Кафедра иностранных языков - Университет иностранных языков и деловой карьеры
Кафедра иностранных языков

Қасенов Солтанбек Капасович

 

Қызметі: Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

E-mail: s.k.kasenov@mail.ru

 

 

 

Шет тілдер кафедрасы іргесі университетпен бірге қаланып, оқу орнының кәсіби маман даярлау барысындағы жетекші кафедраларының бірі.   

Кафедра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышысының екі бағыты негізінде бакалавриат және магистратура бойынша кәсіби мамандар даярлайды: екі бағыты негізінде бакалавриат және магистратура бойынша кәсіби мамандар даярлайды:

 

6B01 Педагогикалық ғылымдар бағыты:

  • 6В010300- Педагогика және психология
  • 6В01702–Шетел тілі: екі шетел тілі

 

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар:

  • 6B02302-Шетел филологиясы
  • 6В02301-Аударма ісі

 

Маман даярлаудағы университеттің басты академиялық саясаты– студенттердің шетел тілдерін терең меңгеріп, практикалық мақсатта еркін қолдана білуі. Білім алушылар ағылшын тіліне қоса, өз таңдаулары бойынша: түрік, араб, кәріс, қытай, француз және  неміс тілдеріне маманданады.

Кафедра профессор-оқытушылары құрамының  ғылыми әлеуеті жоғары, оқу процесіне отандық оқытушыларға қоса, бірнеше шетелдік жоғары санатты ғалымдар да тартылған. Сондай-ақ университет дайындайтын барлық білім беру бағдарламасы студенттеріне негізгі шет тіліне қосымша алты сағат ағылшын, төрт сағат түрік тілдері тегін оқытылады.

Кафедра заманауи талапқа сай жабдықталған материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. 2 оқу-әдістемелік кабинет, 1 мультимедиа-лингафондық класс, сонымен қатар екінші шетел тіліне практикалық сабақтарына арналған 1 мамандандырылған бөлме білімгерлердің сапалы білім алуына қызмет көрсетуде. Кафедраның компьютерлік сыныптары ғаламтор желісіне қосылған.

Мультимедиялық – лингафондық аудиторияларда ағылшын, түрік, араб, кәріс, қытай тілдерінің тәжірибелік сабақтарын өткізуде қолданылады. Еңбек нарығында кафедра түлектеріне деген сұраныс жоғары, жас мамандардың өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы жоғары деңгейде. Өткен тарихи кезең ішінде кафедра республика мектептері үшін мыңдаған  шетел тілі пәнінің мұғалімдерін даярлады. Бүгінде кафедра түлектері кең байтақ республикамыздың әр шалғайында жас ұрпақ тәрбиесі жолында жемісті еңбек етіп жүр. Сонымен қатар, кафедрадан білім алған түлектер көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Қытай мен Моңғолияда да табысты қызмет жасауда.        

 

Кафедра миссиясы – оқу үрдісіне заманауи ииновациялық әдістерді енгізе отырып, білімді, креативті және еңбек нарығында білімі мен кәсіби дағдыларын жүзеге асыра алатын, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

 

Міндеті – білімгерлерге ұлттық адамгершілік – мәдени құндылықтарды дәріптей отырып, сапалы білім мен тәрбие беру, жаһандық ақпараттық технологиялар заманында еліміздің жоғары рухани мәртебесін дамытуға өз үлесін қосатын, жоғары құзыретті білікті мамандар даярлау.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы:

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы екі бағытта жолға қойылған:

біріншісі, әр оқытушы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарға мақала түрінде жариялау және  республикалық және шетелдік гранттық жобаларға қатынасу;

екіншісі, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына жетекшілік жасау.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жолға қойылған, студенттік ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Мақсаты: Білім алушылардың шығармашлық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды жастарды іріктеу және оларға қолдау көрсету; жастардың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету; заманауи ғылыми мәселелерді шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

Профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейлерде өтетін ғылыми-практикалық іс-шараларға белсене  қатысады.

