Кітапхана - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Кітапхана
Кітапхана университет ашылған күннен бастап өз оқырмандарына қызмет етіп,  оқу және ғылым процестерін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін университеттің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Университет кітапханасы  бірінші корпустың бірінші қабатында, екінші корпустың біріншіқабатында орналасқан.
          Бүгінгі таңда кітапхана өте бай қорға ие. Қордың құрамы отандық және шетелдік басылымдардан, анықтамалық, оқулық және ғылыми әдебиеттерден,  мерзімді басылымдар, аудиокітаптар, электрондық басылымдардан құралған.
Кітаптар оқу залдары мен абонементтерде беріледі.
Қорға түскен өдебиеттердің барлығы факультеттердің тапсырыстарына сай жинақталады. Қажет әдебиетке деген сұраныс кафедра меңгерушілерінен кітапхана директорына жіберіледі. Әдебиеттерді алуға сұраныс қағазы тұрақты белгіленген форма бойынша орындалады. 




Кітап қорын жинақтауда университет қаржысымен қатар Университет Орта Азия Мәдениет Қоры және түрік компаниялары, жеке тұлғалар тарапынан қамтамасыз етіледі. Айта кетсек олар: «Орта Азия Мәдениет Қоры», «ТIКА» Түркия Республикасы Қазақстандағы Мемлекеттік ұйымы, Түркия Республикасы Білім министрлігі.
Кітапхана қазіргі заман талабына сай жаңа компьютерлермен және көшірме техникаларымен жабдықталған.
2008 жылдан бастап кітап каталогы «КАБИС» (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі - ҚАКАЖ) бағдарламасы бойынша автоматтандырылған. Бұл бағдарламаны «Kazakh Soft» «Казах Софт» компаниясы шығарған. Жүйенің негізгі ерекшелік сипаттамасы - жылдам меңгеру мүмкіндігі, интерфейстің ыңғайлылығы, қазақ тілінде жұмыс жасау мүмкіндігі, (АРІ) бағдарламалық интерфейсінің жүйелілігі, код сенімділігі, әкімшіліктендіру мен жұмыс жасаудың қарапайымдылығы. ҚАКАЖ (Қазақтың автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) Қазақстан Республикасының барлық стандарттарына сәйкес жоғары оқу орындарының кітапханаларына арналған. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері шетелдік  әріптестерімен тәжірибе алмасу мақсатында  іссапарларға жиі шығып тұрады. 

Университет кітапханасы Туркия мемлекетінің «Еуразия кітапханашылар бірлестігінің» мүшесі.(Анкара.2012ж.)
Бүгінгі оқырман жастардың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары, олардың сұранысын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа деңгейде жауап беруге барлық жағдайды жасай бермек. 

Кітапхананы пайдалану ережесі

Бұл ереже кітапхана  мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.
  1. Кітапхана белгілі уақытқа кітаптарды, мерзімді басылымдарды және т.б. материалдарды абонемент, оқу залдары арқылы оқырмандарға беріп отыруды ұйымдастырады.
  2. Оқырманның университетке қабылданғаны туралы бұйрығы негізінде жасалған тізіммен, 3х4 см көлеміндегі              2 суреті, куәлігі болған жағдайда ғана оқырман оқырман билетін ала алады.
  3. Оқырманға арнайы оқырман формуляры толтырылып, біріңғай оқырман билеті беріледі. Оқырман билетімен кітапхананың барлық абонементтерін, оқырман залдарын пайдалануға құқы бар.
  4. Оқырман кітапхананы пайдалану Ережесімен танысып, оны орындауға міндеттілігін білдіріп,  формулярға  және өз билетіне қолын қояды.
  5. Оқырман билетінің пайдалану мерзімі - 1 оқу жылы. Жыл сайын, жазғы сессиядан кейін   кітапхана оқырмандарды қайта тіркеуден өткізіп, пайдалану мерзімін созады. Ол үшін оқырман пайдалануға уақытша алған кітаптарын кітапхананың тиісті абонементтеріне өткізуі керек. Қайта тіркеуден өтпеген оқырман келесі оқу жылы кітапхананы пайдалана алмайды.
  6. Оқырман кітаптарды, қажетті материалдарды алған кезде оны тексеріп, көрген кінараттарын кітапханашыға айтуы керек, өйтпеген жағдайда басылымдардың  бүлінгеніне оқырман жауапты болады.
  7. Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғаны немесе оның қорына залал келтіргені үшін, қолданып жүрген заңдарға және кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес оқырман әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады.
  8. Оқырман жоғалтқан немесе бүлдірген басылымдар орнына құны мен мазмұны жағынан бірдей басылымдармен немесе кітапханашының келісімі бойынша кітап орнына кітап өткізеді. 

