Жастар ісі жөніндегі комитет

 

Студентіміз Ерғалиев Мұрағат Республикалық «Жастар форумына» қатысып өз үлесін қосты

Елордада 29-шы қараша менен 1 желтоқсан арасылығында Республикалық жастар форумы өтті. Еңбек етіп, қоғамдық шараларға етене араласып жүрген мыңнан астам жас азамат бүгінгі форумда бас қосты.

Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам адам, соның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Жастар форумына Шет тілдер және іскерлік карьера университеті атынан Тарих және дінтану факультеті студенті Ерғалиев Мұрағат да қатысып қайтты. Ерғалиев Мұрағат, білімде озат, қоғамдық жұмыста әр дайым алда және университетіміз, қаламыз қала берді еліміз көлемінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсене атсалысатын азамат ретінде танылады.

Форумға қатсысқандар түрлі салада қызмет еткенімен, мақсаттары ортақ. Барлығы – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді азаматтар. Бүгін олар бірігіп, жастар саясатының қазіргі ахуалын талқылайды. Оны одан ары дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Форум аясында еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері сараланып, барша жастарды «Қазақстан-2050» Бұл басқосуға дәстүр бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.


  

    Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде 3 ірі  клуб  жұмыс істейді.

  1. Қазақстан-Түркия достық клубы
  2. Шет тілдер және туризм клубы
  3.  Өнер және спорт клубы

 

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ КЛУБЫ

 

 Қазақстан-Түркия достық клубының алдына қойған мақсаты - Қазақстан-Түркия арасындағы білім, ғылым, экономикалық, рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралау, байланыстыру, туыстық қатынастарды дамыту. 

 Қазақстан-Түркия достық клубының негізгі міндеттерінің бірі - Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының даму динамикасы тәрізді, біздің халықтарымыздың тарихы мен мәдениетінің тамырының ортақ болуы мемлекеттеріміз арасындағы ұзақ жылдық стратегиялық серіктестіктің орныққаны туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде тұңғыш таныған мемлекет Түркия екенін әрдайым есте сақтауды мақсат етеді.  Соңғы жылдары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы біздің екіжақты ынтымақтастығымыз динамикалық дамуда.  Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мә­дени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы жоғары қарқындылығымен сипатталады. Университеттегі клубтың маңызды шаралары да тіліміздің, дініміздің, тарихымыздың және мәдениеті­міз­дің ортақтығынан қуат алатын туыстық қатынастардың мәдени іс-ша­ра­ларға қатысуларына, шығарма­шы­лық делегациялармен алмасу практикасына, екі ел қалалары мен аймақтарының арасындағы бауырластық байланыстарды да­мытуға бет алған іс-шараларды дамытуға, нығайтуға қызмет етеді.

 

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ТУРИЗМ КЛУБЫ

 

       Шет тілдер және туризм клубының алдына қойған мақсаты:   университет студенттерінің халықаралық деңгейдегі шет тілдерін еркін игеріп, қоғам сұранысына жауап бере алатын бірнеше тілді жетік меңгерген маман дайындау.  

           Міндеттері:

  •  клуб мүшелерінің шешендік қабілеттерін дамыту;
  • оқу материалын бекіту;
  • туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызметтерді ұйымдастырудың жолдарын үйрету;
  • ел шіндегі туризмді, ұлттық туризмді дамытудың жолдарын  белгілеу;
  • сауықтыру, танымдық, кәсіби – іскерлік, спорт түрлеріне баулу;
  • туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялыққызметтер, сонымен қатар гид – аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтерді практикалық тұрғыдан көрсету; дайындау;
  • шет тілдерінде және мемлекеттік тілде ғаламдық саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау;

 Клуб мүшесі болу шет тілін терең меңгеруге, тілдік қабілеттерді дамытуға, тілдік кедергіні жеңуге, түрлі туристік жорықтар барысында туындайтын қиыншылықтарды игеруге мүмкіндік береді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында бірнеше дебаттық сайыстар, түрлі тілдік олимпиадалар, туризмді дамыту бағытындағы жорықтар, шаралар  республика деңгейінде өткізіледі.

 

 

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ КЛУБЫ

 

  Өнер және спорт клубының алдына қойған мақсаты –  университет студенттерінің қоғамдық өмірге, түрлі мәдени шараларға, салауатты өмір салтын дәріптеуге қызмет етеді. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу университетіміздің басты міндеттерінің бірі.  Клубта өнерлі жастармен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама команадасына енетін студенттер де осы клубтың мүшелері болып табылады.

    Клуб мүшелері университетте ғана емес, елімізде  өтетін түрлі шараларға белсенді қатысып, өнер жағынан да, спорт жағынан да гран прилерді жеңіп алды. Атап айтқанда, «Дінтану» мамандығының  1-курс студенті  Усербаев Нұрадил  2015 жылы 28-30 наурыз айында Орал қаласында өткен Қазақстан Республикалық спорт түрі  «Грепплинг және Панкратион» атты  чемпионаттық жарыста  Бас жүлде - «Алтын» медаль алып келді. Усербаев Нурадил қалалық, республикалық жарыстарға «Грепплинг және Панкратион» спорт түрі бойынша бірнеше рет қатысып, жүлделі орынға ие болды. Клуб мүшелері түрлі сайыстармен бірге, туризмді де дәріптеумен айналысады. Олар еліміздің түрлі тарихи-мемориалдық мұражайларын, тарихи ескерткіштерін, түрлі пайдалы қазбалардың шығу тарихын зерттей отырып, қасиетті тарихи орындарға туристік жорықтар жасап отырады.