Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің видео онлайн түрінде өткізген Ректорат мәжілісінің хаттамасы - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің видео онлайн түрінде өткізген Ректорат мәжілісінің хаттамасы

Онлайн мәжіліске қатысқандар: Мәжіліс төрағасы - ректор, доктор, профессор Сабри Хизметли,  ғалым хатшы Г.Бейсенбекова; ОжОӘ проректоры Г.Сарсенбаева, ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакирова, факультет декандары: У.Абдыкалықов, М.Түкібаева, Ж.Тусубаева, Ш.Айдарова;  кафедра меңгерушілері: А.Ағымбай, С.Қасенов, М.Сейдахметова (декан орынбасары, магистратура бөлімінің меңгерушісі Ш.Кудьярова, қабылдау және тіркеу бөлімінің басшысы З.Матаева, сапаны дамыту және стратегия басқармасының басшысы Г.Каримова, бас есепші Ш.Сахиева, заңгер Г.Казимирчик, кітапхана директоры Д.Нургалиева, АҚТГТК директоры А.Карабаева, ХҚТЛ директоры Б.Аманкулова.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың  төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер (Жауапты: Ректор, доктор, профессор Сабри Хизметли).
  2. Төтенше жағдай және оқу, оқу-әдістемелік жұмыстардың 16 наурыз 2020 жылдан бастап толығымен «Қашықтықтан оқыту платформасында» жүргізілуіне, ағымдағы оқу жылының соңына дейін бұл білім процесінің жалғасуына байланысты лауазымды орындарда және әкімшілік саласында жұмыс істеген қызметкерлеріміздің жұмыс режимі, жұмыс жол картасы (дорожная карта), әлеуметтік-қаржылық жағдайлары туралы. (Жауаптылар: Ректор, доктор, профессор Сабри Хизметли; проректорлар: Г.Сарсенбаева, Г.Аубакирова,  факультет декандары У.Абдыкалықов, М.Түкібаева, Ж.Тусубаева;  кадр бөлімінің басшысы Д.Маулешова; бас есепші Ш.Сахиева, заңгер Г.Казимирчик).
  3. ШТІКУ-дің ҚББТ платформасына көшуінен кейін туындаған техникалық, материалдық-қаржылық және әкімшілік проблемалар мен оны шешу жолдары (Жауаптылар: ҒжТ, ХҚ проректоры Г.Аубакирова; ПҒФ деканы М.Түкібаева; бас есепші Ш.Сахиева).
  4. Әр түрлі мәселелер.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

1. Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың  төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер туралы университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли мәлімдеді:

1) 16 наурыздан бастап академиялық және әкімшілік қызметкерлердің алдын ала денсаулығын негізге алуда, корнавирус індетінен сақтап қорғауға үлес қосып, ШТІКУ-да өздерінің жұмыс орындарында, кабинеттерінде қызмет көрсетулерін тастап; үйлерінде, отбасыларында болуларына рұсат етілді;

2) Оқу, оқу-әдістемелік бағдарламалар, оқу процесі офлайн режимінен онлайн платформасына көшірілді;

3) Білім беру процесін онлайн платформасында, электронды технологиялар арқылы жүзеге асыру мақсатымен университеттің электронды техникалық базасы мен ақпараттары қайта құрылды; күшейтіліп, дамытылды; қызметкер саны арттырылды; университет оқытушылары мен білім алушыларының барлығына логин, пароль берілді; папкалар ашылды; силлабус, ПОӘК (УМКД) сынды дәрістерге қажетті материалдармен қамтамасыз ету тиімді әдістер арқылы жүзеге асырылды.

4) Оқу бағдарламасының теориялық және практикалық дәрістердің, жобалардың және диплом жұмыстары мен магистрлік диссертацияларың барлығын онлайн платформада жүзеге асыру туралы тиісті жұмыстар іске асырылды; әр түрлі бақылаулар мен қорытынды аттестаттаулардың  талаптарына сай онлайн режимде орындалу үшін қажетті жұмыстар іске асырылды.  Екінші және үшінші курстардың кәсіби практикалары қыркүйек айына қалдырылды; академиялық ұтқырлық тоқтатылды.

5) ШТІКУ-дің оқу корпустарына, жатақхана және асхана сынды әлеуметтік-мәдени орталықтарына  2 рет  дезинфекция жасалды.

