Проректор - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Проректор

Хурия Экхлеф

и.ғ.к., доктор 

Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор

      Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, доктор, профессор Хурие Екхлеф 1958 жылы 30 мамырда Марокконың Талсинт қаласында дүниеге келген.   Әкесі Абд әл-Қадыр 1921 жылы дүниеге келген, өте танымал ғалымдар отбасынан шыққан, Алжир халқының ұлттық батыры. Анасы Зехре бинт Лахсан 7 қыз 3 ұлды дүниеге әкелген ардақты адам.
      Хурие Ехклеф отбасының тұңғышы, балалық шағын Мидлятта өткізіп, бастауыш мектепте білім алады.  Орта мектепті Мароккодағы Джирсиф қаласында тәмамдады. Мектепті бітіргеннен кейін Мароккодағы Уаджда қаласындағы Мұхаммед әл-Ауал атындағы университеттің араб тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. Бірақ бірінші курсты аяқтағаннан кейін  отаны Алжирге оралып,  Senea университетінде осы мамандық бойынша оқуын жалғастырады.
       1986 жылы университетті бітіргеннен кейін  Оран қаласындағы Әл-хаят гимназиясында оқытушы болып қызмет атқарады.
       1987 жылы Ехклеф  Хурие Түркия Республикасына тұрмысқа шығып, Анкара қаласындағы Анкара университетінде магистратура түсіп, 1992 жылы «Осман дәуіріндегі Алжирдің ғылыми және мәдени өмірі» атты тақырыпта магистрлік диссертация қорғайды. Осы университетте«Катіп Чалаби және сулламал-қусұлі»  атты кітабы» тақырыбында докторлық жұмысын қорғайды және осы 1996 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алады.
      2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түрік және ағылшын тілдері мен әдебиеті кафедрасына доцент  міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған.  1989-1990 жылдары түрік-араб мәдени орталығында араб тілінің оқытушысы;  1993-1996 жылдары Түркиядағы мұрағат  департаменті  қорының маманы;  1997-2000 жылдары Тілдер мемлекеттік институтының араб және француз тілдерінің оқытушысы;  2000-2005 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түрік тілінің оқытушысы,  түрік және ағылшын тілдері мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.
    2005-2008 жылдар аралығында Шет тілдер  және іскерлік карьера университетінде  шет тілдер факультетінің деканы бола отырып,  араб және түрік тілдерін жетік игерген маман ретінде дәріс жүргізеді.
     Доктор, профессор Екхлеф Хурияның  50-ден астам мақалалары мен 7 оқулығы отандық және шетелдік басылымдарда, газеттерде, ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазақ, араб және түрік тілінде оқитын студенттер мен оқытушыларға арнап, әдістемелік құрал дайындап, баспадан шығарған.   Хурия Екхлеф қазақ, түрік, араб, француз, орыс, ағылшын тілдерін жетік игерген. Заманауи талапқа сай  іскер әйел, бақытты ана, ұлағатты ұстаз, аяулы  жар, сыйлас әріптес Хурие Екхлефтің еліміздің әдебиет, мәдениет және ғылым саласында сіңірген еңбегі ерен.
События
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ – ТҮЛЕКТЕР КҮНІ...
Жарияланған: 19 желтоқсан, 2018
ШТІКУ–2009-2018 жылдар аралығында бітіруші түлектерді 26.12.2018 тарихында сәрсенбі күні жиналысқа шақырады. Сағат 12.00-13.30 арасындағы осы кездесуде түлектер басқару кеңесін құру, танысу, сұхбат ету шаралары болады. Негізгі мақсат түлектеріміздің өзара қарым-қатынастарын...
ШТІКУ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ (СМК) АУДИТІНЕН СӘТТІ ӨТТІ...
Жарияланған: 23 қараша, 2018
  ШТІКУ 20-22 қазан 2018 жылы өткізілген TSE EN ISO 9001-2015 Түрік стандарттар институты өткізген сапа менеджменті жүйесінің тексеруінен үлкен табыспен өтті. 3 күндік СМЖ тексеру бағдарламасы негізінде өткен 3 адамдық комиссия университетіміздің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми...
ШТІКУ шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылдауда...
Жарияланған: 27 маусым, 2018
ШТІКУ қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға (5В050400 - Журналистика және 5В020600 - Дінтану) құжаттар қабылдайды.             Құжаттар 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады, шығармашылық емтихандар 8-13 шілде...
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК- 2018!
Жарияланған: 5 маусым, 2018
ҰБТ-дан табысты өтуіңе тілектеспіз! Біз 2017-2018 оқу жылында жоғары балл жинағандарға 105 ректор гранты бөлінді. Университеттің қабылдау комиссиясы 01 маусымнан 26 тамызға күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді...
АРТА Сыртқы эксперттік комиссиясының жұмысы туралы...
Жарияланған: 21 сәуiр, 2018
2018 жылдың 24-26 сәуірінде университетте  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес институционалдық және мамандандырылған Ұлттық аккредиттеу бойынша Сыртқы эксперттік комиссиясының жұмысы жүргізіледі. Сыртқы эксперттік ко...
ХАБАРЛАНДЫРУ !
Жарияланған: 5 наурыз, 2018
«Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» 2018-2019 оқу жылының 5-ші және 11-ші сыныптар арасында оқушылар қабылдайтыны туралы хабарлайды.   ХҚТЛ-мен бірге болашаққа қадам жасаңыз! Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі 2016 жылдың 15 сәуірінде салтанатты түрде ашылд...
Объявление!
Жарияланған: 5 наурыз, 2018
Международный Лицей Казахстан – Турция объявляет набор учащихся на 2018– 2019 учебный год. Участие на экзамене бесплатно.
2018 жыл 22 сәуір ХҚТЛ өтетің емтихан туралы...
Жарияланған: 6 сәуiр, 2016
2018 жыл 22 сәуір Халықаралық Қазақстан – Түркия лицейінде өтетін 2018 – 2019 оқу жылына қабылдау емтихандарын ұйымдастырылуы туралы