Жастар ісі жөніндегі комитет - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Жастар ісі жөніндегі комитет
       Жаңа құрам- жаңа серпіліс!

     Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Жастар ісі жөніндегі комитет» құрамы өнер мен рухани қазынаға толы іс-шаралардың басы-қасында жүреді.
   Оқу жылының басында сайлау өтіп, жастар ісі жөніндегі комитетінің президенті Жанәлі Данияр сайланды.
   Орынбасарлары: Муратов Мадияр, Сейдалықызы Шынар. Бас хатшы Бейсеналиева Раушан. Мүшелері: Алиев Амир, Бақтығалиева Айнұр, Гасанова Севда, Сейдуллаева Назерке, Карибаева Меруерт, Дикенва Аруна, Сайын Диьназ, Серікболқызы Айсәуле.        
    Университетімізді жарқын жолға бастайтын клубтарының төрағалары: Аймагамбетова Салтанат - «Қазақстан-Түркия достастығы» клубының төрайымы, мүшелері: Сейтбек Әділет, Сағындық Ақерке, Азатбек Ғасыр. Махамбет Аружан - «Өнер және спорт» клубының төрайымы. Мүшелері: Орынбасар Айғаным, Шерехан Сандуғаш, Серікболқызы Айсауле. - Ахметкалиева Диляра - «Шет тілдер және туризм» клубының төрайымы. Мүшелері: Рахымжанова Айдана, Бақтығалиева Айнұр, Гасанова Севда, Сейдуллаева Назерке. Хамит Алғабек - «ШТІКУ медиа» клубының төрағасы. Мүшелері: Асылбеков Бекжан, Бакинеева Милена, Асан Айбар, Абдукулова Анель. Ал сәттілік, жастар!       
   Қазіргі мына қарбалас тар заманда пейілі түзу пенделерді, ақын- жазушыларды, жас таланттарды, арманшыл адал ұрпақты қолдап, болашақта сан түрлі іс-шаралар ұйымдастырып рухани жаңғырудың биік деңгейіне талпынады деп сенеміз.       
    Осындай бойында ұлттық намысы бар, санасында терең телегей теңіз ақыл-ой бар, қанында тулаған күш-жігері бар жастарымыз барда біздің универіміздің ғана емес, еліміздің де болашағы жарқын болмақ!

    Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде 3 ірі  клуб  жұмыс істейді.

  1. Қазақстан-Түркия достық клубы
  2. Шет тілдер және туризм клубы
  3.  Өнер және спорт клубы

 ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ КЛУБЫ

 Қазақстан-Түркия достық клубының алдына қойған мақсаты - Қазақстан-Түркия арасындағы білім, ғылым, экономикалық, рухани және мәдени салалардағы байланыстарды жан-жақты саралау, байланыстыру, туыстық қатынастарды дамыту. 

 Қазақстан-Түркия достық клубының негізгі міндеттерінің бірі - Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының даму динамикасы тәрізді, біздің халықтарымыздың тарихы мен мәдениетінің тамырының ортақ болуы мемлекеттеріміз арасындағы ұзақ жылдық стратегиялық серіктестіктің орныққаны туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ресми түрде тұңғыш таныған мемлекет Түркия екенін әрдайым есте сақтауды мақсат етеді.  Соңғы жылдары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы біздің екіжақты ынтымақтастығымыз динамикалық дамуда.  Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мә­дени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы жоғары қарқындылығымен сипатталады. Университеттегі клубтың маңызды шаралары да тіліміздің, дініміздің, тарихымыздың және мәдениеті­міз­дің ортақтығынан қуат алатын туыстық қатынастардың мәдени іс-ша­ра­ларға қатысуларына, шығарма­шы­лық делегациялармен алмасу практикасына, екі ел қалалары мен аймақтарының арасындағы бауырластық байланыстарды да­мытуға бет алған іс-шараларды дамытуға, нығайтуға қызмет етеді.

 ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ТУРИЗМ КЛУБЫ

        Шет тілдер және туризм клубының алдына қойған мақсаты:   университет студенттерінің халықаралық деңгейдегі шет тілдерін еркін игеріп, қоғам сұранысына жауап бере алатын бірнеше тілді жетік меңгерген маман дайындау.  

           Міндеттері:

  •  клуб мүшелерінің шешендік қабілеттерін дамыту;
  • оқу материалын бекіту;
  • туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызметтерді ұйымдастырудың жолдарын үйрету;
  • ел шіндегі туризмді, ұлттық туризмді дамытудың жолдарын  белгілеу;
  • сауықтыру, танымдық, кәсіби – іскерлік, спорт түрлеріне баулу;
  • туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялыққызметтер, сонымен қатар гид – аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтерді практикалық тұрғыдан көрсету; дайындау;
  • шет тілдерінде және мемлекеттік тілде ғаламдық саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау;

 Клуб мүшесі болу шет тілін терең меңгеруге, тілдік қабілеттерді дамытуға, тілдік кедергіні жеңуге, түрлі туристік жорықтар барысында туындайтын қиыншылықтарды игеруге мүмкіндік береді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында бірнеше дебаттық сайыстар, түрлі тілдік олимпиадалар, туризмді дамыту бағытындағы жорықтар, шаралар  республика деңгейінде өткізіледі.

 ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ КЛУБЫ

  Өнер және спорт клубының алдына қойған мақсаты –  университет студенттерінің қоғамдық өмірге, түрлі мәдени шараларға, салауатты өмір салтын дәріптеуге қызмет етеді. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу университетіміздің басты міндеттерінің бірі.  Клубта өнерлі жастармен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама команадасына енетін студенттер де осы клубтың мүшелері болып табылады.

    Клуб мүшелері университетте ғана емес, елімізде  өтетін түрлі шараларға белсенді қатысып, өнер жағынан да, спорт жағынан да гран прилерді жеңіп алды. Атап айтқанда, «Дінтану» мамандығының  3-курс студенті  Усербаев Нұрадил  2015 жылы 28-30 наурыз айында Орал қаласында өткен Қазақстан Республикалық спорт түрі  «Грепплинг және Панкратион» атты  чемпионаттық жарыста  Бас жүлде - «Алтын» медаль алып келді. Усербаев Нурадил қалалық, республикалық жарыстарға «Грепплинг және Панкратион» спорт түрі бойынша бірнеше рет қатысып, жүлделі орынға ие болды. Клуб мүшелері түрлі сайыстармен бірге, туризмді де дәріптеумен айналысады. Олар еліміздің түрлі тарихи-мемориалдық мұражайларын, тарихи ескерткіштерін, түрлі пайдалы қазбалардың шығу тарихын зерттей отырып, қасиетті тарихи орындарға туристік жорықтар жасап отырады.

События
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұйрық
Жарияланған: 29 мамыр, 2020
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Қызметкерлердің төтенше жағдайда және карантин кезіндегі...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.