Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!

Бүгін университетіміз ректоры, доктор профессор, ҚР Ұлттық академиясы академигі Сабри Хизметли мырзаның туылған күні. Университет ұжымы, Сабри мырзаны құттықап өз тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Өмірінің жартысынан көбін ғылым-білімге арнаған ұлағатты ұстаз, оның 18 жылын тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне арнапты. Міне, «Еңбек түбі зейнет» деген. Еліміз Сабри Хизметли мырзаның еңбегін бағалай отырып тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы!» атағын берді.

Қазақстандағы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстанда бастаған Сабри Хизметли мырза, мен оңтүстік қазақстандықпын деп әзілдейді. Расында да қазақ халқының жанашыр досы екенін сөзімен емес ісімен дәлелдеп келеді.

Ректордың басшылығымен еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында, 16 желтоқсан туелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік аптасы» атты бір апталық мәдени, ғылыми іс-шара ұйымдастырылды. Бір апта бойы: «Елбсым, Халқым, Мемлекетім» атты халықаралық конференция; «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстанның ұлттық экономикасының жалпы жағдайы» халықаралық пікір-сайыс; «Қазақстан-2050» стратегиясы барысында ұлттық білім және тәрбие беру халықаралық семинар өткізілсе; студенттер арасында «Еркін өлкем-Қазақстан» пікір-сайысы, «Мамандығымыз: бүгіні мен болашағы» семинарлары және әр түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында ректорымыз, «Жастарымыз тәуелсіздікті сезінуі керек! Олар елінің, халқының бақыты тәуелсіздік екенін білуі керек!» дейді.

Қазақ, түрік, араб, парсы, ағылшын, француз, орыс және түркі тілдерін толық меңгерген, полиглот ғалымның 60-қа жуық бірнеше тілді оқулық, моногрфиялары, 300-ды аса халықаралық және республика көлемде ғылыми мақалалар мен баяндамалары жарық көрген. Бұл оқулықтардан бірнешесі еліміз жоғарғы оқу орындарында оқытылуда.

Бүгінде, университетіміздегі әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы студенттерге 10 пайыдан 50 пайызға дейін төлем ақы жеңілдіктері берілуде. Тек осы жылдың өзінде 105 студентке университет квотасы бөлініп 9 студент мемлекеттік грантта ал 2 озат студентке президенттік шәкіртақы берілуде.

Міне осы жетістіктер, басшымыз унверситет ректоры, ғалым, Қазақ және Түркия елінің құрметті елшісі, екі бірдей перзенттің әкесі Сабри Хизметли мырзаның арқасы.

Құрметті, Сабри Хизметли мырза, сізді бүгінгі туған күніңізбен, Шет тілдер және іскерлік карьера университет ұыжымы, Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі ұжымы, Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі ұжымы шын жүректен құттықтайды!

Деніңізге саулық, отбасыңызға есендік және ғұмырлы да бақытты өмір сүруіңізге шын жүректен тілектеспіз!