. -  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Үниверситетін тарихшы мамандығы бойынша тамамдады. Саяси тарих және әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы.

Еңбек өтелімі:

1993-2008 жж. -  Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, аға оқытушы.

2008-2009 жж - Шет Тілдер және Іскерлік Каръера Университетінің « Тарих және дінтану» факультетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі;

2009 ж.-2015 ж.  Іскерлік Карьера Университетінің «Тарих және дінтану» кафедрасының доценті.

2016 ж.- бүгінгі күнге дейін «Тарих, дінтану жіне халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі.

2006 жылдың қаңтар айында «Н.Я.Данилевский мен О.Шпенглердің тарих философиясы: салыстырмалы талдау»  (09.00.03 – Философия тарихы) тақырыбы бойынша ҚР ҰҒА Философия және саясаттану институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшісі- философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрнмұратов С.Е.. 

20- аса ғылыми мақаланың авторы.

3 оқулықтын соавторы: "Мәдениеттану" "Философия тарихы" (2010 ж.),  "Философия негіздері" (2014 ж.). 

Сонымен қатар бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, өзінің ғылыми тақырыбы бойынша баяндамалар жасаған, республикалық шетелдік басылымдарда  мақалалар жарияланған.

2010 жылдың мамыр айында ҚР ҒБМ ҚР білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

                                           

Қонар Сағынкүл Құрманқұлқызы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты

02.11.1960ж. дүниеге келді.

1984 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазМУ) философия-экономика факультетін (ФЭФ) бітірген.  Мамандығы - "Философ. Философия оқытушы".

            Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл педагогикалық интитутында бастады.

1989 жылдан бастап С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетінде аға оқытушы.

1992-1995 жж. - М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасы.

2000 ж. кандидаттық диссертациясын «Проблема смерти и бессмертия в мировоззрении казахов» деген тақырыпта қорғап, философия ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды /09.00.13 – дінтану,философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы/ .

 2001 ж. бастап 2007 ж дейін -  Нұр-Мұбарак атындағы Египет ислам университетінде  оқытушы болып істеді.

2007-2009 жж. - Шет тілдер және іскерлік карьера унверситетін аға оқытушы.

 2009-2013 жж. -   Шет тілдер және іскерлік карьера унверситетінде «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі болып   қызмет атқарды.

2011 ж. Жоғарғы аттестациялық коммиссиясының шешімімен доцент атағы, 2011 жылдан бастап ШТжІКУ профессор атағы берілді.

2011 ж. «Діндер тарихы» пәнінен оқу құралы жарық қөрді. Сонымен қатар бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, өзінің ғылыми тақырыбы бойынша баяндамалар жасаған, республикалық шетелдік басылымдарда  мақалалар жарияланған.

 2012 жылы Туркияның  Мугла университетінде тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-сапарда болды.

2013жылы Халықаралық «Мевлана» программасы бойынша  Туркияның Кастомону қаласындағы мемлекеттік университетінде жұмыс істеді.

2014жылы Туркияның Сакария қаласындағы мемлекеттік университетте қызмет атқарып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

 

АБЖАЛОВ СУЛТАНМУРАТ УТЕШОВИЧ

Абжалов Султанмурат Утешович 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ,  білімі жоғары, философия ғылымдарының кандидаты. 

1998 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тарих-философия факультетінің «Дінтану» бөліміне оқуға түсіп, оны 2002 жылы үздік бітірген.

2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура бөліміне түсіп, 2005 жылы үздік дипломмен тәмамдайды.

2005-2006 жылдар арасында С.У. Абжалов аталған факультеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің күндізгі бөлім аспирантурасына түсіп,  2008 жылы 09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша «Ханафи мазһабының діни-философиялық негіздері» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2009 жылы ғылым философиясы және дінтану кафедрасында оқытушы,  2010 жылы аға оқытушы,  2011 жылы доцент қызметін атқарды. 2011-2012 жж., 2014 жылдар аралығында философия және саясаттану факультеті деканының оқу әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті қызметін атқаруда. Сонымен қатар Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Тарих және дінтану кафедрасында қосымша аға оқытушылық қызметін қоса атқарады.

ҚР БҒМ-нің оқу әдебиеттерін дайындау, шығару және сатып алу жөніндегі ашық конкурсының қорытындылары бойынша жарық көрген 2 оқу құралы, 30-дан астам ғылыми мақалалардың және 4 оқу құралының (қосавторлықта) авторы. Ғылыми-педагогикалық еңбек жолы – 7 жыл.

