16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты жалпы университеттік салатантты шара өтті. Шара барсыныда құттықтау сөз алған университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли Қазақстан республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екендігін, оны қабірлеп, бағалай білу керектігіне баса мән бері. «Тәуелсіздік  ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Онда «Тарих, дінтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ұлан Абдыхалықов «Тәуелсіздікке жетудің тарихи соқпақтары» атты тақырыпта, университеттің ғылым және тәрбие жөніндегі проректоры Гүлназ Бейсенбекова «Елбасы жолдауы – басты бағдар» атты тақырыпта, т.ғ.к., доцент Мұрат Сембинов «О роли образования и науки в свете Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева» атты тақарыпта, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің оқытушысы Гүлнара Султанмурадова «Тәуелсіздік - ұлы мұрат, қастерлі ұғым» атты тақырыпта баяндама жасады.

Университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли мереке аясында университеттің қоғамдық жұмыстарына, кәсіби бағдар беру жұмысына, студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткен әкімшілік-академиялық қызметкерлерді қаржылай және алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты шара барысында желтоқсаншы, қаһарман қыз Абай атындағы Қазақ ұлттық педжагогикалық университетінің доценті, п.ғ.к. Бидана Қабатаймен кездесу өтті. Бидана Қабатай сол кездегі қазақ жастарының не себепті алаңға шыққандығын, сол кездегі желтоқсан оқиғасының ызғарлы сәитерін айта келе, тәуелсіздікті бағалай білу керектігіне тоқталды. Салтанатты шара соңы студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласыт.