Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ұжымы мен оқытушы-профессор құрамы, елбасы Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жасаған үндеуі мен жолдауын талқылады

Бүгін, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ұжымы мен оқытушы-профессор құрамы арасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің халыққа үндеуі мен жолдауы талқыланды.

ҚР президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелірі жөніндегі үндеуінде, заман талабы мен елдің мүддесі үшін ұсынған ұсыныстарын университеттің оқытушы-профессор құрамы қызу қолдап, демократиялық елдің әр бір азаматы, болашағы үшін өз үлесін қосуы керектігін алға тартты.

Билік тармақтары арасында өкілетіктерді қайта бөлу саясаты аясында Конституциялық реформалар бағдарламасында: президент, парламент және үкімет арасындағы өкілеттіктердің конституцияға сай бөлісуі; еліміз, халқымыз болашағы үшін жасалуы керек заман талабы екені баршаға мәлім.

Университет ҒжТІЖ проректоры Е.А.Қуанышбаев, Елбасының Конституциялық реформалары туралы үндеуі елді жаңғыртауға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Еліміз конституциясына жасалатын өзегістер мен толықтыруларды елмен, халықпен санаса, ақылдаса отырып жүргізу, елбасымыздың нағыз демократиялық мемлекеттің, тәжрибелі-дана президенті екндігінің дәлелі. Билік тармақтарының өкілеттіктерін еліміз дамуы мен халықтың әлеуметтік-экономикалық өсуіне, мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етері анық деді.

Университет ОжОӘІЖ проректоры З.С.Ақтанбердиева, жолдаудағы Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндетін атап өтті. Елбасының: «Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру...» туралы пікірін ашып айтып өз пікірін білдірді.

Университет профессоры Ж.К.Симтиков, осы жылғы жолдауда «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керектігі» жөнінде мәлімет беріп, бұл шара дамыған елдердегі зманауи талаптар екендігі, елдің әлеуметтік-экономикасын көтеруде бірден бір жол екндігін атап айтты.

Сонымен бірге, унверситет оқытушы-профессор құрамынан педогогика ғылымдары факультет деканы, PhD. доц. М. А.Түкібаева, ғалым-хатшы, филол. ғыл. канд. Г.Т.Бейсенбекова, Эканомика және басқару ғылымдары факультеті деканы, тех. ғыл. канд. Б.М.Беккулиева, тар.ғыл. канд. М.Сембинов, тар.ғыл. док. Проф. Ұ.Қ. Абдыхалықов т.б. өз пікірлерін айтып елбасы жолдауынан еліміз білім саласы мен әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаңалықтарды атап өтті. Униврситет ұжымы, елбасы Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жасаған жолдауына қызу қолдау көрсеттетінін білдірді.