Негізгі оқитын пәндері: Исламдағы секталар мен бағыттар, Ислам теологиясы, Діндер тарихы, Дін социологиясы.

Білетін тілдері: араб, түрік

 

 

Алданазаров Жанибек Жалгасбаевич, магистр, оқытушы

17.08.1986 ж  Алматы облысы Іле ауданы  Ақши ауылында дуниеге келді.

2005-2009 жж–Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университет, исламтану мамандығы№

2011-2013 жж- Шет тілдер және іскерлик карьера университетінің магистратурасы, Дінтану мамандығы. Осы білім ордасында магистр академиялық дәрежесі берілді. 

Негізгі оқитын пәндері: Фықыһ, Герменевтика, Көне  араб тілі

Білетін тілдері: араб  

 

Ахмедов Кыдыр Рахимұлы,

 философия ғылымдарының кандидаты,

доцент

1978 ж. 14 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1993ж. Шымкент қаласының Жұлдыз ауылының № 78 орта мектепті бітірген.

1995ж. -Шымкент қаласының № 3 кәсіптік техникалық училищені бітіріп шыққан.

2001 ж. -Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ дінтану мамандығы бойынша бітірген. 

2001-2003ж.- Есік қаласында Қазақ- Түрік жасөспірімлер лицейінде араб тілі мұғалімі қызметін атқарған.

2001-2005 ж. - Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ -дегі  Философия және Әлеуметтік ғылымдар кафедрасында аспирант болған.

2007 ж. - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің философия  және ғылымдар әдістемесі кафедрасының жанындағы диссертациялық кеңесінде 09.00.13 – дінтану,философиялық антропология, мәдениет философиясы мамандығы бойынша  «Мұсылмандық ахлақтың мәдени-әлеуметтік мәні» атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны  қорғады.

2008 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін  Шет Тілдер және Іскерлік Каръера Университеті дінтану кафедрасында доцент  қызмет істеуде.

2012 ж. Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университетінде академиялық  доцент атағы берілген.

2011 ж. «Мораль және дін» пәнінен оқу құралын жазған. Сонымен қатар бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, өзінің ғылыми тақырыбы бойынша баяндамалар жасаған, республикалық шетелдік басылымдарда  мақалалар жарияланған.

Білетін тілдері: араб

 

Байбугунов Бейбіт Асанбекұлы, магистр, аға оқытушы

                1984 жылы  9-мамырда Жаңақорған ауданында дүниеге  келген.  2001  жылы  Түркістан  қаласында  № 6 М.Маметова атындағы қазақ орта мектебін бітіріп шықты.

2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Археология және этнология» бакалавр мамандығын бітіріп шықты.

2008 жылы  Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтында  инженерлік қызметін атқарған.

         2010 жылы Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтында  кіші ғылыми қызметкердің қызметіне ауыстырылды.

2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Археология және этнология» магистр дәрежесін алды. Мемлекеттік біліктілік коммиссиясының шешімі бойынша  оған  "Археолог-этнолог" маманы деген біліктілік берілді.

         2011  ж. бастап Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің " "Тарих және халықаралық қатынастар" кафедрасында оқытушы болып қызмет істеген.

         2012 жылы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің "Тарих және халықаралық қатынастар" кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археологиялық орталығының аға ғылыми қызметкері.

Бірнеше халықаралық және республикалық ғылыми экспедицияларға қатысып, өзінің ғылыми тақырыбы бойынша баяндамалар жасаған, сонымен қатар республикалық шетелдік басылымдарда  мақалалар жарияланған.

2008-2009 жж. аралығында   мемлекеттің "Мәдени Мұра" бағадарламасы бойынша ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн)  археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Уымдастырушы – Ә.Х.Марғұлан атындағы археология Институты.

2010-2011 жж. аралығында Ортағасырлық  Түйкмекент қаласы археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты.  Уымдастырушы - жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

2011-2012 жж. аралығында ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысты. Уымдастырушы - жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.

Ермекбаев Әділбек Алпысбайұлы 1982 жылы 11 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Қоңырат қаласында дүниеге келген. 1999-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих факультетінде «Жалпы тарих» мамандығы бойынша білім алған. 2004 жылдан бері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, «Халықаралық қатынастар» каедрасында жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары ХҚФ деканының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары қызметін атқарды. 2006-2009 жылдары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Жастар істері жөніндегі комитет төрағасы. 2010-2012 жылдары ХҚФ деканының оқу жұмыстары бойынша орынбасары қызметін атқарды. 2014-2015 оқу жылынан бастап Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша аға оқытушы болып қызмет істейді.

