ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

 


"Бекітемін"
Шет тілдер және іскерлік

карьера университетінің ректоры

доктор, профессор

____________________Сабри  Хизметли

«______» _________________2017ж.


 


МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ

 ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 «6М050600 – Экономика» мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2017

 

 

 

 

Магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы сәйкестендіріліп  құрастырылды:

  • Қазақстан Республикасының 27 шілде 2007 жылғы «Білім туралы» заңына сәйкес;
  • Білім деңгейіне сәйкес жалпыға міндетті Мемлекеттік білім  стандарты бойынша, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жылғы №1080 жарлығымен бекітілген  (13 мамыр 2016 жыл  № 292 жағдайындағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығы 19.01.2012 жыл№ 109 «Білім ұйымдарында оқытудың Типтік ережесін қабылдауды бекіту, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасын жүзеге асыру» (2017 жылғы өзгерістер мен толықтырулар жағдайында);
  •  «6М050600–Экономика» мамандығының Типтік оқу бағдарламасы, ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген № _______ __________;
  • ҚР білім және ғылым министрінің м.а бұйрығы 16 тамыз 2013 жылғы № 343 «жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтар бойынша типтік оқу жоспарын бекіту туралы» (05.07.2016 ж жағдайындағы өзгертулер мен толықтырулармен бірге)

 

Құрастырғандар:тех.ғ.к., доцент Беккулиева Б.М.; э.ғ.к. Садыров Г.А.; магистр Дүйскенова Р.Ж.

 

«Экономика және туризм» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді

 

Хаттама  № __  «___» ________  2017 г. 

 

Кафедра меңгерушісі:

___________

Н.В.Ивлева


Экономика  және басқару ғылымдары факультетінің деканы



___________



Б.М. Беккулиева 

 

Кіріспе емтиханның бағдарламасы ШТжІКУ Оқу Кеңесімен бекітілді.

Хаттама  № __  «___» ________  2017 г. 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері    

6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистратураның кіріспе  емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама.

Берілген бағдарламаның негізі мынадай оқу пәндерінің кілттік ережесін құрастырады: «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Қаржы», «Ақша, несие, банктер», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық менеджмент», «ҚР бюджеттік жүйесі», «Салық және салық салу», «Сақтандыру», «Кәсіпорын (ұйымның) қаржысы».

Бағдарлама Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Оқу Әдістемелік  Кеңесінде қаралды.

«Экономика» бағытындағы магистрлерді дайындауда  ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған, сонымен қатар тәжірибелі жоғары білікті мамандар дайындап, ұлттық экономиканың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеуге арналып, қаржылық ұйымдарды басқару, ақшалай қатынастар, несие, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру, экономикалық зерттеулер әдістерін ғылыми меңгеру, ақшалай процесстер.

Емтихан билеттері осы аталған бөлімдердің сұрақтарын қамтиды. Кіріспе емтиханның формасы – аралас жазбаша – ауызша  емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан парағына өзінің сұрақтарына жауаптар жазады, емтихан коммисиясына ауызша жауап береді.

Апелляцияға берген жағдайда жазбаша түрдегі емтихан парағы қаралады.

2. Талаптарға сай дайындалған магистратураға түсуші талапкерге

«Экономика» мамандығына бағытталған магистратураға түсуші талапкер кіріспе емтиханда  экономикалық және қаржылық ғылымдар саласындағы ұғымдарды жетік білуі және білімін жеткізе алуы, барлық пәндер бөлімдерінің концепциясын және теория негіздерін терең зерделеуі  керек, оның ішінде  тарихи – әдістемелік аспектілерді: мемлекеттің қаржы мәселелері, кәсіпорындар мен корпорациялар, байланыстар мен өзара қарым  - қатынастар, қаржы жүйесінің әртүрлі салаларының өзара байланысы мен функционалды  туындаған үрдісі, мемлекеттік қаржылық құралдар мен құрылымының өзара байланысы, қоғамдық және корпоративтік қаржы, капитал айналымы мен қаржы ағыны, ақша- несиелік жүйелердің құрылымдық элементтері, макро және микро деңгейдегі ақша – несие жүйесін қалыптастырудың объективті заңдылығы, қазіргі әлеуметтік – экономикалық мәселелерді талдау және теориясы мен әдістерін меңгеру.

