Біз туралы

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 05. 04. 2001 26985-1910-М-Е нөмірлі шешімімен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім, ғылым және мәдениет келісімдерінің нәтижесінде Алматыда құрылды.

Университеттің құрушысы Қазақстан республикасының заңы бойынша заңды тұлға  саналатын «Орта Азия Мәдениет қоры» болып табылады. Бұл қордың құрылтайшылары  Қазақстан және Түркия Республикаларының азаматтары. Сондықтан да Орта Азия Мәдениет қорыда, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де халықаралық ұйымдар.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тарихта түп тамыры бір Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі, жаңа заманның ғылыми және технологиялық жаңалықтарын қазақ жастарына таныстыру, сапа, тәртіп, тәрбие жағынан үлгі болуды көздеген. Университетіміз осы жетістіктерінің арқасында 2006-2007 жылдары Қазақстан университеттері  арасында 10 орынды иеленді. Осы жетістік бұдан да биіктерге шығу үшін жасалған алғашқы қадам болып отыр.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған. Кейін екінші  жоғары оқу орны ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді.

Біздің тәлім-тәрбие саясатымыз - бүгінгі күннің талаптарына сай, келер күннен күткеніңіздей оқу-тәрбие беру. Жеткілікті базасымен, жетекші маман кадрларымен оқыту процессін жетік меңгерген, теория мен практиканың сабақтастығына, ұштастығына көңіл бөлетін, дамыған өлкелермен ғылыми-тәрбиелік алмасу бағдарламаларына қатысатын, ең кемі екі шет тілін академиялық деңгейде үйрететін, студенттердің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамуын қадағалайтын тәлім-тәрбие саясатын ұстанудамыз.

Университетіміз төмендегі  тәлім түрлері негізінде жұмыс істейді: күндізгі, кешкі және сырттай. Бұл бағыттар негізгі бастауыш  тәлім, жалпы негізгі тәлім, жалпы орта тәлім, жалпы қосымша және мамандық тәлім, алғашқы мамандық тәлім, орта мамандық тәлім, жоғарғы мамандық тәлім, қосымша мамандық тәлім, жалпы жоғарғы мамандық тәлім түрлерін қамтиды.

Университетімізге Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа, Түркі Әлемінен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД), Қытай, Монғолия, Жапония, Корея, Пәкістан сияқты көрші мемлекеттерден  оқу түрінің барлық бөлімдеріне  орта, арнайы орта және жоғары білім негізінде қабылдайды.

Орта және жоғарғы мамандық оқуы бағдарламалары әлеуметтік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, мәдениет, өнер және осы аталғандармен тамырлас білім салаларын өзара ұштастыра отырып, сапалы мамандарды дайындауға бағытталған.

Шет тілдер және іскерлік карьера университетін бітірген студенттер мемлекеттік үлгідегі «жоғарғы білім туралы диплом» ала алады. Бұл диплом, Қазақстан Республикасының дәрежесі мен статусы жөнінен тең саналатын басқа да жоғарғы оқу орындарының дипломдарымен бірдей болып есептеледі.