Біз сіздерді мектеп, колледж бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Болашағыңыздың жарқын болуы мен табысты жұмыс табуыңыз үшін, алаңсыз өмір сүруіңіз үшін қызмет көрсетеміз!

Болашақта өз саласында жоғары кәсіби білікті және шет тілдерін терең меңгерген маман дайындаймыз.

         Оқу ордамыздың мақсаты – нарықтық экономика саласында мемлекеттік жәнежеке секторлардың әрбір саласында жұмыс істейтін қабілетті іскер адамдарды даярлау және олардың кәсіби бағыттарында карьера жасауына мүмкіндіктер тудыра отырып, оларды ұлттық және рухани құндылықтарға тәрбиелеу.

Университетімізде оқу қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілерінде жүргізіледі.

Біз шығыс пен батыстың барлық негізгі тілдерін меңгертеміз: ағылшын, француз, итальян, испан, неміс, түрік, араб, парсы, корей, қытай, жапон тілдері. Бұл тілдер негізгі және екінші шет тілі ретінде оқытылады. Екінші шет тілі үшін қосымша ақы төленбейді.

    «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ

5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» бойынша

  • Ағылшын тілі
  • Француз тілі
  • Қытай тілі
  • Неміс тілі
  • Испан тілі
  • Араб тілі
  • Түрік тілі
  • Жапон тілі
  •  Корей тілі
  • Парсы тілі

5В020700 - Аударма ісі

5В050400 –Журналистика

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011100-Информатика

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҒЫЛЫМДАРЫ» ФАКУЛЬТЕТІ

  • 5В050600-      Экономика
  • 5В050700       Менеджмент
  • 5В051100 -     Маркетинг
  • 5В050800 -     Есеп және аудит
  • 5В090200 -    Туризм

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

  • 5В020200 -  Халықаралық қатынастар
  • 5В011400 - Тарих
  • 5В020600 -         Дінтану

 

МАГИСТРАТУРА

  • 6M011900 - Шет тілі: екі шет тілі
  • 6М020700-Аударма ісі
  • 6M011400-  Тарих
  • 6М020600 –Дінтану

 

      Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің қабылдау комиссиясы 2017 жылдың 01 маусымынан бастап кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды бастады.

  • КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 01–20 МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
  • КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ 17 – 23 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ.

 

Кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттар тапсырады:

1) Белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті,

2) Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа),

3) Тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

4) 3x4 көлеміндегі алты фотосурет,

5) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) 086-У үлгісіндегі флюрографиямен медициналық анықтама

Өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1)    Қазақстан тарихы  - 20

2)    Математикалық сауаттылық – 20;

3)    Оқу сауаттылығы – 20;

4)    1-Бейіндік пән -30 ; (2-бөлім)

5)    2-Бейіндік пән – 30 (2-бөлім)

       Максималды  ұпай: 140.

      Жоғары оқу орнына өту үшін жинайтын ұпай: 50.

     Бейіндік пәндер университеттегі пәндерді таңдауға байланысты жүзеге асады. Жоғары оқу орнына түсуі үшін тиісті ұпай жинай алмаған талапкерлер  (тамыз, 2017)  қайтадан тестілеуге қатыса алады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерүшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1) Жалпы бейіндік пән - 20

2) Бейіндік пән –40.

Кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

     Максималды  ұпай: 70.

     Жоғары оқу орнына өту үшін жинайтын ұпай:35

Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер тестілеуді бір бөлім – Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы  бойынша өз қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар үшін кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл – 120.

 

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ҚҰНЫ – 2242 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ.

 

            

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР! БІЗ СІЗДЕРДІ УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДА КҮТЕМІЗ!!!