3.Білім бағдарламасының пререквизиттері

«Микроэкономика», «Макроэкономика», «Қаржы», «Ақша, несие,банк», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржы менеджменті», «ҚР бюджеттік жүйесі», «Салық және салық салу», «Сақтандыру», «Кәсіпорын (ұйымның) қаржысы».

 

Бағдарламаның мазмұны

I Бөлім. Экономиканың жалпы сұрақтары

1 тақырып. Экономикалық  теория: пәні мен әдістері

Экономика адамдардың шаруашылық әрекеті ретінде.

Экономикалық ілімдер. Жалпы және жеке экономикалық ілімдер. Экономикалық теорияның пәні мен функциялары. Экономикалық теорияның бөлімдері. Экономикалық категориялар. Экономикалық заңдар.

Экономикалық теория, болжамдар мен саясат. Қоғамның экономикалық мақсаттары. Позитивті және нормативтіэкономикалықтеория.

Экономикалық теорияның негізгі ғылыми мектептері мен қазіргі кездегі дамыту бағыттары.

Экономиканы ғылыми тану әдістері. Жалпыға бірдей әдістер (метафизика, диалектика); жалпы ғылыми әдістер (тарихи, логикалық); арнайы әдістер (экономикалық психология, экономико-математикалық, экономикалық статистика).

Өндірістің даму кезеңі. Шаруашылық әрекетінің жаңа туындаған қалыптасқан кезеңдері. Техникалық революция. Индустрияға дейінгі, индустриялық, постиндустриялық кезеңде: қадамдардың айырмашылықтары мен белгілері.

Экономикалық байланыстар – экономикалық теорияның пәні ретінде. Экономикалық байланыстардың жіктелуі. Экономикалық байланыстардың бірыңғай жүйесі.

2 тақырып. Қажеттіліктер және ресурстар. Экономикадағы таңдау мәселелері

Өндіру үшін қажетті шарт ретіндегі  талаптар. Қажеттіліктердің жіктелуі. Өндірістің қажеттіліктерге тікелей әсері. Өндірістің қажеттіліктерге кері әсері.

Өндіріс ресурстары (факторлары). Ресурстардың жіктелуі мен мінездемесі. Еңбек. Жер және қалпына келмейтін табиғи ресурстар. Капитал. Негізгі және айналым капиталы. Негізгі қорлардың физикалық және моролдық тозуы. Амортизация. Кәсіпкерлік мүмкіндік. Шектеулі ресурстар. Өндірістік мүмкіндіктер және олардың даму факторлары.

Экономикалық артықшылықтардыңжіктелуі, негізгі мінездемесі. Өзара ауыстырымдылық артықшылықтары. Сирек экономикалық артықшылықтар.

Экономикадағы таңдау мәселесі. Әлеуметтік дамудың іргелі сұрақтары:

Не, қалай және өндіріс үшін бе? Қоғамның өндірістегі мүмкіндіктері және оның шектеулері. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктерінің қисығы (Трансформация қисығы).

Балама шығындар. Құн заңын арттыру мүмкіндігі. Арнайы және салыстырмалы артықшылықтары.Еңбекті қоғамдық бөлу.

Тиімділік мәселесі. Өндіріс және экономикалық өсу. Экономикалық тиімділік және әлеуметтік тиімділік.

3 тақырып. Экономикалық жүйе. Шаруашылықтың нарықтық жүйесі

Экономикалық жүйенің деңгейлері мен элементтері, түсінігі. Экономикалықкіші және үлкен жүйелер. Қоғамның экономикалық жүйесі. Экономикалық жүйелердің бөлу өлшемдері: меншік формалары, шаруашылық өмірдің кординация түрлері;   Көпшіліктік салалар: (ауыл шаруашылығы, өндіріс және қызмет көрсету), технологиялық даму деңгейлері.

Меншік: түсінігі, эволюциясы. Экономикалық меншік байланыстары және олардың құрылымы. Меншіктің әлеуеметтік байланыстармен қатынасы.Субъектілер бойынша меншік типтері: мемлекеттік, жеке, аралас, шетелдік. Қазіргі экономикадағы акцио­нерлік меншік. Объектілері бойынша меншік типтері: Меншікті реформалау: ұлттандыру, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

Шаруашылық өмірдің кординциялық тәсілдері:дәстүрлі, нарық, команда. Натуральды шаруашылық: тарихи шекара, ерекшеліктері, қазіргі танымдар. Нарық (тауарлық) шаруашылығы: даму шарттары, түрлері, ерекшеліктері. Ұқсастықтары және табиғи тауар өндіру және өнімдердің айырмашылықтары.

