Маулешова Джаннат Халкамановна
Кадр бөлімінің бастығы
Кадрлар бөліміне бірнеше жылдан бері Маулешова Джаннат Халкамановна басшылық етеді.
Кадрлар бөлімі университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерін есепке алуды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады, ішкі еңбек нормативтері мен актілерінің сақталуын бақылайды.
Кадрлар бөлімі жұмысының маңызды бөлігі кадрларды іріктеу, орналастыру және кадр резервін қалыптастыру болып табылады. Қызметкерлерге аттестациялау жүргізуді ұйымдастырады, оны әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысады, аттестация қорытындысын сараптауға, іс-шараларды әзірлеу бойынша аттестациялық комиссия шешімдерін жүзеге асырады.
Еңбек заңнамасына және ұйым басшысының актілеріне сәйкес жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды дер кезінде рәсімдеу, жеке құрамды есепке алу, қызметкерлердің осы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру, кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу, сондай-ақ қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға материалдарды дайындап, басшыға ұсынады.
Табельдік есеп жүргізуді ұйымдастырады, демалыс кестелерін жасап, және орындауды бақылайды, бөлімдердегі еңбек тәртібінің сақталу жағдайын ұйымдастырып, қадағалайды, еңбек тәртібін нығайтуға, кадрлардың тұрақтамауын төмендетуге, жұмыс уақытын жоғалтпауға іс-шаралар әзірлеп олардың орындалуын бақылайды.
Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 168, 1 этаж, кабинет № 101
Телефон: 379-78-96 (701)
Электрондық пошта: dzhannat1@mail.ru