 

Оқу-әдістемелік жұмысы:

Оқу процесі кредиттік жүйеде бойынша ұйымдастырылған. Кредиттік жүйе –жаһандық интеграцияда болып жатқан студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету құралы ретінде аса маңызды, әлемдік білім траекториясына кең ауқымды жол ашады.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік жұмысы білім беретін оқу пәндерін оқу-әдістемелік кешенмен және оқу процесі сапасын арттыру мақсатында оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Кафедра оқытушылары көп тілде білім берудің сапасын арттыру  мақсатында әлемдік озық тәжірибелер мен заманауи технология элементтерін сабақтарында үнемі қолдануда. Жыл сайын шетелдік және отандық біліктілікті арттыру орталығының бағдарламалары бойынша оқып, кәсіби-педагогикалық біліктіліктерін арттырады.

 

Тәрбие  жұмысы:

 Кафедра оқытушылары студенттерге сапалы білім берумен қатар, тәрбие жұмысымен де айналысады. Бекітілген оқу топтарына тәлімгерлік қызмет жасайды және әр оқу тобы тәлімгерінің жұмысы бірнеше бағытты қамтитын бекітілген тәрбие жұмысының жоспары  негізінде жүзеге асырылады.

Кафедра студенттері жыл сайын кафедра, факультет, университет аясында өтетін барлық іс шараларға белсенді түрде ат салысып, білімдерімен қатар өнерлері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп отырады. Барлық іс-шаралар эстетикалық, патриоттық, рухани, құқықтық және интеллектуалды-шығармашылық тәрбиені бағыттауға бағытталған. Университетте жастарға саналы тәрбие беру мақсатында төмендегідей клубтар  жұмыс істейді.

-Қазақстан-Түркия достық клубы

-Шет тілдер және туризм клубы

-Өнер және спорт клубы

Студенттерінің алаңсыз білім алуы мақсатында барлық қолайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасалынған. Оқу корпусы жанында еуростандарт талаптарына сай жабдықталған 320 орындық жатақхана орналасқан. Онда кең де, жарық асхана, оқу пәндерінің оқу-әдістемелік әдебиеттерімен жабдықталған кітапхана, мәжіліс және жабық спортзалы бар.  Асхана студенттерді күнделікті үш мезгіл дәмді тағаммен қамтамасыз етеді. Жатақхана маңы ерекше мәдени ландшафт дизайнмен абаттандыралған.

 

Кәсіби бағдар жұмысы:

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әр оқушының қабілетті мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын дұрыс  таңдауға мүмкіндік жасайды.

 Кәсіби бағдар беру жұмысы кафедра қызметінің күн тәртібінен түспейтін басты бағыты. Әр оқу жылы барысында кафедра бойынша кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары жасалынады.

Кафедра дайындайтын білім беру бағдарламалары бойынша студенттер контингентін қалыптастыруда орта мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттері арасында «Ашық есік» күндері мен пәндік олимпиадалар ұйымдастырады.

Егер Сіз Қазақстанның әлемдік өркениетті елдері қатарына қосылуына өз үлесіңізді қосып, еңбек нарығында сұранысы жоғары маман иесі болғыңыз келсе, шет тілдер кафедрасы білім беру бағдарламалары ғана сіздің келешегіңізге кепілдік беретінін және тек біздің мамандықтар бойынша түлектердің білім беру саласында жұмыс жасауына құқығы бар екенін жадыңызда ұстаңыз.

 

Академиялық дәрежесі: 6В01101-Педагогика және психология білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Оқу нысаны: күндізгі бөлім.

Оқу мерзімі: орта білім негізінде: 4 жыл;

техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 3 жыл;

жоғары білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 2 жыл.

 

Кәсіби қызмет саласы: тәрбиеленушілердің әлеуметтік және тұлғалық даму мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу; білімгерлердің жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, физиологиялық-медициналық дамыту бағдарламаларын жасау больп табылады.

 

Кәсіби қызмет нысандары: мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері (шағын-орталықтар, бала-бақшалар), жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, соның ішінде лицей, гимназ мен шағын комплектілі мектептер, санаториялық мектептер, спорт мектептері, балалар үйі; арнайы түзету мекемелері (ақыл-ойы және дене дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған сыныптар мен мектеп-интернаттар), бастапқы кәсіби білім беру мекемелері (лицейлер), орта кәсіби білім беру мекемелері (колледждер).

