Университет басшыларына арналған тіл курстары  шет тілдер және іскерлік карьера университеті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ішкі саясатын қолдай отырып, басшыларға арналған шет тілі курстары ашты. Университетіміздің ректоры доктор профессор Сабри Хизметлидің тапсырмасымен ашылған ағылшын және түрік тілі курстарының негізгі мақсаты проректор, декан, меңгеруші, директор, директор орынбасары т.б әкімшілік-академиялық персоналдың кем дегенде бір батыс және бір шығыс  тілін жоғарғы деңгейде меңгеруін қамтамасыз ету мен мекемеміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және университетіміздің әлемдегі танымал жоғары оқу орындары қатарына қосылуына үлес қосу болып табылады. Курстар ақысыз болып бітірушілерге сертификаттар тапсырылады.