Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Ғылыми жұмыстар

ҚТӘ және журналистика кафедрасы пәндері бойынша

білім беруді ақпараттық- коммуникациялық технологияларды

ендіру жағдайында  заманауиландыру

Негізгі бағыттары

Зерттеудің өзектілігі

Қазақстандық білім беруді заманауиландырудың аса маңызды стратегиялық бағыттарының бірі тұлғаны жаңа социомәдени жағдаятта дамыту мен оның өзіндік даму қажеттіліктеріне жауап беретін жаңаша білім беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын оқу үдерісіне ендіру болып табылады.

Маманның ақпараттық мәдениетінің қалыптасу деңгейі:

біріншіден, ақпараттар, ақпараттық үдерістер, модельдер мен технологиялар жөніндегі білімдерімен;

екіншіден, ақпаратты талдау және өңдеу әдістері мен құралдарын  қызметтің әр алуан түрлерінде қолдану біліктері мен дағдыларымен;    

үшіншіден, заманауи ақпараттық технологияларды  кәсіби (білім беру) қызметінде қолдана білу біліктерімен;

төртіншіден, айнала қоршаған әлемді тануға дүниетанымдық көзқарасымен анықталады.

Бітірушінің  жеке басына тән білім алу нәтижелері айрықша рөл атқарады.

Оған мыналар жатады:

1) өмірдің мәні мен құндылықтарға қатысты алуан түрлі көзқарастарды білдіретін ақпаратты сыни тұрғыдан талдау негізінде өзін қоршаған әлеммен бірдейлендіруге дайын болу;

2) алынған ақпаратты қоғамда қабылданған модельдермен, мысалы моральдік-этикалық нормалармен, салыстыра, байланыстыра білу дағдысы, БАҚ-тағы ақпаратты сындарлы бағалау;

3) дара сипатты өз ақпараттық ортасын жасай және ұстай білу, маңызды ақпараттың және өзінің жеке ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ақпараттық ортаның сапасына жеке өзінің жауапкершілігін сезіну, оны дамыту.

Осындай нәтижелерге қол жеткізу үшін білім беру үдерісі мыналарға бағдарланады:

• оқытушы мен білімгердің өзара қатынасы сипатын өзгерту (оның ішінде материалды нәтижелерге баға бере отырып, өз бетімен зерделеу, материалды меңгеру жолдарын дараландыруға бағдарлау);

• ақпаратты іздеу, бағалау, іріктеу және ұйымдастыру қабілеттерін қалыптастыру;

• білім алушыларды зерттеу жұмысына баулу;

• білім алушыларды жеке, жұппен және топпен жұмыс істеуге баулу;

  • пәнаралық байланыстарды қолдану.

Жоба мақсаты

Жобаның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін электронды оқу құралдарын құрастыру:

  • Жалпы ғылыми құзыреттіліктер, яғни зерттеу пәні мен нысандары жөніндегі білімдерді меңгеру, кәсіби міндеттерді орындау барысында кездесетін проблемаларды талдай және бағалай білу, қазіргі қоғам қызметіндегі негізгі қағидаларды түсіну;
  • Құралдық құзыреттіліктер, яғни орыс әдеби тілінің нормаларын меңгеру, шет тілін ауызша және жазбаша формасында меңгеру, компьютер желілерінде жұмыс істеуді және бағдарламалық құралдарды қолдану дағдыларын меңгеру, Интернет ресурстарын қолдану, негізгі заңгерлік ұғымдарды білу, жұмыс істеу барысында құқықтық құжаттарды пайдалану біліктерін меңгеру;
  • Жүйелік құзыреттіліктер, яғни инновациялық идеяларды туындатуға, өз бетімен оқып-үйренуге, қызметінің өндірістік профилін өзгертуге қабілеттілік т.б.;
  • Базалық жалпы кәсіби құзыреттіліктер, яғни журналистік қызметтің мәнін түсіну, медиажүйе мен БАҚ түрлерінің өзіндік ерекшелігін қалыптастырудың базалық қағидаларын білу, бұқаралық ақпаратты жасау мен тұтынуда аудиторияны түсіну;
  • Өзекті тақырыптарды, проблемаларды таба білу, ақпарат жинау, оны тексеру және талдау әдістерін меңгеру, масс-медиаға арналған әр түрлі жанрлардағы материалдарды дайындау (авторлық қызмет), медиамәтіндерді талдау, бағалау және редакциялау, оларды алуан типті БАҚ-тарда қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру; БАҚ концепцияларын өңдеу, талдау және түзетуге (жобалық-талдау әрекеті) қатысуға қабілетті болу;
  • инновациялық құзыреттілік, ол маманның белсенділігін, ашықтығын, диалогқа дайындығын, сынды қабылдай білуге даярлығын, технологиялық инфрақұрылыммен жұмыс істеу білігін қажет етеді.

