Көненің көзін көрген көсем

Тарихын білмей, көнесін көрмей, тыңдамай – болашаққа ұмтылу болмас. Қазақ әдебиеті бай, байлығыда сарқылмас – қазақтың дарасы, данасы бар да. Қазақ әдебиеті сан ғасырлық қиыншылықтарды бастан кешіріп  бүгінгі ұрпаққа кемел жетті. Қазақ әдебиетінің әр кезеңі өз заманына сай ауыртпалықтарды, қара бұлт жиналған күнді де бастан өткізді. Міне, осындай тарихи қиындықтарды бастан кешірсе де, қазақ әдебиеті өз құнын жоғалтпады, керісінше әлемдік аренаға танылды. Әрине, бұл – қазақ елінің бағына туған қаламгерлері мен қайраткерлерінің ерен еңбегінің арқасы. Әдебиет майталмандары саяси қуғын-сүргінге ұшыраса да қазақ халқына қызмет етуден таймады.

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Журналистика мамандығының 1 курс (қазақ тобы) студенттері 24-ші мамыр күні сағат 12.00-де «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған мәдени-тәрбиелік кеш өткізді.  Мамырдың 31-і күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып отырады. Журналистика мамандығының 1 курс (қазақ тобы) студенттері осы кешке көненің көзін көрген, асылдың тұяғы болған Іляс Жансүгіровтың ұлы Саят Жансүгіровпен кездесті. Кездесу барысында болашақ ұрпақ  жастары санаға сіңімді, шынайы  ақпараттарға бай болды. Саят Жансүгіровпен болған кездесуде  студенттер қазақы рухын көтерді, әдеби мұраның қажеттілігін  сезінді. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика мамандығы студенттері белсене ат салысты. Әдебиет майталманы болуға деген өз құштарлықтарын еселендірді. Әңгіме барысында студенттер тарапынан дайындалған көріністер қойылып, өлең жолдары оқылды.  Жастарға Саят ағамыз  өмірден көргенін, бойына түйгенін де айтты. Ең дұрыс жолдың тек қана білім алу екенін, білімдінің бағындырар белесінің биіктігін сөз етті. Кешт барысында  Ілияс Жансүгіров туралы естеліктермен қатар әдебиет тарихы, қуғын-сүргін кезіндегі тарихи оқиғалар, жастарға насихат, үлгі-өнеге боларлықтай ділмар сөзге толы сүбелі ойлар, зерделі сөздер кездесудің сәнін ашты. Жастардың көкейтесті сауалдарына қуана да, құштарлана жауап қайырып, әдебиет майталманы екенін дәлелдеп көрсетті. Өзінің жыр шумақтарын орыс  және қазақ тілдерінде оқып, журналистік жолда жазған мақалаларынан үзінділер келтіріп жастардың болашаққа көзқарасын саналы түрде ұлғайтты десем артық емес. Жастардың болашақ бейнесінің формасын жасап көрсетіп өзінің сөзге шебер, ойға ұтқырлығымен  жастарды тәнті етті. Әр оқиғадан үзінділер айтып, әр естеліктен жатқа түсіріп сөз аяқтап «Вот» деп қалжың келтіргені жастарды күлдірте отырып, өзіне баурады. Әдеби кеш естелікке толы һәм қызыққа толылығымен есте қалды. Сөз соңында Саят ағамыз екі терең ойлы оқиғаны еске алып айтып кетті.

Университеттің Ғылым  және тәрбие істері жөніндегі проректоры, PhD доктор  Ержан Айтуұлы, «Журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Касенов Ерлан сынды ұстаздарымыз өз ой-толғанысын білдірді. Студенттер мен бірге естелік үшін  фотомұрағат ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырған, кештің орынды өтуіне ықпалын тигізген Шет тілдер және іскерлік карьера университеті  басшылығына және аға оқытушы Гүлбақыт Иембердиеваға алғысымыз шексіз.

Аширқулов Қанат Бахтиярұлы

«Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 2-курс студенті