Еңбек  кооперациясы. Еңбекті бөлу.

Қазіргі экономикалық жүйелер типологиясы. Дәстүрлі экономика. Нарықтық экономика. Әкімшілік-командалық экономика. Аралас экономика.

Нарық: түсінігі, функциялары. Бәсеке: түсінігі, түрлері. Жетілген бәсеке.Жетілмеген бәсеке: монополия, олигополия,  монополиялық бәсекелестік

Нарықтың жіктелуі. Нарықтық инфраструктура. Ресурстар айналымы, нарықтық экономикадағы ақша мен өнімдер.

Қазіргі нарықтық экономиканың мемлекеттің функциялары және реттеу әдістері.

Нарықтық экономиканың моделдері. Либералдық нарықтық моделі.

Әлеуметтік бағдарланған модель. Нарық жүйесінің ұлттық моделі.

II  Бөлім. Микроэкономика негіздері

4 тақырып. Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе – теңдік.

Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі

Сұраныс. Сұраныс қисығы. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар. «Сұраныс өзгерісі» және  «сұраныс көлемінің өзгерісі» түсініктері. Ұсыныс. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар. «Ұсыныс өзгерісі» және «ұсыныс көлемінің өзгерісі» түсінігі. Сұраныс пен ұсыныс тепе - теңдігі. Баға теңдігі мен сандар теңдігі. Жетіспеушілік пен артықшылық.

Икемділік түсінігі. Сұраныстың баға икемділігі. Сұраныстың баға икемділігінің коэффициенті. Сұраныстың баға икемділігінің типтері: икемді, икемді емес және  серпімді сұраныс бірлігі.Толық (абсолюттік) икемді және толық (абсолютті) икемді емес сұраныс.  Нүктелік және доғалық икемділік.

Баға сұраныс икемділігі және жалпы табыс пен оның тәжірибелік маңызы  және өзгеріс түрлері арасындағы қарым-қатынасы. Сұраныстың баға икемділігіне әсер ететін факторлар. Баға бойынша сұраныстың икемділігі.  Сұраныстың табыс икемділігі.  Ұсыныстың бағалық икемділігі және оның типтері. Ұсыныстың баға икемділігінің коэффициенті. Ұсыныстың баға икемділігіне әсер ететін факторлар.

5 тақырып. Тұтынушылық мінез – құлық теориясы

Ұтымды және пайдалы тұтынушы. Жалпы және өңделген ұтымдылық. Азаюы шекті пайдалылық заңы.  Барынша ұтымды қағидалар. .

Тұтынушылардың талғамы және енжарлы қисықтар.  Алмастыру шекті жылдамдығы және оның экономикалық мағынасы. Тұтынушының бюджеттік шектеуі. Бюджет сызығының жағдайы туралы кірістер мен бағаның өзгеруінің әсері. «Табыс - тұтынушы» қисығы және «баға - тұтынушы». Тұтынушының тепе – теңдігі. Тұтынушы мінезі мен табысқа тікелей әсері.

6 тақырып. Фирманың теориясы

Фирма түсінігі. Фирмалардың мақсаттары мен функциялары. Фирманың концепциясы: технологиялық, келісімдік, стратегиялық.

Өндіріс факторлары. Өндіріс – өндіріс факторларының комбинациясы ретінде. Өндіріс факторларының өнімділігін төмендету заңы.

Фирманың өндірістік  функциясы.

Фирманың өндірісінің нәтижесі – өнім. Фирманың жалпы, орташа және жасалған өнімі.

Фирманы функционерлендіруінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңі.

Құн тұжырымдамасы. Экономикалық шығындар мен баламалы шығындар принципі. Айқын және жасырын шығындар. Сыртқы және ішкі шығындар. Қайтарымды және қайтарымсыз шығындар. Қысқа мерзімдегі өндіріс шығындары. Тұрақты және айнымалы шығындар. Жалпы және орташа шығындар. Айыспалы шығындар. Ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындары. Жағымды, тұрақты және жағымсыз масштабтағы өндірістің  өсуі.             Фирманың орташа, жиынтық және шекті табысы. Экономикалық және бухгалтерлік кіріс. Салалық нарық құрылымы. Салалық нарықты жіктеудің мүмкін болатын  тәсілдері.