       Зерттеу болжамы

       Зерттеу болжамы жүргізілетін пәндер бойынша электронды оқу құралдарын әзірлеу кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға аса қолайлы жағдай жасайды деген пікірге негізделеді.    

       Зерттеу нысаны

       Зерттеу нысанын ғылыми-кәсіби сөзжұмсам (мұнда кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға қолайлы ахуал тудыратын ақпарат алу мақсатымен қолданылатын мамандыққа қатысты ғылыми әдебиет, сондай-ақ проблемалық әдіс, интерактивтілік,  білім алушылардың болашақ кәсіби-практикалық қызметімен барынша тығыз байланысты кәсіптік-контекстік жағдаяттарды модельдеу принциптеріне негізделген педагогикалық технологиялар) құрайды.

Зерттеудің дереккөздері

Жоба кейінгі жылдары  қол жеткізілгенлингвистикалық және әдістемелік жетістіктерге, оқытудың озық тәжірибесіне, сондай-ақ ҚТӘ және  Журналистика мамандықтарын оқытуда аса қажетті жаңа  инновациялық  технологияларға сүйене отырып жүргізіледі.

Зерттеудіңкезеңдері  

Бірінші кезең. Әрбір бағыт бойынша материалжинау, ғылыми жарияланымдар, жүргізілетін пәндер бойынша инновациялық тәсілдерге қатысты семинар өткізу.

Екінші кезең. Кәсіби бағыттар мен тілдер бойынша глоссарий дайындау,  жүргізілетін пәндер бойынша ОӘК, оқу-әдістемелік материалдар мен нұсқаулықтар әзірлеу.

Үшінші кезең. ҚТӘ және Журналистика мамандықтары пәндері бойынша болашақ кәсіби қызметінде кездесетін зияткерлік және әлеуметтік тапсырмалар мен міндеттерді мәдениетаралық факторды ескере отырып орындауда септігін тигізетін электронды оқу құралдарын дайындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі  

Ғылым саласына теориялық тұрғыдан зерделеуді талап ететін, мамандыққа қатысты едәуір көлемді және прагматикалық тұрғыдан аса маңызды материалды ендіру қажеттілігі қазіргі кезде білім беру саласында орын алып отырған талаптарға жауап беріп қана қоймайды, сонымен бірге Қазақстанның шет елдермен байланысы күшейе түскен бүгінгі таңда тың да өзекті мәселе болып саналады.

        Зерттеудіңпрактикалық маңызы 

         Зерттеу нәтижесінде ғылыми айналымға ауқымды да бай материал енгізіледі, онда белгілі бір теориялық тұжырымдар алынып, тың қорытындылар жасалады. Зерттеу материалын алынған  теориялық білімдер аясында ұғыну қазақ, орыс тілдері, қазақ әдебиеті және журналистика бойынша жаңаэлектронды оқу құралдарын дайындауға жол ашады, олар студенттердің жеке тұлғалық, мәдени және кәсіби байланыстар орнатуға жеткілікті қатысымдық-мәдениетаралық және кәсіби құзыреттіліктерін әрі қарай дамытуына қажетті арнайы білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.