УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ БАСТАП КЕТТІ

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, елбасы Н.Ә. Назарбаевтің  жолдауын жүзеге асыруды бастап кетті.

Университет колледжі – Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі, Алматы қаласы Білім басқармасы және Алматы қаласы Колледждер қауымдастығымен бірлесе отырып «Шет тілінде оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» атты қалалық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізді.

Ғылыми-тәжрибелік конференцияға, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы орынбасары Л.Ә.Жылқыбаева, Алматы қаласы Колледждер қауымдастығының төрағасы Ж.Н.Әзісханов, Алматы қаласы бақылау комитетінен С.Б. Естаева және 82 колледж директор, директор орынбасарлары мен Алматы облысы бойынша 160-тан аса оқытушы-ғалым, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер қатысты.

Шет тілдерін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін дамытуда, ғалымдар арасында тәжірибе алмасуды мақсат тұтынған бұл іс-шараның ашылу салтанатында құттықтау сөзімен, университет ректоры, доктор пофессор, ҚР Ұлттық академия академигі Сабри Хизметли мырза ашты. Бауырлас екі туыс елдің жалауын желбіретіп білім саласында қызмет етіп келе жатқанымызға міне он үшінші жылына аяқ бастық. Осы жылдарда, қазақстан білім ордалары арасында бәсеке байрағын желбіретіп; білім беру сапасы, тәлім-тәрбие және жастарымызды отансүйгіштікке баулу жолында университетіміз өз орнын тауып республика көлемінде және әлемдік бәсекеде танымал болды.

Университетіміздің бір бөлімі колледжіміз болса, білім сапасымен қаламыздағы үлгілі оқу орындарына айналды.

Міне бүгін сіздер куә болып отырған ғылым ордасы, білім алушылардың барлық мұқтаждықтарын толық қамтамасыз еткен, еліміздің бәсекелестікке сай мамандарын дайындауға лайықты оқу орны. Колледжіміз талаптарға сай заманауи жабдықталған ғимараттары, 320 орындық жатақханасы, бір мезетте 1000 студентке қызмет беретін асханасы, спорттық кешендері және демалыс орындарымен жабдықталған.

Сіздерге бүінгі ғылыми-тәжрибелік конференцияда табыс тілеймін! Сіздердің жетістіктеріңіз, еліміздің жетістіктері!

Келесі сөзді Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас конулы Рыза Қаған Илмаз мыра алды. Екі елдің ынтымақтастық-достық отауына айналған бұл университтет бейбітшілік пен білім дәнін жастарымызға аянбай сеуіп келеді. Университет іс-шаралары арқасында екі ел халқы, тек қана білім саласында емес, мәдени, рухани құндылықтарымызды; бізді бір бірімізге байлаған темірқазығымызды танып, білуде. Сондықтан мен өз атымннан және Түркия Республикасы атынан университет ректоры Сабри Хизметли мырзаға, ұжымына үлкен алғысымды айта отырып, конференцияның табысты өтуіне шын жүркетен тілектес екеніміді білдіремін.

Келесі құттықтау сөзді, басқарма басшылары, Түрік Республикасы этно-мәдени «Ахска» орталығы төрайымы, колледж директорлары мен әр түрлі азаматтық қоғам жетекшілері жалғастырды.

Конференцияның секциялық баяндамалары шеттілдерін инновациялық технологиялармен оқыту тәжірибесімен алмасу болғандықтан; заманауи техникалармен жабдықталған колледж аудиториялырында жүргізілді. Компьютер, планшет, интерактивті тақталар, прожекторлар арқылы тиімді де сапалы білім жүйесін интернет желілері арқылы білім беру және бақылыау-бағалау жолдары негізгі тақырыптар болып табылды.

Конференцияға келген 180 шамасындағы қонақтар университет асханасынан ас ішіп оқытушы-ғалымдар пікір алысып, бір-бірімен жақыннан танысты.

Уиверситетімізге келген қонақтар, ғылыми іс-шарадан алған әсерлерін жарыса айтысып, ұйымдастырушы университет, колледж ұжымына алғыстарын айтып тарасты.

 

ШТІКУ проректоры, Е.А.Қуанышбаев