 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);
  • өндірістік және басқару әрекеті;
  • жобалау (жалпы білім беретін орта мектептегі білім беруді моделдеу);
  • ғылыми-зерттеу (түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми-зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру, ұйымдастыру);
  • білім беру (психология және педагогиканы оқыту, мамандарды дайындау және қайта дайындау).

 

Кәсіби қызмет сипаты:  

  • оқушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық-педагогикалык іс-әрекет;
  • психология, педагогика ғылымындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталган ғылыми-зерттеу;
  • тәрбиеленушілердің исихологиялык-педагогикалык диагностикасы;
  • педагогикалық ұжым мен ата-аналарды тәрбиеленушілердің әлеуметтік дамуы мен жеке тұлғалық мәселелеріне бағыттау мақсатында жургізілген зерттеу жұмысының деректері бойыпша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау.
  • дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
  • педагогика және психологиядан алған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша тәрбиешілерге, педагогтарга кеңес беру;
  • 12 жылдық бейіндік оқытуға көшуге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

 

Академиялық дәрежесі: 6В01702- Шетел тілі: екі шетел тілі білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Оқу нысаны: күндізгі бөлім.

Оқу мерзімі: орта білім негізінде: 4 жыл;

техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 3 жыл;

жоғары білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 2 жыл.

 

Кәсіби қызмет саласы: 6B01702 «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы бойынша білім бакалавры өз кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.

 

Кәсіби қызмет объектілері: 6B01702 «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы бойынша білім бакалаврдың кәсіби қызмет объектілері ретінде:

  • бастауыш білім беру және тәрбие;
  • негізгі және кәсіби мектеп;
  • мамандандырылған мектеп;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру;
  • тәжірибелік-зерттеушілік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық.

 

Кәсіби-6B01702 «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби-педагогикалық қызметінің мазмұны: педагогикалық процесті сапалы түрде ұйымдастырып басқару, оқушылардың дүниетанымдық қабілеттерін белсенді түрде дамытуға бағыттау, білім берудің жеке бас маңыздылығы, барлық білім беру процесін оқушының жеке тұлғасына дамытуға бағыттау, өзін-өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану, оқушылардың өзін өзі дамыту және кәсіптік бағдары үшін қолайлы жағдайларды жасау, педагогикалық іс-шараларды психологиялық және әдістемелік тұрғыда құру, мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілетті қамтамасыз ететін оқушы әлемнің инофондық бейнесін оқып жатқан тілдің көмегімен көрсете білу.

 

Академиялық дәрежесі: 6В02301-Аударма ісі білім бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

Оқу нысаны: күндізгі бөлім.

Оқу мерзімі: орта білім негізінде: 4 жыл;

техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 3 жыл;

жоғары білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 2 жыл.

 

Кәсіби қызмет саласы:

  • білім және ғылым саласы;
  • мәдениет және мәдениетаралық қарым-қатынас саласы;
  • халықаралық қатынас саласы;
  • әкімшілік-басқару саласы;
  • баспа ісі саласы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
  • ақпараттық-сараптамалық сала.

 

Кәсіби қызмет объектілері: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, әр түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшіліктер мен  өкілдіктер, министрліктер, туризм агенттігі, баспалар, аударма бюросы және түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • аудармашылық (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);
  • ұйымдастырушылық (түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар  мен ұйымдарды құру);
  • өндірістік-басқарушылық: отандық, шетелдік, біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде кәсіби міндетті (түрлі аударма түрлері) орындай білу;
  • ақпараттық-талдамалы: саяси-әлеуметтік талдау жасау, ресми іс-қағаздар, есептер, қоғамдық жағдайларға болжам жасай білу, аударманы редакциялау;
  • ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинақтау және өңдеу);

 

Кәсіби қызмет сипатыаудармашы еліміздің шет елдермен ғылыми-мәдени, саяси-экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономика салаларында, халықаралық туризм жүйесі мен ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерінде кәсіби жазбаша  және ауызша (ілеспелі) аударма жасайды.