6) ШТІКУ-дің академиялық және әкімшілік қызметкерлеріне, індет коронавирус кезеңінде тиісті жұмыстары мен міндеттерін атқара алмайтын болса да, наурыз айының жалақысы толық төленді. Яғни 16 наурыздан кейін үйлерінде тұрып жатқандарға да, жұмыс істемегендерге де жалақылары толық төленді.

7) Өтініш білдірген студенттердің төлемақысын төлеу маусым айына қалдырылды.

Сонымен бірге мәжіліс төрағасы, университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың  төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де атқарылған көптеген шараларға тоқталды.

Мәжілісте қаралған мәселелерді негізге ала отырып, 15 сәуірдегі жиналыста қызметкерлер үшін маңызды шешімдер қабылданды. Шешімді қабылдауға төмендегідей жайттар негіз болды.

Негіздер: төтенше жағдай, мемлекеттік шешімдер, Еңбек кодексінің 112-бабы, қызметкердің еңбегінің белсенділігі, сапасы, тиімділігі, толық орындалу және орындалмау жағдайлары.

 

ШЕШІМ

1. а) Бірінші санат: жұмыстың тоқтап қалуына, офлайн өткізуге мүмкіндігі болмауына байланысты демалысқа шығуға мәжбүр қызметкерлер; оларға сәуір айы жалақысын (Еңбек кодексінің 112-бап негізінде) 42 500 теңге көлемінде төленеді; бұл санатқа вахтерлар, еден жуушылар, медицина қызметкері, дене шынықтыру оқытушылары кіреді;

         ә) Екінші санат: жұмыстың тоқтап қалуына байланысты демалысқа шығуға мәжбүр болған, бірақ қажеттілік туындағанда қашықтан жұмыс істеу режимінде қолдау көрсете алатын және оқу, оқу-әдістемелік құжаттар және бағдарламалармен күшті байланыста болған қызметкерлер. Олардың сәуір айы жалақысы: 45 000 теңге мен 100 000 теңге арасында өзгереді. Бұл санатқа кадр бөлімі, лаборанттар, есепшілер, офис-тіркеушілер, кітапхана қызметкерлері кіреді. Осылардың ішінде кітапхана директоры Д.Нургалиева, лаборант Р.Оразғалиева, ректор көмекшісі А.Қуванышбаева, магистратура бөлімінің әдіскері Ж.Шаяхметова басқа жұмыстар атқаруларына байланысты оларға жалақы сол атқарған қызметтеріне қарай төленеді.

2. Жалақысыз демалысқа шығуға мәжбүр (жұмыстың болмауына байланысты) қызметкерлерге де 42 500 теңге төленеді.

3. Жұмысын жүргізіп, жалақысын алған, бірақ:

          а)  функционалдық міндеттерін қашықтықта сапалы орындай алмайтын қызметкерлер;

          ә) жұмыс, қызмет көлемін тиісті деңгейде орындай алмайтын қызметкерлер: байланысқа шықпайтын, университетпен байланыс орнатудың жолын таппайтын, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндіктері толық болмайтын, сондықтан жұмыс көлемі тиісті мөлшерде орындалмайтын, лауазымды орнының талаптары мен қажеттіліктерін жүзеге асыра алмайтын қызметкерлер. Бұл санаттағы қызметкерлердің жалақысына ректор тарапынан берілетін  қосымша төлемақы (надбавка) сәуір айы үшін белгілі бір мөлшерде тоқтатылады.

4. Жұмыс көлемін төтенше жағдайдан және карантин режимінде бұрынғыдай деңгейде және белсенді жалғастырған қызметкерлер;

5. Оқытушы, оқытушы профессор міндетіндегі академиялық жүтемесін төтенше жағдайдан да бұрын офлайн жүйесінде жүргізгендей, қазіргі күнде онлайн платформасында талапқа сай орындап жүрген оқытушылар ұжымы (оның ішінде сағаттық төлем жүктемесімен дәріс бергендер). Осы 4 және 5-тармақтағы қызметкерлердің сәуір айындағы жалақысында өзгеріс болмайды.

6. Қызметкерлердің сәуір айына арналған жұмыс істеу табелін Қабылдау және тіркеу бөлімінің басшысы З. Матаева дайындайды.

7. Алматы әкімдігінен онлайн платформада қызмет ету үшін рұқсат алынған 4 персонал мен рұқсат үшін қосымша ұсынылған 7 қызметкер (жалпы саны: 11 адам) төтенше жағдай және карантин режимі мерзімінде  қысқартылған жұмыс режтимі бойынша ШТІКУ-ге жұмыс орындарына келіп қызмет етеді. Күнделікті жұмыс орнына келіп, күніне 4 сағат кабинеттерінде міндеттерін атқарады,  осы қызметкерлердің жартысы түстен кейін, жартысы түске дейін университетте кесте бойынша болады. Бұл бапты талқылау және бағалау ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакироваға жүктеледі.

