Хабарландыру

ИССА мен Шет тілдері және іскерлік карьера университеті арасында протоколга қол қойылды.


     20 қараша 2015 жылы шет тілдері және іскерлік карьера университеті Халықаралық студенттер қызметі қауымдастығымен (ИССА) ынтымақтастық протоколына қол қойылды. ИССА төрағасы Дурсун Айдын және оның делегация мүшелері 20 қарашада шет тілдері және іскерлік карьера университетіне қонақ болды. Университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли  ИССА президенті Дурсун Айдын арасында Түркия мен Қазақстан арасындағы студенттермен алмасу, айырбастау және басқа білім беру қызметтерін қамтитын жоба туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, ол сол делегация мүшелерінен Түркия Республикасынан Невшехир Гаджи Бекташ Вели университетінің ректоры доктор Филиз Кылыч, Сиирт университетінің және Аксарай университетінің өкілдерімен Мәулана және Эрасмус бағдарламалары бойынша ынтымақтастық келісімдерге қол қойылды. Шет тілдері және іскерлік карьера университеті мен Алматы қазақ-түрік колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырған ИССА және жоғарыда аталған мекемелердің өкілдері өз университеттерін таныстырды. Олар шет тілдері және іскерлік карьера университетін жоғары бағалады, университеттің қызметін өте сәтті деп бағалады. Шет тілдері және іскерлік карьера университеті ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли  қонақтарға түскі ас берді және сыйлықтармен марапаттады. Қонақтар біздің университетке өте риза болды.