«ТӘУЕЛСІЗДІК – ДАМУ НЕГІЗІ» - Университет иностранных языков и деловой карьеры
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ДАМУ НЕГІЗІ»

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ДАМУ НЕГІЗІ»


Доктор, профессор Сабри Хизметли

 

Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» құтты болсын! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгілікке жетсін. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын құттықтауға дайындалып жатыр. Тәуелсіздіктің арқасында өтіп келген 30-ға жуық жылдардағы шаралар мен жағдайларды, жаңалықтар мен бәсекеге қабілеттілік реформаларын қадағалап талқылауға әзірленіп тұр.

Қазақ елінің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні. Өйткені Тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Құдайдың қазақ халқына берген үлкен жақсылығы және нығметі. Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың ақ таңына жету.

Тәуелсіздік, халық үшін, мемлекет үшін және ұлыс үшін өте қымбатты да асыл құндылық. Осыны түсіну және дұрыс бағалау мақсатында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып отырған келесі сөздерінің маңыздылығы зор деп ойлаймын. Қазақстан Тәуелсіздік арқасында төрткүл әлемге танымал елге айналды.

«Біз бәріміз бір атаның, қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу, ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол – Тәуелсіз Қазақстан.

Қазақ халқы – ұзақ уақыт орыстарға тәуелді болып, үлкен саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени улкен қиындықтар көріп, көптеген зардап шеккендіктен Тәуелсіздік – оның бір ғасырдан артық еркіндікті аңсағанының белгісі. Қазақтар Тәуелсіздік жолында үлкен күрес жүргізгеннен кейін ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығында көтеріліс әрекеттері ұйымдастырды. 80-90 жж. аралығында әрі қазақ зиялылары әрі қарапайым халық ретінде көшеге шығып, тәуелсіз ел болуды талап етті. Кеңес Одағымен қазақ ұлысының, әсіресе 1985 жылдан бастаған Тәуелсіздік талас-күресі 1986 және 1989 жылдарындағы оқиғалармен жалғауын тапты.»

Елбасының атқарған қызметтері мен еліне және түркі әлеміне деген игіліктерін тек қана қазақ халқы бағалаған жоқ, Түркі дүниесі де оның «түрік халықтарының ақсақалы», «көшбасшысы» атақтары және түрлі медальдар, құрметпен сыйлаған болатын.

Соңғы бір құрмет нышаны – Орталық Азия мемлекеттері, Консультативтік кеңесінен Орталық Азия төрт түрік мемлекетінің басшылары Өзбекстанның астанасы Ташкенттегі отырысында консультативтік кеңестің екінші жиналысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Консультативтік кеңестің құрметті төрағасы» мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.

Бәрімізге мәлім болғандай, «Түрік мемлекеттері Кеңесі «2019 жылы Әзербайжанның астанасы Бакудегі жиналысында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысымен Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі мемлекеттері кеңесінің құрметті Президенті» мәртебесін берген еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары арқасында Тәуелсіздік қолға тиісімен Қазақстан дамудың дара да даңғыл жолына түсті. Атап айтқанда, Қазақстан республикасының қабылдануы, қарулы күштерінің құрылуы, шекарасының шегенделуі, арқа төрінде жаңа Астананың өз сәнімен бой түзеуі, ұлттық экономикасының өркендеуі, шеттегі қазақтардың атажұртына оралуы, жаһандық байланыстарын орнатуы, біріккен ұлттар ұйымына мүше болуы, Еуропалық қаіпсіздік және ынымақтастық ұйымына мүше болды, Ислам өлкелері конференциясына мүше болуы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысуы, Юнеско мен Шанхай мемлекеттер одағына мүше болуы, тағы да басқа беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналуы, Елбасының жолдаулары мен «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стартегиялары, «Мәдени мұра», «Мәңгілік ел», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мемлекеттік мақалалары арқылы қазақ елінің ғылым-білім, экономика және мәдениет салаларындағы дамуы осылардың ең маңыздыларын құрайды. Бұған қоса, Қазақстанның бітімгерлік бағытындағы бастамаларына халықарылқ қоғамдастық жоғары бағасын беріп отырғанын да мақтанышпен айтамын. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының тартымдылығын арттырып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке сайлануына, Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуне, Дүние сауда-саттық ұйымына мүше болуына, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыруына жол ашты.

Қазақстанның атап өтілген халықаралық және аймақтық ұйымдардың, түрік мемлекеттері аралық кеңестердің жұмысына белсенді араласып отырғаны да көңіл қуантады.қазақстанның бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына  қосылғаны еліміздің болашағы жарқын екенін көрсетіп береді.