7 тақырып. Өндірістің нарықтық факторлары және табысты бөлу

Өндірістің нарықтық факторларының функционалды ерекшеліктері. Өндірістің сұраныс факторы.

Еңбек нарығы, оның мәні мен ерекшеліктері. Еңбектің ұсынысы мен сұранысы. Монопсония. Еңбек ақы. Номинальды және нақты еңбек ақы. Ең төменгіеңбек ақы. Жалақы ставкалары мен оның себептері туралы саралау.Капитал нарығы. Несие бойынша сыйақы. Номиналды және нақты сыйақы мөлшерлемесі. Инвестиция. Дисконттау және инвестициялар қайтарудың ішкі нормасы. Таза келтірілген құн.

Жер нарығы. Жердің ұсынысы мен сұранысы. Жер рентасы. Жер бағасы.

Кәсіпкерлік кіріс. Экономикалық табыс.Экономикалық табыс көздері. Сақтандырылған және сақтандырылмаған тәуекел. Монополиялық табыс. 

8 тақырып. Фирманың экономикасы

Компанияның сипаты мен сипаттамасы. «Ұйым – фирма–кәсіпорын» ұғымының түсінігі.

Экономикалық жүйе және оған компанияның әсері. Фирманың ішкі және сыртқы ортасы: түсінігі, факторлары, ерекшеліктерін сипаттау.  Фирмалардың ықтимал жолдары типологиясы. Ұйымдастырушылық – құқықтық формалары мен олардың мінездемесі.

Фирманың негізгі және айналым капиталының түсінігі. Фирма капиталын қаржыландырудың тәсілдері мен көздері.

Негізгі құралдар және материалдық емес активтер:мәні мен құрамы. Фирманың негізгі капиталының тозуы.

Компания айналым капиталының құрылымы және пайдалану кезеңдерінде мәні. Шығындар мен шығыстар түсінігі. Фирманың шығындары.

Фирма персоналдары: құрамы мен құрылымы. Персоналдарға деген сапалы және сандық талаптар: анықтау тәселдері мен басқа да әдістері.

Фирма персоналдарына еңбек ақы есептеу жүйесі мен формасының мінездемесі. Фирма әрекетінің қаржылық нәтижелері: мәні мен түрлері. Табысты қалыптастыру мен қолданудың механизмдері. Рентабельділік түрлері. Фирманың қаржылық жағдайының мәнісі: мақсаты мен мәні, негізгі көрсеткіштері және олардың интерпретациясы.

III Бөлім. Макроэкономика негіздері

9 тақырып. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Ұлттық экономика: түсінігі, мақсаты, салдары. Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ).

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ есептеу әдістері. Аралық және қорытынды тауарлар мен қызметтер.Қосылған құн. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша басқа да көрсеткіштер.  ЖІӨ, БҰӨ,  ТІӨ, ҰТ көрсеткіштерінің ара қатынасы.

Макроэкономикалық көрсеткіштерге баға деңгейінің әсері.  ЖІӨ есептеу мәселелері: нарықтық емес операциялар, көлеңке экономика, экологиялық мәселелер. ЖІӨ және ұлттың байлығы. Нақты және натуралды ЖІӨ. Жалпы ішкі өнім дефляторы және тұтынушы бағамының индексі.

Әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің негізі: топтау, көрсеткіштерін тобының құрамы.

10 тақырып. Жалпы мкароэкономикалық тепе - теңдік: жиынтық сұраныс моделі және жиынтық ұсыныс  (AD-AS)

            Жиынтық сұраныс түсінігі. Жиынтық сұраныс қисығы. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс түсінігі. Жиынтық ұсыныс қисығы. Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторлары. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жиынтық ұсыныстың қисығы (кейнсиандық және жиынтық ұсыныстың классикалық көрінісі). Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тепе – теңдік.

11 тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық және олардың көріністерінің нысандары

Экономикалық даму айналымы.  Экономиканың кезеңдік дамуының факторлары мен салдары. Экономикалық кезеңдер. Кезең фазалары: тоқырау, құлдырау, өміршеңдік, алға жылжу.

