Кітапхана туралы

 

Кітапхана директоры:Нургалиева Даметкуль Тушмалиевна

Жұмыс телефоны: +7 (727) 379-80-88

E-mail:damet_d@mail.ru

Кітапхана туралы

Кітапхана университет ашылған күннен бастап өз оқырмандарына қызмет етіп,  оқу және ғылым процестерін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Университет кітапханасы  бірінші корпустың бірінші қабатында, екінші корпустың екінші қабатында орналасқан.

 Бүгінгі таңда кітапхана өте бай қорға ие. Қордың құрамы отандық және шетелдік басылымдардан, анықтамалық, оқулық және ғылыми әдебиеттерден,  мерзімді басылымдар, аудиокітаптар, электрондық басылымдардан құралған.

Кітаптар оқу залдары мен абонементтердеберіледі.

Қорға түскен өдебиеттердің барлығы факультеттердің тапсырыстарына сай жинақталады. Қажет әдебиетке деген сұраныс кафедра меңгерушілерінен кітапхана директорына жіберіледі. Әдебиеттерді алуға сұраныс қағазы тұрақты белгіленген форма бойынша орындалады.

 

 

Кітап қорын жинақтауда университет қаржысымен қатар Университет Орта Азия Мәдениет Қоры және түрік компаниялары, жеке тұлғалар тарапынан қамтамасыз етіледі. Айта кетсек олар:«Орта Азия Мәдениет Қоры», «ТURKUAZ» фирмасы,«ТIКА» Түркия Республикасы Қазақстандағы Мемлекеттік ұйымы, «KZI BANK», Түркия Республикасы Білім министрлігі.

Кітапхана қазіргі заман талабына сай жаңа компьютерлермен және көшірме техникаларымен жабдықталған.

2008 жылдан бастап кітап каталогы «КАБИС» (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі - ҚАКАЖ) бағдарламасы бойынша автоматтандырылған. Бұл бағдарламаны «Kazakh Soft» «Казах Софт» компаниясы шығарған. Жүйенің негізгі ерекшелік сипаттамасы - жылдам меңгеру мүмкіндігі, интерфейстің ыңғайлылығы, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, (АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс жасаудың қарапайымдылығы. ҚАКАЖ (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) Қазақстан Республикасының барлық стандарттарына сәйкес жоғары оқу орындарының кітапханаларына арналған.

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері шетелдік  әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында  іссапарларға жиі шығып тұрады. 

Университет кітапханасы Туркия мемлекетінің «Еуразия кітапханашылар бірлестігінің» мүшесі.(Анкара.2012ж.)

Бүгінгі оқырман жастардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек.

Кітапхананы пайдалану ережесі

Бұл ереже кітапхана  мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.

v  Кітапхана белгілі уақытқа кітаптарды, мерзімді басылымдарды және т.б. материалдарды абонемент, оқу залдары арқылы оқырмандарға беріп отыруды ұйымдастырады.

v  Оқырманның университетке қабылданғаны туралы бұйрығы негізінде жасалған тізіммен, 3х4 см көлеміндегі              2 суреті, куәлігі болған жағдайда ғана оқырман оқырман билетін ала алады.

v  Оқырманға арнайы оқырман формуляры толтырылып, біріңғай оқырман билеті беріледі. Оқырман билетімен кітапхананың барлық абонементтерін, оқырман залдарын пайдалануға құқы бар.

v  Оқырман кітапхананы пайдалану Ережесімен танысып, оны орындауға міндеттілігін білдіріп,  формулярға  және өз билетіне қолын қояды.

v  Оқырман билетінің пайдалану мерзімі - 1 оқу жылы. Жыл сайын, жазғы сессиядан кейін   кітапхана оқырмандарды қайта тіркеуден өткізіп, пайдалану мерзімін созады. Ол үшін оқырман пайдалануға уақытша алған кітаптарын кітапхананың тиісті абонементтеріне өткізуі керек. Қайта тіркеуден өтпеген оқырман келесі оқу жылы кітапхананы пайдалана алмайды.

v  Оқырман кітаптарды, қажетті материалдарды алған кезде оны тексеріп, көрген кінараттарын кітапханашыға айтуы керек, өйтпеген жағдайда басылымдардың  бүлінгеніне оқырман жауапты болады.

v  Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғаны немесе оның қорына залал келтіргені үшін, қолданып жүрген заңдарға және кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырман әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.

vОқырман жоғалтқан немесе бүлдірген басылымдар орнына құны мен мазмұны жағынан бірдей басылымдармен немесе кітапханашының келісімі бойынша кітап орнына кітап өткізеді. 

Абонементті пайдалану ережесі

v  Абонементте әдебиеттер үйге пайдалануға беріледі.

v  Оқырман сұраныс берерде билетін көрсетіп, өзі толтырған сұраныс қағазына немесе кітап формулярына қолын қояды.

v  Үйге пайдалануға берілген әдебиеттердің мерзімі шектеулі:

v  оқулықтар оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес бір семестрге немесе бір оқу жылына беріледі;

v  ғылыми әдебиеттер 2 аптаға беріледі және саны 3 данадан артық болмауы керек;

v  көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі және саны 2 данадан артық болмауы керек.

v  Оқу жылының соңында 30  маусымға дейін оқырман барлық кітабын өткізуге тиіс.   

v   Оқырманның басқа сұранысы болмаса, қолына алған басылымдардың мерзімін создыруына болады.

v  Энциклопедия, анықтамалар, диссертациялар, сирек кездесетін және құнды кітаптар тек оқу залына беріледі. Қордағы жалғыз дана, не болмаса соңғы кітап үйге берілмейді.

v  Кітапты өткізгенде оқырманның сұраныс қағазы қайтырылып беріледі.

