ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіппен іске асырылады:
Үміткерлер түйіндемелерін вакансияға хабарландыру мәтінінде көрсетілген электрондық поштаға, ваканттық позициясының атауын көрсетіп жолдауға тиіс. Хат тақырыбында немесе мәтінінде ваканттық позициясының атауы көрсетілмеген өтінімдер қаралмайды.
ШТІКУ келіп түскен түйіндемелер көрсетілген талаптарға сәйкестігін байқау комиссиясы қарастырады. Іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымына келесі кафедралар бойынша конкурс жариялайды:
- Шет тілдер және аударма ісі кафедрасы (3 бірлік);
- Филология және журналистика кафедрасы (11 бірлік);
- Экономика және туризм кафедрасы (3 бірлік);
Лауазым |
Негізгі талаптар |
Профессор |
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; - ғылым докторы/ғылым кандидаты немесе PhD ғылыми дәрежесінің болуы; - 5 (бес) жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық қызметте еңбек өтілінің болуы |
Доцент / Қауымдастырылған профессор |
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; - ғылым докторы/ғылым кандидаты немесе PhD ғылыми дәрежесінің болуы; - 5 (бес) жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық қызметте еңбек өтілінің болуы |
Ғылыми атағы бар аға оқытушы |
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; - ғылым докторы/ғылым кандидаты немесе PhD ғылыми дәрежесінің болуы; - 3 (үш) жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық қызметте еңбек өтілінің болуы |
Үміткерлерге арналған құжаттар тізімі:
- Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-парағы;
- Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі;
- Тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- алдын ала медициналық куәландырудан өту туралы құжат (№ 086 нысанындағы медициналық анықтама немесе санитарлық кітапша);
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- түйіндеме;
- сурет 3х4 (2 дана);
- конкурсқа қатысу туралы ректордың атына өтініш;
- презентация және (немесе) бос лауазымдарға орналасуға дамыту жоспары (электронды нұсқада, көлемі 10 слайдтан артық емес);
- конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыстәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жұмыстар, жарияланымдар мен өнертабыстар тізімі (соңғы 3 жыл), алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынысы және т.б.) электрондық портфолио түрінде қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар ШТІКУ-дің квалификациялық нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалақы мен үстемеақылар қол жеткізілген нәтижелердің сапасына байланысты белгіленеді.
Құжаттарды қабылдау 16.01.2021ж. сағ. 18.00-ге дейін төмендегі мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:
050026, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 168 №33 бөлме, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін. Тел.: 8 (727)3797894,
ШТІКУ бекітілген нысандағы түйіндемені электрондық мекен-жайға жіберу:
Түйіндеменің электрондық нысанын ydu.kz ресми сайтынан жүктей аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон бойынша хабарласуға болады: 87077837904
Жарияланған: 21 желтоқсан, 2020