30-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми зерттеу салалары: тарих, халықаралық қатынастар тарихы, діннің саясилану мәселесі, мемлекет пен дін арасындағы қатынастар. Қазақстан, Қырғызстан, Болгария және Түркияның ғылыми-зерттеу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Тарих магистрі. 2004 жылдан бері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Кәсіподақ мүшесі.

 

Жайлғанова Айнагүл Абикенқызы аға оқытушы, магистр

 1964 жылы 16 мамырда Қызылорда қаласы Арал қаласында дүниеге келді.

1981 жылы Тәджікістан мемлекетіндегі Ленинабад облысында орта білімді мектепті тамамдаған.

1983-1987 жылдар  арасында сол Ленинабадта ЛГПИ Киров атындағы институтта шет тілдер факультетін бітіріп ағылшын тілі мұғалімінің мамандығын алады.

1983-1987 жылдары Ленинабад қаласында  3-ші секретарь  ( хатшы) қызметін атқарған.

1990-1995 жылдары ҚР Қызылорда қаласында № 48, кейін 173-те мектепте ағылшын тілінің мұғалімі болып жүмыс істеген.

2004-2007 жылдары  Алматыда сол кездегі « Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» атындағы университетте дінтанушы мамандығын бітірді.

2007-2009 жылдары Әл-Фараби атындағы Қ.Ұуниверситетінде философия және политология факультетінде магистрлық диссертациясын қорғаған.

2009 жылдан бастап Шет тілдер және іскерлік карьера атындағы университетінде  « Тарих және Дінтану» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

2010 жылы сол университетте осы уақытқа дейін болған ғылыми конференцияларға қатысып белсене атсалысады. 20 –дан астам ғылыми еңбектердің авторы, 2 оқулығы жарық көрген. Негізінде өзінің ғылыми жұмыстарын қарастырып отырған мәселесі рухани моральдық тәрбиеге бағытталған.

Жайлғанова А. А қазақ, орыс, ағылшын, парыс тілдерін жетік игерген.

 

Жұматай Ғабит Бекенұлы тарих ғылымдарының кандидаты (PhD), аға оқытушы

Жұматай Ғабит Бекенұлы 1981 жылы 18 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.

1999-2004 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тарих факультетінде бакалавр бойынша білім алған.

2004 жылы оған Жалпы тарих бойынша «Шет тілінде тарихты оқытуға құқы бар оқытушы» деген біліктілік берілді.

2004-2007 жж. – аспирантура «07.00.03. - Жалпы тарих» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих факультеті.

2008 жылы 28 қарашасында «Францияның Тропикалық Африка мен Мадагаскарға қатысты саясаты (1945-1965 жылдар)» тақырыбында «07.00.03. - Жалпы тарих» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәржесін алу үшін кандидаттық диссертацияны сәтті қорғады.

2013 жылы  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «Болашақ» бағдарламасы «Жалпы тарих» мамандығы бойынша мемлекеттік грантты ұтып алу арқылы, 2014-2015 жылдарда Америка Құрама Штаттарының екі ірі университетінде: 1) Пенсильвания Университетінде (Филадельфия қаласы); 2) Колумбия Университетінде (Нью-Йорк қаласы) ғылыми тағылымдамадан өтіп, «Постбиполярлы әлемдегі АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясатының трансформациясы» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді.

Қазіргі кезеңде  Шет тілдер және Іскерлік Карьера Университеті, «Тарих, дінтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады және «Қазақстан тарихы», «Әлеуметтану», «Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесі», «Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы», «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» секілді пәндер бойынша ағылшын тілінде дәрістер оқып, семинар жүргізеді.

Қазір негізінен Орталық Азия аймағы, Посткеңестік кеңістік, Таяу және Орта Шығыс, сондай-ақ Солтүстік Америка өңірлеріндегі іргелі мәселелерді зерттеумен айналысады.

2004 жылдан бері оқытушылық және ғылыми қызметі барысында ол Қазақстан мен шетелдердегі ғылыми журналдар мен басылымдарда 50-ден астам ғылыми мақала мен баяндама жариялаған.

Бұған қоса  бірқатар мемлекеттерде, соның ішінде АҚШ, Армения және Үндістан секілді елдерде ғылыми іс-сапармен болып, ғылыми конференцияларда баяндама жасаған.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің мақұлдап, ұсынуымен жарық көрген халықаралық қатынастар тарихы, дипломатия, халықаралық қатынастар теориясы, әлемдік саясат және ғаламдық үрдістер секілді іргелі мәселелер бойынша үш оқу құралының авторы:

 1) «Дипломатиялық және консулдық қызмет (2013)»;

 2) «Халықаралық қатынастар теориясы (2013)»;

3)«Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар тарихы (2015)».

