Шет тілдер және іскерлік карьера университеті (ШТІКУ) – «Сапалы тәлім және саналы тәрбие» миссиясымен жұмыс істеп жүрген жоғары оқу орындарының бірі. Білім беру қызметтерін және әр түрлі ғылыми-оқу әдістемелік шараларын осы түсінік және мақсат бойынша жүзеге асырып отыр. Жоспар, бағдарлама, жоба және жүйе негізінде міндеттерін орындауға ат салысады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым, тәлім-тәрбие, мәдениет және өркениет салаларындағы Заңдарын, нормативтік актілерін және саясатын, Білім және ғылым министрлігінің стандарттары, өкімдері, талаптары, бұйрықтары атқарылып отырған жұмыстардың атқарылып қайнар көзі болып табылады. Басқарма өз қызметін университеттің «Жарғысы», регламенттері, ішкі ережелері, ректордың бұйрықтары, шешімдері, талаптары мен тапсырмалары негізінде іске асырады. Халықаралық білім беру институттары мен ұйымдарының стандарттары мен принциптерін негізге алады.
Каримова Гулим Сарсемхановна
Сапа менеджменті және стратегия басқармасының басшысы
Қазыбек би 168, 2 қабат, №32 бөлме
279-78-94 (128),
Сапа менеджменті және стратегия басқармасы (СМСБ) ШТІКУ-дің тәлім-тәрбие, білім-ғылым, тәжірибе, миссия және саясатын, сипатын анықтау, олардың орындалу әдістері мен жүйелерін бейнелеп көрсеткен әкімшілік-академиялық басқарма болып табылады. СМСБ ректор тағайындаған және жұмыстан босатқан басшы тарапынан басқарылады және төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:
- СМСБ жоғарыда аталған қайнаркөздер негізінде жұмыс істейді. Оның қызметін, мақсатын қамтитын ережесі болады;
- ШТІКУ-дің «Сапалы тәлім және саналы тәрбие» беру миссиясын жүзеге асыру үшін план, жоба, стратегия және стандарттар дайындайды;
- кредиттік жүйе негізінде оқу, оқу-әдістеме істерінің сапалы және тиімді орындалуы үшін шешімдер қабылдайды, жобалар әзірлейді;
- бақылаулардың және тест тапсырмаларының талапқа сай орындалуына басшылық жасайды;
- академиялық күнтізбе әзірлейді;
- академиялық топтарды ұйымдастырады;
- таңдаулы-модулдік пәндерді анықталуына және білім беру бағдарламаларының дайындалуына бақылау жүргізеді;
- ШТІКУ-дің оқу бағдарламалары, дәрістері, практика жұмыстары және СМЖ мәселелерімен айналысады;
- ШТІКУ-дің қысқа, орта және ұзақ мерзімді план, жоба және стратегиясын дайындайды;
- ШТІКУ-дің білім-ғылым және халықаралық байланыстарды қамтитын жобалар, стратегиялар дайындайды;
- студенттер контингенті және профессор-оқытушы құрамы, төлемақы, жалақы мәселелері туралы стандарттар мен стратегиялар әзірлейді;
- ШТІКУ-дің әртүрлі стратегиялық жұмыстарымен жауапты;
- ШТІКУ саясаты мен мақсаттарын жүргізу;
- ШТІКУ-дің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге қатысу;
- университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесін, іс-қағаздардың және жазбалардың сапа көрсеткіштерін тиісті деңгейде ұстап тұруын үйлестіру;
- университет бөлімшелерінің инспекциялау және қайта сертификаттау аудитіне дайындық жұмыстарын үйлестіру және қатысу;
- университет бөлімшелерінде ішкі аудиттің өтуін жоспарлау және жүргізу;
- СМЖ-да түзету және алдын-алу іс-шараларының орындалуын бақылау;
оқу жылының басында, ортасында және соңында басқарманың жұмыстары туралы ректорға есеп береді.