К А Д Р Б Ө Л І М І

ДОСОВА ЖАНАР СҰЛТАНҚЫЗЫ

 Кадр бөлімінің бастығы

1985 жылы 12 маусым айында Ақтөбе облысында, Байғанин ауданында  туылған. 2002-2005 жылдар аралығында  «Прогресс» политехникалық колледжінде 3706002 «Есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығын алып шықты. 2005-2008 жылдар аралығында Алматы гуманитарлы-технологиялық университетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығын тамамдаған. 2003-2009 жылдар аралығында «Прогресс» политехникалық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 1 санатты информатика пәнінің оқытушысы. 2006-2012 жылдар аралығында аталған колледжде директордың кадр жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың қазан айынан қазіргі уақыт дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мен Алматы қазақ-түрік гуманитарлы-технологиялық колледжінде кадр бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.

 Кадр қызметінің негізгі мақсаты - жұмысшылар мен мамандарды іріктеу, орналастыру және пайдалануды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру, кадрларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру және тұрақты жұмыс істейтін ұжымды қалыптастыру.  Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кадр бөлімінің негізгі атқаратын қызметі университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің кадрлық іс қағаздарын жүргізу және өндірістік мәселерін шешу  болып табылады және ішкі еңбек тәртібі ережелерін қарастырады. Кадр бөлімінің құзыреті:

-           кадрларды таңдау, орналастыру,

-          кадрларды тиімді пайдалану,

-          кадрлық резерв құру жұмыстарын жүргізу,

-          кадрларды аттестациядан өткізуге қажетті құжаттарды дайындап, жүзеге асыру.

 Кадр бөлімінің бастығы Досова Жанар Сұлтанқызы  осы мақсаттарды жүзеге асыруда жақсы табыстарға қол жеткізуде.  Университет штатын қажетті кәсібі, мамандығы мен біліктілігі бар жұмысшылармен қамту мәселесімен де айналысады. Бөлімде бөлім атауымен өз мөрі және штампы бар.

        Университеттегі кадрларды іріктеу және орналастыру; кадр қызметінің жұмысын жетілдіруге бағытталған үдерістерді басқару және жағдайды болжамдау, университеттің негізгі қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, кадрларды есепке алуды ұйымдастыру және болжамдау,  кадрлар қорын жасау, университеттегі әскери қызметке міндеттілер мен әскер қатарына шақырылғандарды әскери есепке алу.  Кадрлармен жұмыс жасау жағдайын зерделеуді жүзеге асырады, дұрыс орналастыру, іріктеп алу. Олардың ауысуы мен тұрақсыздығын төмендету бойынша шаралар қолданады.

       Кадрлар бөлімі өз қызметінде сонымен қатар университеттің түрлі қызметтерімен бірлесе жұмыс істеп, университеттің жеке құрамы мен кадрларға байланысты бұйрықтар дайындаумен, қызметкерлердің саны мен сапасын анықтайтын құжаттар мен институт қызметкерлерінің еңбек өтілдеріне қатысты барлық құжаттардың есебін жүргізіп, оқытушы-профессорлардың арасында өткізілетін аттестациялық және конкурстық комиссиялардың отырыстарына қажетті құжаттарды дайындап, оларды өткізуге қатысады.

 


Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 168, 1  этаж, кабинет  № 101
Телефон: 379-78-96 (701)
Электрондық пошта: ayajan@mail.ru