8. Төтенше жағдай және карантин режимі кезеңінде ШТІКУ-дің есеп бөлімінде тұрақты бір есепші қызметкер жұмыс орнында (есеп бөлімі) қысқартылған жұмыс режимі бойынша қызмет көрсетеді, есеп бөлімінің әр түрлі жұмысын жүзеге асырудан жауапты болады; қажет болғанда әріптестерінен кеңес алады.

9. ШТІКУ-дің барлық қызметкерлеріне белгіленген мөлшерде сәуір айы жалақысы төленеді, жалақысы төленбейтін қызметкер болмайды.

10. ШТІКУ-дің қызметкерлерінен 1 және 2-санатта орын алғандар сәуір, мамыр айларында жазғы демалысқа шығатын болса, оларға демалыс беріледі, демалыс ақысы төленеді. Тағы да сол санаттағы қызметкерлерден «менің сәуір айындағы жалақымды толық төлеңіз, оның орнына жазда кәсіби бағдар беру жұмысын істеймін», - деп өтініш жасағандар болса, келісімшарт негізінде олардың өтініштері қабылданады.

11. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ОжОӘ проректоры Г.Сарсенбаеваға және ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакироваға жүктеледі.

12. Бұл айтылған шешімдердің жүзеге асуын дауысқа салу нәтижелері: қарсы –жоқ; қалыс қалғандар – жоқ.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

2. Төтенше жағдай және оқу, оқу-әдістемелік жұмыстардың 16 наурыз 2020 жылдан бастап толығымен «Қашықтықтан оқыту платформасында» жүргізілуіне, ағымдағы оқу жылының соңына дейін бұл білім процесінің жалғасуына байланысты лауазымды орындарда және әкімшілік саласында жұмыс істеген қызметкерлеріміздің жұмыс режимі, жұмыс жол картасы (дорожная карта), әлеуметтік-қаржылық жағдайлары туралы мәжіліс төрағасы: университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметли; проректорлар: Г.Сарсенбаева, Г.Аубакирова,  факультет декандары У.Абдыкалықов, М.Түкібаева, Ж.Тусубаева;  кадр бөлімінің басшысы Д.Маулешова; бас есепші Ш.Сахиева, заңгер Г.Казимирчик сөйледі (есептері тіркелді).

         

ШЕШІМ:

2.Төтенше жағдай және оқу, оқу-әдістемелік жұмыстардың 16 наурыз 2020 жылдан бастап толығымен «Қашықтықтан оқыту платформасында» жүргізілуіне, ағымдағы оқу жылының соңына дейін бұл білім процесінің жалғасуына байланысты лауазымды орындарда және әкімшілік саласында жұмыс істеген қызметкерлеріміздің жұмыс режимі, жұмыс жол картасы (дорожная карта), әлеуметтік-қаржылық жағдайлары жоғарыда қабылданған шешімді негізге ала отырып жүзеге асырылсын (қарсы –жоқ; қалыс қалғандар – жоқ).

 

ТЫҢДАЛДЫ:

3. ШТІКУ-дің ҚББТ платформасына көшуінен кейін туындаған техникалық, материалдық-қаржылық және әкімшілік проблемалар мен оны шешу жолдары туралы ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакирова; ПҒФ деканы М.Түкібаева; бас есепші Ш.Сахиева сөйледі (есептері тіркелді).

ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакирова ШТІКУ-дің ҚББТ платформасына көшуінен кейін туындаған техникалық, материалдық-қаржылық және әкімшілік проблемаларың жоқтығын, барлығы талапқа сай жүзеге асып жатқандығын айтты.

 

ШЕШІМ:

ШТІКУ-дің ҚББТ платформасына көшуінен кейін туындаған техникалық, материалдық-қаржылық және әкімшілік проблемалардың алдын алу мақсатында жол картасын дайындап,  жүйелі түрде жүзеге асыруын қадағалау ҒТжХҚ проректоры Г.Аубакироваға жүктелді (қарсы –жоқ; қалыс қалғандар – жоқ).

События
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұйрық
Жарияланған: 29 мамыр, 2020
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Қызметкерлердің төтенше жағдайда және карантин кезіндегі...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.