ДОКТОР, ПРОФЕССОР ӘЛИ ӨЗЕК
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС БАСШЫСЫ
Қазақстан Республикасы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің президенті доктор, профессор Әли Өзек, Мугла облысының, Фетхие ауданына қарасты Доганлар ауылында дүниеге келген. Әкесі Мужуклар әулетінен шыққан Шакир бей, анасы Назмие ханым. Мужуклар әулеті, ұлы Түркістаннан (Орта Азия) Анадолыға көшіп келген түрік тайпаларынан тараған.
Үлкен отбасының бірінен шыққан Әли Өзектің 2 бауыры, 8 қарындастары бар. Үлкен ағасы Мустафа медицина ғылымдарының докторы, інісі Тахсин төреші.
1950 жылы орта оқуды бітіргенен кейін, оқуын жалғастыру үшін Мысырға кетті. 1950 - 1957 жылдары Каирде Аль-Азхар университетінде Араб тілі және Әдебиеті бөлімін тамамдады және өз мемлекетіне қайтты.
Әли Өзек 1962 – 1966 жылдары Стамбул университетінің Әдебиет факультетінде қайтадан жоғары білімін жалғастырды. 1973 жылы аталған университетте Ислам білімдері мамандығында докторантураны бітірді. 1986 жылы Мармара университетінде доцент, 1994 жылы профессор атағын алды.
Мармара университеті Дінтану факультетінің меңгерушісі болған Әли Өзек араб, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген.
Көптеген жылдар бойы, ғылыми қызметтер атқарған, көптеген республикалық және халықаралық ғылыми жиналысқа қатысқан доктор,профессор Әли Өзектің көптеген ғылыми еңбектері бар.
Әли Өзек – Қазақстанда «Орта Азия мәдениет қорының», Стамбулда «Ислам ғылымдарын зерттеу қорының» президенті. Қазақстанда және өз мемлекетінде құрылуына көп үлес қосқан ғылыми және мәдени мекемелер бар. Әли Өзектің өмірін, ғылыми еңбектері жайлы доктор,профессор Сабри Хизметлидің «Хақ жолындағы халқына қызметі» кітабында толықтай қамтылған.
Доктор, профессор Әли Өзектің бір қызы және екі ұлы бар.