Кезеңдік тербеліс әсері және мемлекет тарапынан экономикалық белсенділік координациясы.  Жұмыссыздық және оның түрлері.  Фрикциялық жұмыссыздық.  Құрылымдық жұмыссыздық. Кезеңдік жұмыссыздық. Жұмыссыздық деңгейін анықтау. Толық жұмыспен қамту. Табиғи жұмыссыздық.  Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық салдары. Оукен заңы. Жұмыспен қамтудағы мемлекеттік саясат.

Инфляция, оның анықтамасы мен өлшемі.  Инфляцияның себептері. Инфляция қарқыны. Инфляцияның әлеуемттік – экономикалық жағдайы. Мемлекеттік инфляцияға қарсы саясат. Макроэкономикалық реттеудің мақсаты.

12 тақырып. Қаржы жүйесі және мемлекеттің фискалдық саясаты  

Қаржы жүйесі: құралу салдары мен құрылымы.

Бюджеттік жүйе: түсінігі, элементтері, қағидалары.

Салық және салық жүйесі. Салық функциялары. Салық ставкалары. Салық түрлері. Тікелей және жанама салық. Салық ауыртпалығы. Лаффер қисығы.

Фискалдық саясат және ұлттық өндіріс көлемі. Фискалды саясат құралдары. Мемлекеттік шығындар саясаты және оны реттеудің рөлі. Фискалды саясат түрлері: дискрециялық саясат, автоматты тұрақтандырғыш саясат. Мемлекеттік қарыз және бюджет жетіспеушілігі. Бюджет жетіспеушілігін реттеу және оны жабу. Экономикалық кезеңдегі тепе – теңдіңті сақтау. Қаржы жүйесінің концепциясы.

13 тақырып. Ақша-несие жүйесі  және ақша – несие саясаты

Ақшаның мәні мен функциясы. Ақша жүйесінің эволюциясы. Қазіргі экономикадағы ақша массасының түсінігі. Өтімділік. Ақша агрегаттары. Ақшаға деген сұраныс. Ақша теориясы.  

Банк жүйесі. Орталық бан және оның функциялары. Коммерциялық банктер. Несие, оның экономикадағы формалары мен орны. Ақша массасы және ақша базасы. Ақша  мультипликаторы. Ақша – несие саясатының құралдары мен мақсаты.

14 тақырып. Ұлттық экономика қызметінің ішкі және сыртқы факторлары

«Фактор» түсінігі. Сыртқы факторлар: түсінігі және жіктелуі. Сыртқы экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени факторлар.  Ішкі факторлар: түсінігі және жіктелуі. Ішкі: экономикалық – жағрафиялық, экономикалық, әлеуметтік – демографиялық, технологиялық , қоғамдық – саяси, ұйымдық – басқару, құқықтық, ақпараттық, экологиялық, тарихи факторлар.

15 тақырып. Экономикалық әлеует жиынтығы. Ұлттық байлық

«Әлеует» түсінігі, «экономикалық әлеует». Ұлттық экономика әлеуетінің бастапқы түрлері. Бастапқы әлеует ресурстарының түрлері. Экономикалық әлеуеттің белсенді және белсенлді емес бөліктері. Ұлттық экономика әлеуетін бағалау. Экономикалық әлеуеттің өзгеруінің экстенсивті және интенсивті факторлары.

Ұлттық байлық: түсінігі және мәні. Ұлттық байлықты бағалаудың түрлі әдістері бойынша элементтері. Ұлттық байлық құрамына кіретін қаржылық және қаржылық емес активтер.   

16 тақырып. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу

Экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа парадигмасын құру қажеттілігі. «Мемлекет», «реттеу», «мемлекеттік реттеу», «экономиканы мемлекеттік реттеу», «экономикалық саясат», «мемлекеттік экономикалық саясат» түсінігі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Экономикаға мемлекеттің араласуымен байланысты туындайтын мәселелері.

Ұлттық экономиканы мемлекетттік реттеудің мақсаттары. Мақсаттарының жіктелуі: жетістік критериялары бойынша;  жетістік мерзімі бойынша; өзара қатынасының сипаты бойынша; иерархиясы бойынша. Мақсаттың көпқырлығы.

Мемлекеттік реттеудің негізгі этаптары. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің объектілері. Шешілетін тапсырма деңгейі бойынша объектілердің дифференциациясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің даму этаптары.

Мемлекеттік реттеудің тура және жанама әдістері. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік және экономикалық әдістері. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары және сфералары.

