ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің осы жылғы халыққа жолдауын жүзеге асыру мақсатында, «ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК: Қазақстанның ұлттық экономикасын жаһандық бәсекеге қабылеттілік қайнаркөздері мен инновациялық технологияларын жаңғырту» консепті атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты университет оқытушы профессор құрамы мен студенттері арасында ұлттық экономиканың қайнар көздерін талқылау, ел экономикасын жаңғыртуда инновациялық технологияларды қолдану жолдары мен бәсекеге қабылетті маман дайындау, адами капиталы инвестициялау жолдарын қарастыру болып табылады.

Дөңгелек үстелде негізгі баяндамашылар Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Док. Проф. Истаева А.А.«Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары»; Еуразия ғылыми зерттеу институты бас маманы Нурбаев Д.«Жаңғырту 3.0: үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық»;ШТІКУ экономика факультеті деканы тех.ғ.к. Беккулиева Б.М.«Әлеуметтік бағыттағы реформаның дамыту механималары»; ШТІКУ экономика факультеті доценті э.ғ.к. Садыров Ғ.А.«Қазақстанда инновация мен жаңа технологияларды енгізу мәселелері».Сонымен қатар дөңгелек үстелге университет оқытушы профессор құрамы мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде елбасы жолдауында көрсетілген ұлттық экономиканы дамыту жолдары адами капитал негізінде жүзеге асатындығы, ұлттық рухты жаңғырта отырып жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мәселелеріне баса көңіл берілді.

Университет ректоры Сабри Хизметли елбасы Н.Ә.Назарбаевтің көреген саясаты мен саналы көшбасшылығы нәтижесінде Қазақстанның жедел экономикалық дамуы мен жетістіктерін көруге болатынын және Түркі дүниесі экономикасының интеграциясына қол жеткізетініне сенімді екенін атап өтті.

Ғылыми іс-шара мақсатына сай, ғылыми негізде тартысты әрі қызықты өтті.