Университетімізге Түркия Республикасының 20 мемлекеттік университетінің ректорлары қонақа келді

Университетімізге Түркия Республикасының 20 мемлекеттік университетінің ректорлары қонақа келді. Кавказ университеттері ұйымының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен білім және мансап көрмесіне қатысқан ректорлар 19 мамыр Жұма күні Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне келді және оларды ректорымыз ҚР ҰҒА Академигі, доктор, профессор Сабри Хизметли қарсы алды. Университетті аралап, танысып шыққан ректорларға кешкі ас беріліп, қазақ халқының салт-дәстүріне сай шығарып салынды. Қонақ ректорлар және «Халықаралық студенттер ұйымының» төрағасы университетіміздің тәлім-тәрбие жұмыстарымен, ғылым-мәдениет іс-шаралары үшін ризашылықтарын айта отырып, қонақ үйлеріне оралды.