17 тақырып. Ұлттық экономиканың дамуын стратегиялық жоспарлау

«Стратегия», «жоспар», «бағдарлама», «болжам», «стратегиялық жоспарлау», «даму» түсінігі. Экономикалық дамудың стратегиялық жоспарын құрудың  пайдалылығы. Стратегиялық жоспарлаудың мектептері.

Ұлттық экономика  - стратегиялық жоспарлаудың, стратегиялық жобалаудың, стратегиялық болжамның  объектісі ретінде.

Ұлттық экономиканың дамуын стратегиялық жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері. Стратегиялық жоспарлаудың логикасы.  Стратегиялық жоспарлау әдіснамасының принциптері. Ұлттық экономика дамуын стратегиялық жоспарлаудағы жүйелік тұрғысын пайдалану және оның аспектілері.

Макродеңгейдегі стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыру. Жекелей мемлекеттік билік пен басқару органдарының функциялары. Ұлттық экономиканың дамуының үкіметтік және баламалы бағдарламалары. Олардың сипаттамалары.

18 тақырып. Ұлттық экономка дамуын болжау

«Болжау», «болжамдау», «бағдарлама», «әлеуметтік экономикалық даму концепциясы» түсінігі. Әлеуметтік – экономикалық дамуды мемлекеттік болжау жүйесі.

Болжаудың жіктелуі: ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді болжамдар. Кешенді және жеке болжамдар. Болжау әдістерінің жіктелуі.

Болжау үрдісінтед пайдаланылатын негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді  дамуды болжаудың сипаттамасы.

IV Бөлім. Халықаралық экономика негіздері

19 тақырып. Заманауи әлемдік шаруашылық және оның құрылымы

«Әлемдік шаруашылық» түсінігі. Әлемдік экономика субъектілері және олардың өзара қатынас деңгейі.

Еңбектің халықаралық бөлінуі -  әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының негізі ретінде. Халықаралық  еңбек бөлінісінің даму факторлары.  Халықаралық еңбек бөлінісінің формалары: халықаралық мамандандыру және өндірісті халықаралық шоғырландыру.

Әлемдік бірлестік және оны құрайтын мемлекеттердің түрлі топтары.

Әлемдік шаруашылықтың дамуының негізгі этаптары. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның орны.

Әлемдік шаруашылықтың даму тенденциялары: жаһандану өндірісті көпұлттандыру және экономикалық қызығушылықтың негізіндегі халықаралық серіктестік.

20 тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары.  Мемлекеттің төлем балансы және оның құрылымы

Тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы.  Технология – халықаралық нарықтағы тауар ретінде. Халықаралық валюталық – несиелік қатынастар. Жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы.

Мемлекеттердің сыртқы қарыздарын реттеу мәселелері. XXI ғасырдағы  халықаралық экономикалық қатынсатрадың даму тенденциялары.

Төлем балансы – мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысын жалпылайтын көрсеткіші ретінде.

21 тақырып. Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздік

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік: түсінігі мен мәні. Экономикалық қауіпсіздіктің мазмұны мен құрылымы. Экономикалық қауіпсіздік элементтері: экономикалық тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы, өзін – өзі дамыту мен жетілдіруге қабілеттілігі.

Экономикалық қауіпсіздік деңгейі. Экономикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету сферасындағы мемлекеттік саясат.

Экономикалық қауіпсіздікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштерінің шектік мәні. Көрсеткіштер тобы. Экономикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету әдістері. Экономикалық қауіпсіздік объектілері.

Әдебиеттер тізімі:

1 Бөлім

  1. Международная экономика учебное пособие / Под.ред.д.э.н. Кенжебаевой З.С.- Алматы: Экономика, 2016.- 220с.

2.  Картаев Ф. С. "Выбор режима монетарной политики и экономический рост" Монография. — М.: Экономический факультет МГУ имени М. В. Ломоносова, 2017. — 232 с.. 

3.  Варшамова В. Г. Управление рисками ответственности Учебное пособие. – М.: Проспект, 2017. – 80 с.

4.  Буклемишев О. В., Данилов Ю. А. Современные тенденции институциональной структуры финансового регулирования Монография. — М.: Экономический факультет МГУ имени М. В. Ломоносова, 2017. — 152 с.  

2 Бөлім

1.  под ред. Н.П. Иващенко "Основы предпринимательства" Учебное пособие. – М.: Проспект, 2017. – 336 с. 

