ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ (ШТІКУ) - Университет иностранных языков и деловой карьеры
15 ЖЫЛДАҒЫ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ (ШТІКУ)

15 ЖЫЛДАҒЫ
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ (ШТІКУ)


Түркия Республикасы мемлекеті Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы таныған өлке. 16 желтоқсан 1991 жылы «Тәуелсіз мемлекет» статистикасына иеленген дос және бауыр өлке Қазақстанның материалды және рухани дамуына, әлемдегі мемлекеттер, халықаралық одақтар мен ұйымдар тарапынан танылуына Түркия маңызды үлес қосты. Білім-ғылым ұлттық қорғау және қауіпсіздік, ұлттық экономикамен сауда-саттық салаларында тиісті қолдаулармен жәрдемін берді. Осы орайда, Қазақстан мен Түркия арасында туыстық, бауырлық және достық негіздеріне сүйенген күшті қарым-қатынастар құрылды. Саясат, сауда, тәлім-тәрбие, ғылым және мәдениет жөнінде жас Қазақстан Республикасының құрылымдарының қалыптасуына және институттарының бой көтеруіне, адами капиталдың пайда болу жақтарынан Түркияның екі жақты келісімшарттар мен дипломатиялық байланыстар қарсаңыңда, маңызды қызметтер көрсеткені байқалды.

Осы орайда, 1993 жылы Түркиядан іс-сапармен Қазақстан Республикасына аттанып келген бір ғылыми делегация болды. Соның ішінде орын алған Мармара университеті оқытушысы доктор, профессор Әли Өзек бір топ Түркия Республикасының іскер-азаматы және Қазқстан Республикасы азаматы зиялы қауыммен бірге 1998 жылы «Орта Азия мәдениет қоры» -қоғамдық қорын құрды. Қоғамдық өмірде тәлім-тәрбие, ғылым және мәдениет қызметтерін атқара отырып, Қазақстанның материалды және рухани дамуына өз үлесін қосу мақсатымен құрылған Орта Азия мәдениет қоры доктор, профессор Әли Өзектің төраға және доктор Зеки Пилгемен доктор, профессор Сабри Хизметли орынбасарлары болған «Қор құрылтайшылар кеңесі», «Қор демеушілер кеңесі» және «Қор басқару кеңесі» тарапынан басқарылды. Орта Азия мәдениет қоғамдық қоры 2007 жылдан бастап, қордың құрылтайшы мүшесі және төрағаның өкілетті орынбасары, бас хатшы доктор, профессор Сабри Хизметли тарапынан басқарылып келеді.

Орта Азия мәдениет қоры Қазақстан Республикасының тиісті заңдары негізінде құрылған, тәлім-тәрбие, ғылым және мәдениет салаларында қызмет берген бір әлеуметтік-мәдени институт болып табылады. Оның қарамағында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Күлтегін ағымындағы ғылыми-зерттеу институты, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық технологиялық колледжі және Халықаралық Қазақстан - Түркия лицейі өзгеше мақсаттарымен миссиялары бойынша жұмыс істеп жүрген ілім ордалары. Көбіне Түркия инвестициясы негізінде құрылған бұл ғылым-білім орындары Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, №168 , өздерінің мүліктерінде міндеттерін атқаруда.

Орта Азия мәдениет қоры ие болған «Шет тілдер және іскерлік карьера университеті» (ШТІКУ) 2005-2006 оқу жылыда, Алматы Қазақ-түрік гуманитарлық колледжімен бірге  ашылған болса, «Халықаралық Қазақстан Түркия лицейі» 2005-2016 оқу жылында ашылған болатын.

Түркия қайнарлы инвестиция және банк кредиті негізіндегі тиісті қайнаркөзбен қаржыландырылған және 2002 жылында салынған 3 қабатты оқу-ғимаратына қоса, 2010 жылында салынған 8 қабатты екінші ғимаратпен, 2015 жылында салынған 5 қабатты оқу ғимараты ШТІКУ-дің оқу корпусын құрайды. Орта Азия мәдениет қорының мүлкі болған және аталған ғылым-білім ордаларына қолдануға тапсырылған бұл корпус заманауи жабдықтармен жабдықтырылған болып аудиториялар, зал, жатақхана және асхана, кітапхана, мұражай, архив, студия және спорт комплекстерімен бірге Қазақстандық жастарға қызмет беруде.