Абонементті пайдалану ережесі

  1. Абонементте әдебиеттер үйге пайдалануға беріледі.
  2. Оқырман сұраныс берерде билетін көрсетіп, өзі толтырған сұраныс қағазына немесе кітап формулярына қолын қояды.
  3. Үйге пайдалануға берілген әдебиеттердің мерзімі шектеулі:
  4. оқулықтар оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес бір семестрге немесе бір оқу жылына беріледі;
  5. ғылыми әдебиеттер 2 аптаға беріледі және саны 3 данадан артық болмауы керек;
  6. көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі және саны 2 данадан артық болмауы керек.
  7. Оқу жылының соңында 30  маусымға дейін оқырман барлық кітабын өткізуге тиіс.   
  8.  Оқырманның басқа сұранысы болмаса, қолына алған басылымдардың мерзімін создыруына болады.
  9. Энциклопедия, анықтамалар, диссертациялар, сирек кездесетін және құнды кітаптар тек оқу залына беріледі. Қордағы жалғыз дана, не болмаса соңғы кітап үйге берілмейді.
  10. Кітапты өткізгенде оқырманның сұраныс қағазы қайтырылып беріледі.

Оқу залын пайдалану ережесі

  1. Оқу залында әдебиеттер оқырманға билеті бойынша беріледі.
  2. Оқу залында оқырманның сұраныстарына шектеу қойылмайды. Бірақ бір мезгілде сұраныс көбейтіп кетсе, шектеу болуы мүмкін.
  3. Оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға болмайды.
Оқырмандарға рұқсат етілмейді:
  1. кітапхана тәртібін және оқу залдарында тыныштық бұзуға;
  2. әдебиеттерді өзге біреудің билетімен алуға немесе өзінің билетін басқа біреуге беруге;
  3. оқырман қолын қоймай,кітапханадан әдебиеттерді алып шығуына;
  4. кітапхана басылымдарын бүлдіруге (парағын жыртуға, сызып белгілеуге, мұқабасын сындыруға);
  5. сапасыз түптелген кітаптарды көшірме аппаратынан өткізуге;
  6. кітап қорына,  оқу залдарының кітап қорына,  қызмет бөлмелеріне кіруге.

«Түнгі абонементті» пайдалану ережесі

1.1. «Түнгі абонемент» мына мақсатта жұмыс жасайды:
- ақпараттық-библиографиялық өнімдермен оқырмандардың сұранысын  толығымен қанағаттандыру;
- кітапхана қызметін жақсарту.
1.2. «Түнгі абонементпен» оқырман билетімен пайдалана алады .
1.3. «Түнгі абонемент» қызметі тегін.
1. 4. «Түнгі абонементке» 3 басылымнан артық берілмейді.
1.5. Басылымдар сағат 16.00 бастап беріліп келесі күннің 13.00-ден  кешіктірмей кітапханаға қайтарылуы тиіс. Дер кезінде қайтармасаңыз кітапханаға әсіресе басқа оқырмандарға зиян келтіресіз.
            1.6. Басылымды алар кезде беттерінің түгелдігін тексеріп алыңыз, болмаса әрі қарай басылымның ақаулығына сіз жауапты боласыз.
            2. «Түнгі абонементке» берілмейді:
1. Егер кітапханада 1 ғана дана болса.
2.  Ескірген болса.
Кітапхананы пайдалану Ережесін өрескел бұзған жағдайда, оның мәліметтері  кафедраларға беріледі.
 

Сыйға берушілер

Университет кітапханасының ұйымы барлық сыйға берушілерге үлкен алғысын білдіреді.
 

Кәсіпорындар:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі. Тілдерді дамыту комитеті.
4. Алматы қаласының әкімдігі
5. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы
6.  «ТОМЕР» орталығы
7. Орталық Азия мәдениет қоры
8.  «ТURKUAZ» фирмасы
9.  «ТИКА» компаниясы
10. «KZI BANK»
11 Еуразия Ғылыми-зерттеу институты.
12 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
13 Түркия Діни қоры
14

Юнус Эмре институты Астана

15  Қазақстандағы Фридрих Эберт қоры 
16

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

   

Тұлғалар:

  1.  
Өзек А.
  1.  
Хизметли С.
  1.  
Екхлеф Х.
  1.  
Актамбердиева З. С
  1.  
Дабылтаева Р.
  1.  
Мамоев Б.
  1.  
Мамедова Ф.З
  1.  
Дулаева Э.
  1.  
Исатаева Г.
  1.  
Симтиков Ж. К.
  1.  
Сүйерқұл Б.М.
  1.  
Молдабаева М.М
  1.  
Огузхан Челик
  1.  
Сулейменова Ж.
  1.  
Акар М.
  1.  
Өзгүр А.
  1.  
Беккулиева Б. М.
  1.  
Куанышбаев Е.А.
  1.  
Чимчек М.
 
 

Қосымша қызметтер

 

Қызмет түрлері

Орындаушылар

 

Абонемент, оқу залдарынан “түнгі абонемент” бойынша кітаптар беру Абонемент №1, №2, оқу залдары
Әдебиеттердің библиографиялық тізімін құрау Каталогтар залы. №1 абонемент
Анықтама-библиографиялық аппаратта ізденіс бойынша кеңес алу №1 абонемент, №2-ші оқу залы
Анықтама-библиографиялық аппаратқа қол жетім №1 абонемент, №2-ші оқу залы
Электронды кітапхана қол жетім Мультимедиялық зал.
Интернет ресурстарына қатынау Мультимедиялық зал.
Көшіру, мәтін басылмасы Абонемент №1, Екінші корпустағы оқу залы.  Колледж кітапханасы
События
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұйрық
Жарияланған: 29 мамыр, 2020
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Қызметкерлердің төтенше жағдайда және карантин кезіндегі...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.