2.  Под ред. Н.А. Восколович, И.Н. Молчанова "Социально-экономические проблемы развития отдельных отраслей сферы услуг" М.: Экономический факультет МГУ имени М. В. Ломоносова, 2017 — 199 с.    

3.  Калабихина И.Е. "Социальное бюджетирование" Учебное пособие. М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 128 с.   

4.  под ред. Иващенко Н.П. "Экономика инноваций" Учебное пособие. М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 310 с.  

5.  Под ред. Маршева В.И. История управленческой мысли и бизнеса: «Сценарный менеджмент и Лидерство» М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 335 с.  

3 Бөлім

1.  Павлов М.Ю. "Формирование и использование творческого потенциала человека в экономике основанной на знаниях" Монография. М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 176 с.  

2.  Никитина Н.И., Патрон П.А.  "Макроэкономика-1" Учебное пособие. М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016.

3.  Под ред. В.Н.Черковца"Национальное богатство и национальный продукт.
К новому качеству экономического роста и справедливому распределению благ" Монография - М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 272 с.

4.  Под ред. Ю.М. Осипова, С.Ю. Синельникова, А.А. Антропова  "Развитие экономики России: проблемы и решения" Монография - М.: Экономический факультет МГУ имени  М.В. Ломоносова, 2016. - 148 с.

5.  Под ред. А.А. Пороховского"Экономическая система современной России: пути и цели развития" Монография - М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2015.

4 Бөлім

1.  Под ред. Ю.М. Осипова, С.Ю. Синельникова, А.А. Антропова  "Развитие экономики России: проблемы и решения" Монография - М.: Экономический факультет МГУ имени  М.В. Ломоносова, 2016. - 148 с.

2.  Под ред. А.А. Пороховского"Экономическая система современной России: пути и цели развития" Монография - М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2015.

3.  под ред. Тутова Л.А.  "Философия и методология экономики" Учебное пособие. М.: Экономический факультет МГУ имени М.В. Ломоносова, 2016. – 386с.  

4.  Джаншанло, Р.Е. Теория экономического анализа: учебное пособие - Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2015.- 164с.

  1. Джаншанло, Р.Е.     Экономический анализ: учебник.- Алматы: ТОО "Издательство LEM", 2015.- 684с.
  2. Кошимова, М.А.      Экономика малого и среднего бизнеса: учебное пособие/.- Алматы: Экономика, 2016.- 438с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Асмолова М.Л. Финансы для нефинансистов: Уч. пособие.-М.: РИОР: ИНФРА-М, 2014.- 147с.
  2. Банковский менеджмент: Уч. пособие/ С.П. Сазонов, В.А. Кабанов, Е.Е. Сидорова, И.А. Чеховская, О.А. Воротилова, О.В. Набатова; ВолгГТУ.- Волгоград, 2013.- 32с.
  3. Барышников Н.В. Основы профессиональной межкультурной коммуникации: учебник.- М.: Вуз.учебник: ИНФРА-М, 2014
  4. Бондаренко В.В., Васин С.М., Седлецкий А.В. Организационное поведение: Уч. пособие.- М.: КНОРУС, 2016.- 288с. – (Бакалавриат)
  5. Герасимова М.М. Исследование операций в экономике: Уч пособие.- Красноярск: СибГТУ, 2012.- 100с.
  6. Гусаков Н.П., Белова И.Н., Стренина М.А. Международные валютно-кредитные отношения: Учебник/Под общ.ред. Н.П. Гусакова.- М.: ИНФРА-М, 2015.- 314с.
  7. Дрогобыцкий И.Н. Системный анализ в экономике: Учебник.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2014.- 423с.
  8. Никифорова Н.А., Тафинцева В.Н. Управленческий анализ: Учебник для бакалавриата и магистратуры.- 2-е изд., испр. и доп.- М.: Юрайт, 2015.- 468с.- Серия: Бакалавр и магистр. Академический курс.
  9. Сребник Б.В., Вилкова Т.Б. Финансовые рынки: профессиональная деятельность на рынке ценных бумаг: Уч. пособие.- М.: ИНФРА-М, 2015.- 366с.
  10. Теория и практика корпоративного финансового менеджмента [Текст]: Уч. пособие/А.В. Гукова, А.И. Бородин, А.С. Бондаренко, И.Д. Аникина.- Волгоград: Изд-во ВолгГУ, 2013.- 93с.