Осылайша техникалық-физикалық базасын стандарттармен заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асырған ШТІКУ қазір 15 жылдық мерейтойын тойлап отыр. Ол өтіп кеткен 15 жыл ішінде академиялық және әкімшілік құрылымын дамыта келе әр жақтан кеңейді және гүлденді. 2019-2020 оқу жылында ШТІКУ  қарамағындағы 5 факультет, 5 академиялық бөлім, 3 орталық, 2 институт, 1 колледж және 1 лицеймен бірге  әлеуметтік-экономикалық профильдегі бір жоғарғы оқу орны ретінде Қазақ елінде қызмет атақарып отырады.

Қазіргі күнде университетте 200-ден артық оқытушы-профессор, 60 академиялық қызметкер жұмыс істесе, 3100  шамасында студент білім алуда. Педагогика ғылымдары факультеті, Дінтану факультеті, Тарих және халықаралық қатынастар факультеті, Экономикалық және басқару ғылымдары факультеті, Қашықтықтан оқыту факультеті қарамағында бакалавриат бойынша 26 білім беру бағдарламасы, магистратура  бойынша 10 білім беру бағдарламасы негізінде университет көлемінде білім беру қызметтері жүзеге асуда.

ШТІКУ-де білім беру бағдарламасы  қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.  Оқу бағдарламасы 1,5 жыл 2 жыл, 2,5 жыл, 3 жыл, 4 жылдық оқу мезгілдерін қамтиды.  ШТІКУ-де бірінші және екінші шет тілдері ретінде 11 шет тілі оқытылады. Оқушылар ағылшын тобы, көп тілді топ, орыс тобы, қазақ тобы бойынша оқиды.

Қазір 15 жыл мерейтойын тойлап отырған «Алматы қазақ-түрік технологиялық колледжіне» келетін болсақ, онда  10 білім беру бағдарламасы бойынша білім алған 500 шамасында оқушы болса, 60 шамасында оқытушы дәріс беруде. Оқушылар ана тіліне қоса ағылшын, түрік, араб, қытай, француз тілдерін таңдаулы тіл ретінде үйреніп алады.

ШТІКУ және Алматы қазақ-түрік гуманитарлық технологиялық колледжінің 15 жылдық мерейтойы қарсанында төмендегідей шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл шаралардағы мақсатмыз бір жағынан, университетіміз бен колледжімізді жан-жақты қазақ халқына, Түрік дүниесіне және ТМД елдерінде таныту болса, екінші жақтан Қазақстан жастарына деген қызметімізді әрі қарай дамытып, жоғары деңгейде, сапалы  және саналы  түрде жүзеге асыруға ат салысамыз.

 

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

 15 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

АЛМАТЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ГУМАНИИТАРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 15 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

События
ПРОГРАММА МЕРОПРИЯТИЙ НЕДЕЛИ НАУКИ

Уважаемые читатели!
Опубликовано: 17 апреля, 2020
Разделяя с нами сложную эпидемиологическую ситуацию в мире, а также вынужденную необходимость удаленного обучения и работы, компания EBSCO Information Services совместно с Комитетом Науки Министерства Образования и Науки Республики Казахстан, открывает бесплатный доступ для всех...
Вакансии
Опубликовано: 31 декабря, 2019
Конкурс на замещение вакантных должностей ППС и сотрудников Университета иностранных языков и деловой карьеры
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.
Вакансии
Опубликовано: 25 августа, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
Условия присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или...
Опубликовано: 29 июля, 2019
Лицам, имеющим среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения, прошедшим ЕНТ и желающим участвовать в конкурсе на...
Вакансии
Опубликовано: 25 июля, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
VІ. МЕЖДУНАРОДНЫЙ CИMПОЗИУМ ВИДНЫЕ ДЕЯТЕЛИ ТУРЕЦСКОГО МИРА: «МУСТАФА...
Опубликовано: 20 мая, 2019
В УИЯДК ведется прием документов на творческие специальности
Опубликовано: 27 июня, 2018
Приемная комиссия УИЯДК проводит  прием документов  на творческие специальности: 5В050400 – Журналистика и 5В020600 - Религиоведение. Документы принимаются с 20 июня по 7 июля, проведение творческих экзаменов пройдет  с 8 по 13 июля.  Подробная...
Уважаемые абитуриенты - 2018!
Опубликовано: 5 июня, 2018
2017-2018 учебном году выделили 109 ректорские гранты. 2018-2019 учебном году выделяется 60 ректорские гранты, из них 48 для бакалавриата, 12 для магистратуры. Приемная комиссия университета работает ежедневно с 09.00 до 18.00, без перерыва на обед и без выходных в период с...