Туризм және коммуникация кафедрасы

Ғылыми жұмыстар

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Туризм және коммуникация»кафедрасында «Мәдени-тарихи мұра. Есік – Қорғаны» атты қызықты және маңызды іс-шара өткізілді, «Алтын Адамды» тапқан археолог - Нурмуханбетов Бекен атамен кездесу болды.

Археолог Нурмуханбетов Бекен

Мамоев Б.Ш. Түркия мемлекетінің Анкара каласындағы Гази университетінде өткен Халықаралық конференцияға қатысты.

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің делегациясы

(Түркия мемлекеті)

«Жергілікті топонимдерді пайдалану арқылы этнотуристтік турлар мен Қазақстан карталарын құрастыру» тақырыбындағы кафедраның ғылыми-зерттеу жобасы.

Жобаның мақсаты: топонимикалық атау элементтері бар туристік маршруттар мен карталарды құрастыру, эксперименталды талдау жіне өңдеу.

Жобаның практикалық маңыздылығы: студенттер мен Қазақстан топонимі саласында жұмыс атқаратын мамандар үшін топоним элементтері бар туристік маршруттардың технологиялық карталарын құрастыруға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, қысқа мерзімді курстар, тренингтер және кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру. Қазіргі өзекті туристік өнім – Қазақстан бойынша туристік маршруттар мен карталарды, экскурсияларды, ақпараттық сайттарды, туристік атаулардың топонимикалық сөздігін құрастыру және оқу-әдістемелік құралдарды шығару.

Жобаның қатысушылары: п.ғ.к., аға оқытушы Имангулова Т.В., доцент Мамоев Б.Ш., аға оқытушы Сапаргалиев С.К., аға оқытушы Чукреева О.А., магистр Омарова Н.А.

Жоба аясында «Туризм» мамандығының оқытушылары 2011-2012 оқу жылындаТМД мемлекеттері мен Түркиядағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты:

-  Вадим Гетьман атындағы Киев мемлекеттік экономикалық университеті, Киев қаласы – 3 мақала, Scopus Томсон Рейтинг мәліметтер базасының құрамына кіретін; 

-   Григорий Сковорода атындағы Переяслав-Хмельницкий мемлекеттік педагогикалық университеті (Украина) - 5 мақала Scopus Томсон Рейтинг мәліметтер базасының құрамына кіретін; 

-  Кубань әлеуметтік-экономикалық институты,Краснодар қаласы (Ресей) – «Сервис және туризм» кафедрасы - 4 мақала.

-  М.Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,  Петропавловск қаласы – 6 мақала.

Вадим Гетьман атындағы Киев мемлекеттік экономикалық университетінің базасында п.ғ.к., аға оқытушы Имангулова Т.В. «Қазақстан Республикасының туристік саласының даму алғышарттары» тақырыбымен конференцияға қатысты, 1-2 желтоқсан 2011, Киев қаласы.

 

«Туризм және коммуникация» кафедрасының оқытушылары мен студенттері 2012 жылы 3-6 мамыр аралығында  «Жергілікті топонимдерді пайдалану арқылы этнотуристтік турлар мен Қазақстан карталарын құрастыру» жоба аясында Түркістан қаласына сапарға барды.

Кафедраның «Жергілікті топонимдерді пайдалану арқылы Қазақстанның карталары мен этнотуристік турларын құру» атты ғылыми-зерттеу проекті 2014 жылы сәтті аяқталды.

Дәл осы шақта кафедра 2015 жылдың желтоқстан айында аяқталатын «Қазақстандағы туризмнің жағдайы және болашағы, шет елдік инвестиция объектісі ретінде» атты проектпен жұмыс жасауда.

                 Кафедраның халықаралық қарым-қатынас бойынша іс-әрекеті

}  Балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетану бойынша Халықаралық  Академия, Москва.

}  Кастамону Университеті, Түркия Республикасы.

}  Ұйымдастырылған және өткізілген конференциялар негізінде Бахчешехир университеті (Түркия мемлекеті).

}  Каразин атындағы Харковь ұлттық университеті, Харьков қаласы (Украина)

}  Вадим Гетьман атындағы Киев мемлекеттік экономикалық университеті, Киев қаласы (Украина).

}  Солтүстік Қазақстан біліктілікті арттыру мен педагогикалық кадрларды қайта даярлау институты, Петропавловск қаласы, Қазақстан.

}  Басқару, құқық, финанс және бизнес бойынша Халықаралық Академия.

}  Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университетінің әлем тілдері  Институты.

}  Экономика және кәсіпкерлік бойынша Бішкек мемлекеттік университеті.

}  Түркия мемлекетінің қонақүйлері.

}  Григорий Сковорода атындағы Переяслав-Хмельницкий мемлекеттік педагогикалық университеті (Украина).