Қазақ елінің мәдени-рухани өміріне қатысты атқарылған шаралар өте көп. Мысал келтіретін болсақ, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» жобалары аясында ұйымдастырылған шаралар, қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы, қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер аралық съездер өткізу, Алтынорда мемлекетінің 750 жылын тойлау, «Жастар жылын» жариялау және жастар туралы бірнеші шешімдер қабылдау, мемлекеттік кәсіби аппарат құру, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, «100 нақты қадам», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын белсенді орындау, бұл тұрғыдағы ең маңызды шаралар болып табылады.

Атап айтылған шаралар мен жетістіктері әділ бағалаған Қазақстандықтар желтоқсан айында Тұңғыш Президенттің сайлануы, осының Қазақстанның тәуелсіз ел болуына тұспа-тұс келуін бірге жан-жақты бағалады. 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы арқылы да Елбасының еңбектерін бағалау және жас ұрпаққа түсіндіру міндетін атқарып отыр. Шын мәнінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылға жуық Тәуелсіздік тұсында Қазақстанның әр салада дамуына жеткен жетістікке қосқан үлесі, сіңген еңбегі зор.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің мәні мен маңыздылығы туралы айтқандарымен сөздерімді аяқтағым келеді.

«Біз Тәуелсіздіктің жалғыз тірегі – бірлік екенін ешуақытта ұмытпауымыз керек.»

«Тәуелсіздік мемлкеттілік, территория, тіл, шекара, дәстүр, тарих, қауіпсіздік» деген ұғымдармен терең астасып жатыр.»

«Жалғыз баласын анасы қалай қорғаса, Тәуелсіздікті біз де солай қорғауымыз керек. Тар замандағы аналар әрекеті осындай болған. Ал мынау бар заманда баласын туған бетте күресінге тастайтындар туралы не деуге болады?

Осы ретте өткен ғасырдан алатын тағылым қалай? Бізге Алаш арыстарының үзілген жолын жалғастыру маңызды.»

«Қазіргі заман – басқа, заң – басқа. Тірегіміз – Тәуелсіздік. Жүрегіміз де Тәуелсіздік деп соғуы тиіс.»

«Тарихымыз – терең. Жеріміз – бай. Еліміз – бай. Дәстүріміз – керемет.»

«Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, тер де төгілген. Бірақ ар төгілмеуі керек. Ар-намыс қана біз оның тілегін тілеуіміз қажет.»

«Бостандықты бағалаудың, азаттықты ардақтаудан, тәуелсіздікке тау етуден артық ешбір бақыт жоқ. Тәуелсіздік – тәуекел еткенін ғана тағдырына бұйыратын бақыт.»

«Тау етер жалғыз киемізді – Тәуелсіздігімізді бағалай білейік, көзіміздің қарашығындай қорғай білейік, әлеумет!»

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсардығында жатыр.»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – құтты болсын!

Ел аман болсын, Елбасы аман болсын!

Қазақ халқының Тәуелсіздігі мәңгілікке жетсін!

События
ОБЪЯВЛЕНИЕ!
Анкетирование в обязательном порядке для студентов 3-го курса, студентам остальных курсов на добровольной основе
Вакансии
Опубликовано: 31 декабря, 2019
Конкурс на замещение вакантных должностей ППС и сотрудников Университета иностранных языков и деловой карьеры
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Опубликовано: 30 декабря, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.
Вакансии
Опубликовано: 25 августа, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
Условия присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или...
Опубликовано: 29 июля, 2019
Лицам, имеющим среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения, прошедшим ЕНТ и желающим участвовать в конкурсе на...
Вакансии
Опубликовано: 25 июля, 2019
2019-2020 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша Жоғары оқу орындарының профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидаларына сәйкес конкурс жариялайды
VІ. МЕЖДУНАРОДНЫЙ CИMПОЗИУМ ВИДНЫЕ ДЕЯТЕЛИ ТУРЕЦСКОГО МИРА: «МУСТАФА...
Опубликовано: 20 мая, 2019
В УИЯДК ведется прием документов на творческие специальности
Опубликовано: 27 июня, 2018
Приемная комиссия УИЯДК проводит  прием документов  на творческие специальности: 5В050400 – Журналистика и 5В020600 - Религиоведение. Документы принимаются с 20 июня по 7 июля, проведение творческих экзаменов пройдет  с 8 по 13 июля.  Подробная...
Уважаемые абитуриенты - 2018!
Опубликовано: 5 июня, 2018
2017-2018 учебном году выделили 109 ректорские гранты. 2018-2019 учебном году выделяется 60 ректорские гранты, из них 48 для бакалавриата, 12 для магистратуры. Приемная комиссия университета работает ежедневно с 09.00 до 18.00, без перерыва на обед и без выходных в период с...
О работе внешней экспертной комиссии НААР
Опубликовано: 21 апреля, 2018
С 24 по 26 апреля 2018г. в вузе работает внешняя экспертная комиссия Независимого агентства аккредитации и рейтинга. Цель работы комиссии – Институциональная аккредитацияи специализированная аккредитация 10 образовательных программ университета, аккредитованных в...