ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ АРНАЙЫ ҚОНАҚ БОЛДЫ.

2015 жылдың 8 желтоқсанында Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзаАстанадан арнайы қонақ болды. ұлттық киімдерін киген студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзаныгүлдермен қарсы алды.Жалпы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Пофессор Доктор Сабри Хизметли мырза Түркия мен Қазақстан арасында білім саласында көпір болып отырған университетіміздің алдағы мақсат міндеттері туралы Невзат Уянык мырзаға қысқаша мәлімет берді және келешекте жасалатын іс-шаралармен бөлісті. Елші университеттің және оқу орынның Қызметі туралы ақпарат алды. Елші университеттің зерттеулері және білім беру қызметін өте табысты деп тапты. Қосымша ректор Пофессор Доктор Сабри Хизметли мырзаны және барлық қызметкерлерді табысты жұмыстарымен құттықтады. Университеттің Қонақ кітабына өз тілегін жазып берді.Университетіміздің ректоры Пофессор Доктор Сабри Хизметли Уянык мырзаға қазақтың салт дәстүрі бойынша шапан жауып шығарып cалды. Ректор университетіміздің болашаққа Түркия мен Қазақстан арасындағы білім көпірі болғандығын айтты. Университетіміздің ректоры Пофессор Доктор Сабри Хизметли болашақта университет Түркия атынан жетекші мекеме болатынын болашақтың университеті екенін атап өтті. Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен бірге Алматы Бас консулы Рыза Йылмаз Қаған мырза және вице-консул Мұстафа Алтай Сөнмез мырза да қонақ болды. Біздің университет атынан проректор профессор Проф. Доктор Х. Екхлер, Проф. Доктор З. Акткмбердиева және кеңесшілері Проф. Доктор У. Абдыхалыков, PHD доктор Е. Оңғарова мен әкімшілік персоналдар да болды. Университетіміздің ректоры Пофессор Доктор Сабри Хизметли алдағы уақытта университетіміздің іс-шараларына Невзат Уянык мырзаныда арнайы шақырды. Келешекте Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырза Шет тілдер және іскерлік карьера университетімен елшілік арасында  кездесулер жалғаса берсін деген тілегін білдірді.