УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Университетімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы халыққа жолдауы негізінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты XII студенттер мен магистранттардың ғылыми-теориялық конференциясы болды.

Бұл жылғы студенттер мен магистранттардың дәстүрлі конференциясы 28-29 сәуір күндері өтті. Ғылыми іс-шараға АҚТГТК, университет студенттері мен магистранттары қатысты. Жалпы конференцияға қатысуға ұсыныс білдіріп, тіркелген 293 студенттің баяндамаларынан 197 баяндама таңдалып алынды. 28 сәуір күні конференцияның ашылу салтанаты өтті. Конференция еліміздің және Түркия Республикасының гимндерінен кейін университетің әнұраны, университетің жастар хорының орындалуымен басталды. Конференцияның ашылу рәсімінде университет ректоры Сабри Хизметли 12-іші рет өткелі отырған студенттер мен магистранттарды конференциясының ашылуымен құттықтады. Ғылым мен білім және тәрбиенің жас ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екендігіне, университеттің жастардың ғылымға жолдама алуына негіз болатынын және қазір ғылым дәуірі екендігіне, еліміздің жарқын болашағына ғылым арқылы қол жеткізуге болатындығын атап өтті. Ректор конференцияның сәтті өтуіне тілек білдіріп, дәстүр бойынша мақалалар жинақ ретінде жарияланатынын білдірді.

Конференция ашылуында АҚТГТК директоры Арынова А.К. және ХҚТЛ директоры Даулетбекова Э.С. құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми іс-шарада жастарға табыс тіледі.

Құттықтау сөздерден кейін мәжіліс отырысы болды. Мәжіліс отырысында 13 студент баяандама жасады.

Түстен кейін секция жұмыстары жүргізілді. Жалпы төрт секция жұмыс істеді. Олар: «Көп тілді білім беру жүйесі және оны дамыту мәселелері»; «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: сапалы білім, саналы тәрбие түсінігі негізінде ЖОО-да білім беру жүйесін дамыту»; «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік: Қазақстанның ұлттық экономикасын бәсекеге қабілеттілік технологияларын жаңғырту концепті» және «Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңашыл реформалар: ғылым-білім, саяси-экономика, халықаралық қатынастар».

Конференцияға қатысушылар «Үш тұғырлы тіл», «ЖОО-да білім беру жүйесін дамыту», «Ұлттық рухани даму», «Латын негізді ұлттық әліппе», «Қоғам тәрбиесінде, ұлттық принциптер», «Ұлттық экономикалық үдеріс»,

«Ғылым-білім саласында жастардың рөлі», «ҚР жаңашыл реформаларда жастар саясаты» т.с.с. көптеген тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Қорытынды отырыста студенттер конференция туралы пікірлерін ойлары мен ұсыныстарын айтты. Мысалы, студенттер келесі конференцияны республика көлемінде, мүмкіндік болса халықаралық көлемде өткізуді ұсынды. Конференция тақырыптарын жастардың өзекті мәселелеріне негіздеуді ұсынды. Осындай іс-шараның жылына бір рет емес, ең кемінде екі рет өткізілуі ұсынылды.

Конференцияға қатысқан әр-бір студент ғылымға деген қызығушылығы жоғары дәрежеде, жақсы тілектерде тарқасты.