 

Академиялық дәрежесі: 6B02302 –Шетел филологиясы білім бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

Оқу нысаны: күндізгі бөлім.

Оқу мерзімі: орта білім негізінде: 4 жыл;

техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 3 жыл;

жоғары білімнен кейінгі қысқартылған оқыту: 2 жыл.

 

Кәсіби қызмет саласы:

  • білім және ғылым саласы;
  • филологиялық ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • филология саласы бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдар даярлау;
  • баспа ісі саласы;
  • бұқаралық ақпарат құралдары саласы;
  • ақпараттық-сараптамалық сала.

 

Кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу орталықтары, білім, мәдениет мекемелері, түрлі ақпараттық-талдау орталықтары, елшіліктер мен  өкілдіктер, баспалар, аударма бюросы және түрлі мәдени ұйымдар мен кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • шетел филологиясындағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталган ғылыми-зерттеу;
  • аудармашылық (түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттардың жазбаша аудармасы, келіссөздер, халықаралық кездесулер мен конференциялардың ауызша аудармасы);
  • ұйымдастырушылық (түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық органдар  мен ұйымдарды құру);
  • өндірістік-басқарушылық: отандық, шетелдік, біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде кәсіби міндетті (түрлі аударма түрлері) орындай білу;
  • ақпараттық-талдамалы: саяси-әлеуметтік талдау жасау, ресми іс-қағаздар, есептер, қоғамдық жағдайларға болжам жасай білу, аударманы редакциялау;
  • ғылыми-зерттеу (аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен баяндамалар жасау, практикалық материалды жинақтау және өңдеу);

 

Кәсіби қызмет сипаты: аудармашы еліміздің шет елдермен ғылыми-мәдени, саяси-экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономика салаларында, халықаралық туризм жүйесі мен ақпараттық-талдау қызметтері мен агенттіктерінде кәсіби жазбаша  және ауызша (ілеспелі) аударма жасайды.

События
ОБЪЯВЛЕНИЕ!
Анкетирование в обязательном порядке для студентов 3-го курса, студентам остальных курсов на добровольной основе
Вакансии
Опубликовано: 31 декабря, 2019
Конкурс на замещение вакантных должностей ППС и сотрудников Университета иностранных языков и деловой карьеры
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.
Вакансии
Опубликовано: 25 августа, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
Условия присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или...
Опубликовано: 29 июля, 2019
Лицам, имеющим среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения, прошедшим ЕНТ и желающим участвовать в конкурсе на...
Вакансии
Опубликовано: 25 июля, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
VІ. МЕЖДУНАРОДНЫЙ CИMПОЗИУМ ВИДНЫЕ ДЕЯТЕЛИ ТУРЕЦСКОГО МИРА: «МУСТАФА...
Опубликовано: 20 мая, 2019
В УИЯДК ведется прием документов на творческие специальности
Опубликовано: 27 июня, 2018
Приемная комиссия УИЯДК проводит  прием документов  на творческие специальности: 5В050400 – Журналистика и 5В020600 - Религиоведение. Документы принимаются с 20 июня по 7 июля, проведение творческих экзаменов пройдет  с 8 по 13 июля.  Подробная...
Уважаемые абитуриенты - 2018!
Опубликовано: 5 июня, 2018
2017-2018 учебном году выделили 109 ректорские гранты. 2018-2019 учебном году выделяется 60 ректорские гранты, из них 48 для бакалавриата, 12 для магистратуры. Приемная комиссия университета работает ежедневно с 09.00 до 18.00, без перерыва на обед и без выходных в период с...
О работе внешней экспертной комиссии НААР
Опубликовано: 21 апреля, 2018
С 24 по 26 апреля 2018г. в вузе работает внешняя экспертная комиссия Независимого агентства аккредитации и рейтинга. Цель работы комиссии – Институциональная аккредитацияи специализированная аккредитация 10 образовательных программ университета, аккредитованных в...