Ректордың блогы - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Ректордың блогы
Бақытты болашақтың отаны

     Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған. Кейін екінші жоғары оқу орны ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді.

     Біз Қазақстан жастарының бақытты болуын қалаймыз. Қазақстанның болашағы жастарымыздың қолында екендігін білеміз. Яғни, студенттерімізге сапалы білім беру, оларды өмірге баулу біздің міндетіміз. Жастарымызға немқұрайлы қарау, елімізге қиянат жасаумен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мына бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті материалдық техникалық жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз.

     Ғаламдасқан заман халқымыз бен елімізді барлық елдермен бәсекелесуге мәжбүр етіп отыр. Осы жарыстан мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Түркияда, Франция, Солтүстік Африкада, Европа, Австралия мен Қазақстанда білім саласында қызмет етіп келе жатқаныма отыз жылдың көлемі болып қалды. Академиялық өмірімді және тәжірибемді Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры ретінде жалғастырып отырмын. Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет етудемін және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, өмірге дайын болуына барлық жағдайды жасаудамын.

     Өз басым «адамзатқа пайдалы болу ғибадатпен тең» деген қағиданы ұстанамын. Қазақстанда пайдалы істер жасап, өмірде жастарымызға жол көрсете алсам өзімді өте бақытты деп санаймын.

     Профессор, доктор Сабри Хизметли

     Шет тілдер және Іскерлік Карьера Университетінің Ректоры

События
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұйрық
Жарияланған: 29 мамыр, 2020
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Қызметкерлердің төтенше жағдайда және карантин кезіндегі...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.