Бакалавриат

 Бакалавриат – заманауи, болашағы бар, толыққанды және сапалы білім алу бойынша әлемнің барлық дамыған елдері мойындаған мейлінше ұтымды бағыт. 

 

Бакалавр дипломы мемлекеттік үлгідегі толыққанды жоғары білім туралы диплом болып табылады.  Ол жоғары білім талап ететін лауазымға орналасуға және магистратурада оқуды жалғастыруға негіз болады. 

 

Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде жоғары білім алу деңгейі мен кәсіби дайындық бағыты бойынша  бакалавриатты таңдау бірқатар артықшылықтарға ие:

•  «Бакалавр» біліктілігі дәстүрлі «дипломды маман»-ға қарағанда халықаралық классификация  бойынша қабылданған және дүниежүзіндегі, ең алдымен мейлінше экономикалық дамыған елдердегі барлық жұмыс берушілерге түсінікті.

• Бакалавр даярлаудың орнықтылығы Сізге, қажет болған жағдайда, кәсібіңізді оңай ауыстыруға мүмкіндік береді.  Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әртүрлі  бағытта бакалаврлар даярлау бағдарламасы, сәйкес мамандықтар тізбесі бойынша, кез келген мамандыққа  бір жыл ішінде ауысуға мүмкіндік беруге арналған. 

• Бакалавриат бағдарламасы бойынша Шет тілдер және іскерлік карьера университетін бітіргеннен кейін ШТжІКУ–де магистратура оқығыңыз келсе, сізге кепілденген жеңілдік беріледі. 

 

Бакалавриатта оқу қалай жүреді?

2002 жылдан бастап Қазақстан оқудың кредиттік жүйесіне ауысты. 

Оқудың несиелік жүйесі – оқушылар белгілі бір шекарада оқу бағытын жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі. 

Кредит (Credit, Credit-hour) – оқушы/оқытушы жұмысының көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік.  Оқу үрдісін несиелік технология бойынша ұйымдастыруда 1 несие аптасына 3 сағаттық жұмысқа тең деп есептеледі. Сонымен қатар 1 академиялық сағат студенттің 2 сағаттық өзіндік жұмысымен (оқу құралдарымен жұмыс, үй тапсырмаларын орындау және оқытушымен бірге жұмыс) қоса жүреді.  

 

Кредиттік технологиямен оқытудың негізгі мақсаттары:

• студенттердің білім көлемін біріздендіру;

• мейлінше жекелендіріп оқыту;

• өзіндік жұмыстың ролін арттыру.


Әр пән бойынша білім сапасы оқытудың үш сатысында балды-рейтинг жүйесі бойынша бағаланады:

• ағымдағы бақылау (тапсырманы орындау, сабаққа қатысу және басқалар.);

• аралық бақылау (8 және 15 аптада тест түрінде, бақылау жұмысы және т.б.);

• емтихан (егер ағымдағы және аралық бақылау жұмыстарындағы балы жеткіліксіз  болса, студент емтиханға жіберілмейді).

 Әр этапта 0-ден 100-ге дейін балл (рейтинг) қойылады және орташа GPA ауыстыру балы есептеледі. Ол семестрдегі барлық пәндер бойынша балдар саны мен несиелер санына қарай есептеп шығарылады. 

 Егер студент пән бойынша тиісті балл алмаса (60%-дан 100%-ға дейін) , онда оған бұл пәнді қайта алуына тура келеді. Бұл - Retake (ритэйк) деп аталады.

 

                                                                             

 

 

Бакалавриаттың жалпы білім беру бағдарламасының құрылымы

 


Топтамалар мен пәндердің атаулары

Жалпы  еңбек сыйымдылығы

Байланыстағы сағ. бойынша
   (50 мин.)

Несие бойынша

1

Жалпы білім беру пәндерінің топтамасы (ЖПТ)

1485

33

1.1.

Міндетті құрам

1485

33

 

Қазақстан тарихы 

135

3

 

Философия

135

3

 

Шет тілі

270

6

 

Қазақ (Орыс) тілі

270

6

 

Информатика

135

3

 

Экология және  тұрақты даму

90

2

 

Социология

90

2

 

Саясаттану

90

2

 

Экономикалық теория негіздері

90

2

 

Құқық негіздері

90

2

 

Өмір сүру қауіпсіздігі негіздері

90

2

2

Базалық пәндер топтамасы П)

2880

64

2.1.

Міндетті құрам

900

20

 

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

90

2

 

Кәсіби-бағытталған шет тілі

90

2

2.2.

Таңдау бойынша құрам

1980

44

3

Кәсіптік пәндер топтамасы (КП)

1440

32

3.1.

Міндетті құрам

225

5

3.2.

Таңдау бойынша құрам

1215

27

 

Теориялық оқу қорытындысы

5805

129

4

Қосымша оқу түрлері (ҚОТ)

   

4.1.

Міндетті құрам

   

 

Дене шынықтыру

240

8

 

Түрік тілі

120

4

 

Кәсіптік тәжірибе  (КТ)(түрлері бойынша)

тәжірибе түріне байланысты

кем емес 6

5

Қорытынды аттестация

   

5.1.

Диплом жұмысын жазу және қорғау (жобасын)

210

2

5.2.

Мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан ( 1 МЕ-ға)

105

1

 

 

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ КЕЛЕСІ БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЙЫНДАУДА 

 

Мамандық шифры 

Мамандық атауы 

Білім беру

1

5В011100

Информатика

2

5В011400

Тарих 

3

5В011700

Қазақ тілі және әдебиеті 

4

5В011900

Шет тілі: екі шет тілі

Гуманитарлық ғылымдар

5

5В020200

Халықаралық қатынастар 

6

5В020600

Дінтану

7

5В020700

Аударма ісі

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес 

8

5В050400

Журналистика

9

5В050600

Экономика

10

5В050700

Менеджмент

11

5В050800

Есеп және аудит

12

5В051100

Маркетинг

Қызметтер

13

5В090200

Туризм