Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде (ШТІКУ) 2004 жылдан бастап ғылым кеңесі (ҒК) жұмыс істей бастады. Ол университетте ғылыми-әдістемелік, зерттеу және инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау, білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету, жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
Ғылыми кеңес өз қызметінде ҚР БҒМ нормативтік, құқықтық және нұсқаулық құжаттарын, Ғылыми Кеңес туралы Ережені, сондай-ақ ШТІКУ ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
Ғылым кеңесінің негізгі міндеттері:
- ғылыми және зерттеу жұмыстардың стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- білім беру процесінің ғылыми-әдістемелік қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеу;
- оқыту теориясы мен практикасы, ақпараттық технологиялар, оқыту нысандары мен әдістері саласындағы ғылыми жетістіктерді білім беру үдерісінің практикасына енгізу;
- ПОҚ, магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру және ұйымдастыру.
Ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы Ғылым кеңесінің негізгі функциялары:
- іргелі, қолданбалы ғылыми-зерттеу және инновациялық зерттеулерді жүргізу;
- жоғары білім беруді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
- қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуде өзіндік технологиялары мен әдістемелерін әзірлеу және іске асыру;
- ғылыми зерттеулер нәтижелерін тәжірибеге енгізу;
- ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды белсенді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;
- студенттердің және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ және МҒЗЖ) ұйымдастыру және үйлестіру;
- университеттің ғылыми жетістіктерін насихаттау және тарату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, баспа қызметі);
- «Күлтегін» ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) жұмысын үйлестіру және жүзеге асыру;
- қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік зерттеулерді коммерциялық қолданысқа бағыттау;
- ғылыми зерттеулердің қаржылық негіздерін кеңейту мақсатта эндаумент қаржы қорын құру жұмыстарын ұйымдастыру (фандрайзинг арқылы эндаумент қаржы қорын құру, яғни сыртқы инвесторлардың ресурстарын тарту арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін қаржылық қор құру).
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ғылым кеңесі құрамына: Төраға – Ғылым, тәрбие және халқаралық қатынастар ісі жөніндегі проректор, Ғылым кеңесінің ғылым хатшысы, университеттің Ғалым хатшысы, факультет Декандары, Магистратура бөлімінің меңгерушісі, университеттің факультеттері мен кафедралары ұсынған жетекші ғалымдар кіреді.
ШТІКУ Ғылым кеңесінің отырысы айына бір рет өткізіледі және хаттамамен ресімделеді. Хаттамаларға кеңестің Төрағасы мен Ғылыми хатшысы қол қояды.