 

Изтаева Венера Амангелдіқызы саяси ғылымдарының кандидаты

         Изтаева Венера Амангелдіқызы 1970 жылы 23 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген.

         Венера Амангелдіқызы Изтаева 1987 жылы (Орал облысы, Жаңақала ауданы, Красногор орта мектебін оқудағы үздік жетістіктері мен үлгілі мінез-құлқы үшін медальмен марапатталған.

1987-1992 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің “философия және экономика” факультеті, "Философ. Философ оқытушы" мамандығын иеленген

1996 жылы – аспирантура, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика институті.

 2007 жылы 23.00.02.  ҚР Ғылым Академиясының академигі философия ғылымдарының докторы, профессор Ә.Н.Нысанбаевтың жетекшілігімен «Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар» мамандығы бойынша «Қазақ қоғамын топтастырудағы саяси лидерлердің ролі. (Абылай хан және Н.Ә. Назарбаевтың саяси қызметтерін салыстырмалы талдау)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2007 жылдан 2013 жылға дейін бастап Венера Амангелдіқызы Изтаева Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің халықаралық қатынастар кафедрасында 2013 жылдан бастап Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасында доцент қызметін жасап келеді.

         В.А. Изтаеваның бүгінгі таңда 40-дан астам ғылыми еңбектері жарық көрген: «Саяси пиар және саяси технология», «Саяси менеджмент», «Актуальные  проблемы международных отношений и регионоведения», «Қытайдың Африкадағы саяси мүддесі» Халықаралық қатынастарды талдау әдістері атты оқу-әдістемелік құралдары «Қазақ қоғамын топтастырудағы саяси лидерлердің ролі.(Абылай хан және Н.Ә.Назарбаевтың саяси қызметтерін салыстырмалы талдау)» атты монографиясы жарық көрді.

Негізгі оқитын пәндері:  «Саялыстырмалы саясаттану», «

Салыстырмалы транзитология», «\халықаралық қатынастарды талдау негізі», «Халықаралық қатынастарды зерттеу әдістері», «ҚР шекарасының қалыптасуы», «Саяси менеджмент» пәндерінен бакалавриатқа, «Мемлекетаралық қатынастардың саяси модернизациясы», «Әлемдік саясат және саяси менеджмент» пәндерінен магистратураға, «Әлемдік институт және қазіргі халықаралық тәуекелді басқару», «ОА жаңа геосаяси жағдай және ҚР қауіпсіздік мүддесі», «АҚШ ның сыртқы саясатының жаңа басымдылықтары», «Қауіпсіздіктің аймақтық және ауқымды мәселелері» пәндерінен докторантураға   лекция және семинардан  дәріс оқыды, оқу-әдістемелік кешен, тестілер жинағының авторы болып табылады. Лекция және семинар сабақтары жоғары теориялық және әдістемелік негізде жүргізіледі. В.А. Изтаева өзін жұмыс барысында ғылыми, шығармашылық және практика тұрғысынан сауатты, білікті маман ретінде танытып келеді.        2012 жылы 21-25 қараша аралығында Мәскеу қаласында өткен Бүкіл Дүниежүзілік Саясаттанушылардың Әлемдік Конгресіне қатысушысы.

Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі жанындағы Тестілеу орталығында философия пәнінен тест тапсырмаларына сараптамашы болып қызмет көрсетті.

БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандағы Адам дамуы тақырыбен өткен халықаралық семинарына қатысушысы.

“Президент аудиториясы” «Айтуға оңай» деген тақырыппен өтіп жүрген теледидар бағдарламаларында сраптамашы болдым. Халықаралық-практикалық конференция, семинарлар мен дөңгелек стөлдерге белсене атсалысты.

 

 

 

ҚҰСАЙЫНОВА ҚАТИПА ТЕМІРЛАНҚЫЗЫ тарих ғылымдарының кандидаты аға оқытушы

25 қараша 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Шона Смаханұлы атындағы № 62 мектеп-гимназияны (Алматы қаласы) бітірді.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, шығыстану факультеті, арабтану кафедрасын үздік бітірді. Мамандығы: елтанушы-халықаралық қатынастар маманы, аудармашы-референт, «Азия және Африка елдерінің тарихы» пәнің оқытушысы.

