ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШАРА

30 желтоқсан 2015 жылы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде жаңа жылға арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шара университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметлидің демеушілігімен мерекелік дастарқан жасалып, мерекелік жоғары көңіл-күйде өтті. 

  Университет ректоры Сабри Хизметли мереке аясында университеттің қоғамдық жұмыстарына, кәсіби бағдар беру жұмысына, студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткен әкімшілік-академиялық қызметкерлерді 3 түрлі жағдайда марапаттады.

  1. Қаржылай;
  2. Kzi Банктің демеушілігімен дайындалған кеңсе тауарлары
  3. Жаңа жылдық дастарханға арналған мерекелік заттар

        Мереке шара барысында әр факультет, кафедра оқытушылары мен  колледж  ұжымы концерттік нөмірлер, көріністер, ойындар ұйымдастырды. «Шет тілдер» кафедрасы ұйымдастырған «Күлше қыз» атты қойылым  бірнеше тілде: қазақ,  орыс, ағылшын, түрік,  араб, қытай, неміс тілдерінде өтті.

      Кеш барысында түрлі ұлт өкілдерінің әндері айтылып, биленді. Ең үздік нөмірлерген сыйлықтар тапсырылды. Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің қойылымдары ең үздік деп танылып, бас жүлде – бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға «Журналистика, қазақ тілі мен әдебиеті және информатика» кафедрасы ие болса, үшінші орынға «Шет тілдер» кафедрасы ие болды. Жүлделі орын алғандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.