III ТҮРКІ ДҮНИЕСІ ТУРИЗМ СИМПОЗИУМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Манас атандағы Халықаралық Қырғыз-Түрік университеті, М.Қ.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университет және Түркіи Республикасы Кастамону университеттерімен бірлесе отырып «III Түркі Дүниесі Туризм симпозиумын» өткізді.

I Түркі Дүниесі Туризм симпозиумы 2015 жылы Түркіия Республикасы Кастамону университетінде болды.

II Түркі Дүниесі Туризм симпозиумы 2016 жылы университетімізде болды.

Ал III Түркі Дүниесі Туризм симпозиумы, үстіміздегі жылдың 20-22 сәуір күндері Манас атандағы Халықаралық Қырғыз-Түрік университетінде болып өтті.

Симпозиумға алты елден 150-ден аса ғалымдар мен ғылыми зерттеу институттары өкілдері,Қырғызстан Республикасы Мәдениет, информация және туризм министрлігінен министрдің орынбасары,  Түркия Республикасының Қырғызстандағы бас елшісі, Түркі Дүниесі университеттер бірлігі өкілдері және туризм және мәдениет саласындағы әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Төрт университеттің бірлесе отырып ұйымдастыруымен өткен симпозим жоғары дәрежеде өтті. Симпозиумда Түркі дүниесінің мәдениеті, тарихы, тілі мен экономикасының дамуында маңызды салалардың біріболған туризм мәселесі жан-жақты талқыланып, келеңді мәселелері көтеріліп, тұшымды пікірлер айтылды.

Симпозиумның соңғы күнінде бүгінге дейін жасалған жұмыстардың қорытындысы жасалып, кемшіліктер мен проблемаларды жою жолдары қарастырылып, Түркі дүниесі туризмін дамыту жолдары талқыланды.

Іс-шараның соңында IV Түркі Дүниесі Туризм симпозиумын Қазақстан Республикасы М.Қ.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде өткізу шешімі қабылданды.

Симпозиумға қатысқан ғалымдар мен қонақтар ғылыми іс-шара жайында жақсы пікірде, көтеріңкі көңілде тарқасты.