Оқу залын пайдалану ережесі

v  Оқу залында әдебиеттер оқырманға билеті бойынша беріледі.

v  Оқу залында оқырманның сұраныстарына шектеу қойылмайды. Бірақ бір мезгілде сұраныс көбейтіп кетсе, шектеу болуы мүмкін.

v  Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға болмайды.

Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

v  кітапхана тәртібін және оқу залдарында тыныштық бұзуға;

v  әдебиеттерді өзге біреудің билетімен алуға немесе өзінің билетін басқа біреуге беруге;

v  оқырман қолын қоймай,кітапханадан әдебиеттерді алып шығуына;

v  кітапхана басылымдарын бүлдіруге (парағын жыртуға, сызып белгілеуге, мұқабасын сындыруға);

v  сапасыз түптелген кітаптарды көшірме аппаратынан өткізуге;

v  кітап қорына,  оқу залдарының кітап қорына,  қызмет бөлмелеріне кіруге.

 

«Түнгі абонементТІ» пайдалану ережесі

1.1. «Түнгі абонемент» мына мақсатта жұмыс жасайды:

- ақпараттық-библиографиялық өнімдермен оқырмандардың сұранысын  толығымен қанағаттандыру;

- кітапхана қызметін жақсарту.

1.2. «Түнгі абонементпен» оқырман билетімен пайдалана алады .

1.3. «Түнгі абонемент» қызметі тегін.

1. 4. «Түнгі абонементке» 3 басылымнан артық берілмейді.

1.5. Басылымдар сағат 16.00 бастап беріліп келесі күннің 13.00-ден  кешіктірмей кітапханаға қайтарылуы тиіс. Болмаса түрлі айып шаралары қолданылады.

1.6. Дер кезінде қайтармасаңыз кітапханаға әсіресе басқа оқырмандарға зиян келтіресіз.

            1.6. Басылымды алар кезде беттерінің түгелдігін тексеріп алыңыз, болмаса әрі қарай басылымның ақаулығына сіз жауапты боласыз.

            2. «Түнгі абонементке» берілмейді:

1. Егер кітапханада 1 ғана дана болса.

2.  Ескірген болса. 

Кітапхананы пайдалану Ережесін өрескел бұзған жағдайда, оның мәліметтері  кафедраларға беріледі.

Сыйға берушілер

Университет кітапханасының ұйымы барлық сыйға берушілерге үлкен алғысын білдіреді.

Кәсіпорындар:

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі. Тілдерді дамыту комитеті.

 

Алматы қаласының әкімдігі

 

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы

 

 «ТОМЕР» орталығы

 

Орталық Азия мәдениет қоры

 

 «ТURKUAZ» фирмасы

 

 «ТИКА» компаниясы

 

«KZI BANK»

Тұлғалар:

  1.  

Сабри Хизметли

  1.  

Екхлеф Х.

  1.  

Актамбердиева З. С

  1.  

Таирбекова Л. Н

  1.  

Дабылтаева Р.

  1.  

Ногаева З.

  1.  

Мамоев Б.

  1.  

Молдабаева Макен

  1.  

Дулаева Ф.

  1.  

Дулаева Э.

  1.  

Исатаева Г.

  1.  

Конар С.

РЕСУРСТАР

Мерзімді басылымдар тізімі:

1

Ақиқат

2

Алматы ақшамы

3

Ана тілі

4

Английский  язык в школе

5

Английский язык:методика преподавания в школе, колледже и вузе

6

Атамекенай

7

Әдіскер методист

8

Әлем  әдебиеті

9

Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім

10

Бухгалтер плюс компьютер

11

Бухгалтерский учет и налогообложение

12

Білім әлемінде

13

Бюллетень бухгалтера

14

В мире образования

15

Вечерняя Алматы

16

Вопросы экономики

17

География в школах и вузах Казахстана

18

География және табиғат

19

Егемен Қазақстан

20

Жас Алаш

21

Защита информации

22

Информатика негіздері

23

Ислам және өркениет

24

Казахстанская правда

25

Кәсіптік қазақ тілі

26

Комсомольская правда

27

Қазақәдебиеті

28

Қазақәдебитеі және мемлекеттік тіл

29

Қазақ тілі әдістеме

30

Қазақ тілі мен әдебиеті

31

Қазақстан Zaman

32

Қазақстан мұғалімі

33

Маркетинг товаров и услуг. Казахстан

34

Маслихат и акимат

35

Менеджмент в образовании

36

Мир путешествий

37

Мысль

38

Наука и образование Казахстана

39

Нормативные акты по финансам, налогам, бухг, учету и страхованию

40

Оқытуда мультимедияны пайдалану

41

Отан тарихы

42

Отан тарихы(қаз,орыс,түрік,ағылшын тілдерінде)

43

Охрана труда в Казахстане

44

Парасат

45

Президент және халық

46

Саясат

47

Соқпақ-тропинка

48

Техникалық және кәсіптік білім

49

Турист

50

Финансы и банки

51

Экологическое образование в Казахстане

52

Экономика: стратегия и практика. Казахстан