2005-2008 жж. Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті тұсындағы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аспирантурасында (күндізгі) оқыды. Мамандық шифрі – «07.00.03 – Жалпы тарих (шығыс елдері)».

2010 жылы «Орталық Азиядағы мұсылман қозғалыстары мен ұйымдарының қызметі (1991-2008 жж.)» атты диссертация қорғалды. Ғылыми жетекші болып институт директорының орынбасары т.ғ.д., профессор Муминов А.К.бекітілді.

Кәсіби оқытушылық қызметі 2006 жылдан басталды. 2006 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдеріУниверситетінде, «Әлем мәдениеттері және өркениеттері» кафедрасында араб тілі оқытушысы қызметін атқарды.

2009-2011 жылдар аралығында Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясыныңәлеуметтік-гуманитарал пәндер факультетінде оқытушы қызметін атқарды. «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарына базалыө және таңдау компоненті бойынша пәндерден сабақ берді.

2011 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының ғылым бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында Алматы гуманитарлық-техникалық университетінде ғылым және халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2013-2014 оқу жылында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «Қазақстан тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазіргі таңда Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Тарих, дінтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының  т.ғ.к., аға оқытушысы.

Университет Ғылыми кеңес хатшы.                                                       

 

 

 

Молдабаева Макен Мухамеджанқызы, тарих ғылымдарының кандидаты,

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің профессоры

1940 жылы 19 ақпанда Семей облысы, Шар стансиясында дүниеге келді.

1962-1966 жж. – Абай атындағы педагогикалық институтын тарих факультеті.

1984-1989 жж. - Ш.Уәлихановатындағы тарих  және этнография институтынын аспирантура.

1990 ж. -  «Женщины в легкой промышленности города Алматы» тақырыптағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

1995 ж. Жоғарғы аттестациялық коммиссиясының шешімімен доцент атағы, 2011 жылдан бастап ШТжІКУ профессор атағы берілді.

2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Шет тілдері және карьера университетінің «Тарих, дінтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының профессор қызметін атқарады. 

60 шақты мақаланың, 10 кітаптің авторы.  Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференциларға қатысып баяндама жасады.

                                   

Сембинов  Мұрат  Каскенұлы  тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2015 оқу жылынан бастап Шет тілдер және іскерлік карьера университінде жұмыс істейді.

       Жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық өтілі: 30 жыл

     100 ден астам ғылыми мақалар авторы. Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференциларға қатысып баяндама жасады.

9 оқу әдістемелік құралдар авторы: «Дипломатия тарихы», «Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері», «Саясаттану негіздері», т.б.

Ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: «Жаңа заманғы Отан тарихы», «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», «Халықаралық қатынастар тарихы».

         Бес халықаралық және республикалық ғылыми жобаларды жасауға қатысқан: «Проблемы  образования в Странах  Центральной Азии»,« Деятельность   политической эмиграции  из Туркестана в Европе 20-30 годы», проекта АИРО-ХХI в и Фонда Карнеги.

 «Халықаралық қатынастар тарихы» бойынша оқу бағдарламасы, «Дүниежүзі тарихы» (жаңа заман) 10 сыныпқа арналған оқулық авторлар ұжымының мұшесі (2016 ж.).

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Білетін тілдері: неміс   

                                                  

Симтиков Жомарт Кудайбергенұлы саяси ғылымдарының докторы

10.03.1967 ж.  Алматы облысыда дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітірген (1987-1992 жж). Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 22 жылдан жоғары.

1996 ж. -   «Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық – саяси және мемлекеттік қызметі (Түркістан кезеңі 1894-1924 ж.ж.)» тақырыптағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

2006 ж. - «Қазақстан Республикасында жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуының ерекшеліктері» тақырыптағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

        150 ден астам ғылыми статьялардың авторы.  Іргелі 3 ғылыми зерттеудің авторы және 6 монографияны ұжыммен бірге жазған. Өзінің көптеген ғылыми зерттеулерімен жарияланымдарында ұлтаралық келісім саясатының проблемалары мен тәуелсіз Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының мәселелері қарастырылады. Жетекшілігімен 4 кандидаттық, 2 докторлық диссертация дайындалып қорғауға ұсынылған. Тарих, саясаттану бойынша   кандидаттық, докторлық диссертацияларға оппонент болған. Ірі ғылыми еңбектер мен іргелі зерттеулерге өз көзқарасын білдіреді.

Ауған сағысының ардагері.  2012 жылы  «Кандагар-Зона ответственности «Юг» күрметі белгісімен марапалды.