Біз туралы - Шет Тілдер және Іскерлік Карьера Университеті
Біз туралы
Университет логотипі           Университет туы
Университет Әнұраны      


Шет тілдер және Іскерлік Карьера УниверситетіУниверситет
туралы видео
ролик
 

Шет тілдер және Іскерлік Карьера УниверситетіУниверситет ән ұранының орындалу барысы
Мыңдаған талапкерг жол ашатын,
Көктегі күнімдейсің, нұр шашатын
Әлемнің 7-тілін үйрететін,
ШТІКУ - универім жасасын! 
              Қайырмасы: 
ШТІКУ - білімнің кәусар бұлағысын,
Сәулелі жүректердің шуағысың.
Болашағыма жарық берген,
Сөнбейтін мәңгі шырағымсың! 
ШТІКУ - бақытым менен қуанышым! 
Екі елдің сенсің алтын көпірі,
Қазақстандағы Түркия өкілі.
Сен арқылы жалындаған жастарың, 
Шет елдерден білім алып, оқыды

(Сенсің менің асқар тауым,
Болашағымның баспалдағы.
ШТІКУ деген асқақ атпен, 
Биікке қарай-биікке қарай самға тағы...) 
             Қайырмасы:
Тәрбие мен білімнің ордасысың,
Баспанамсың,тірегімсің, қорғаушымсың.
Қалады есімің мәңгі жүрегімде,
ШТІКУ студенттердің қолдаушысы.!
           Қайырмасы:
Әні мен сөзі: ШТІКУ студенті
Алшынбекова Н. А.
Толығырақ Толығырақ

  Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 05. 04. 2001 26985-1910-М-Е нөмірлі шешімімен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім, ғылым және мәдениет келісімдерінің нәтижесінде Алматыда құрылды.
  Университеттің құрушысы Қазақстан республикасының заңы бойынша заңды тұлға саналатын Орта Азия Мәдениет қоры болып табылады. Бұл қордың құрылтайшылары Қазақстан және Түркия Республикаларының азаматтары. Сондықтан да Орта Азия Мәдениет қорыда, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де халықаралық ұйымдар.
  Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тарихта түп тамыры бір Түркия мен Қазақстан арасында білім мен мәдениет көпірі, жаңа заманның ғылыми және технологиялық жаңалықтарын қазақ жастарына таныстыру, сапа, тәртіп, тәрбие жағынан үлгі болуды көздеген. Университетіміз осы жетістіктерінің арқасында 2006-2007 жылдары Қазақстан университеттері  арасында 10 орынды иеленді. Осы жетістік бұдан да биіктерге шығу үшін жасалған алғашқы қадам болып отыр.
   Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылай Хан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған. Кейін екінші  жоғары оқу орны ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет статусына көтерілді.
   Біздің тәлім-тәрбие саясатымыз - бүгінгі күннің талаптарына сай, келер күннен күткеніңіздей оқу-тәрбие беру. Жеткілікті базасымен, жетекші маман кадрларымен оқыту процессін жетік меңгерген, теория мен практиканың сабақтастығына, ұштастығына көңіл бөлетін, дамыған өлкелермен ғылыми-тәрбиелік алмасу бағдарламаларына қатысатын, ең кемі екі шет тілін академиялық деңгейде үйрететін, студенттердің әлеуметтік және мәдени тұрғыдан дамуын қадағалайтын тәлім-тәрбие саясатын ұстанудамыз.
  Университетіміз төмендегі  тәлім түрлері негізінде жұмыс істейді: күндізгі, кешкі және сырттай. Бұл бағыттар негізгі бастауыш тәлім, жалпы негізгі тәлім, жалпы орта тәлім, жалпы қосымша және мамандық тәлім, алғашқы мамандық тәлім, орта мамандық тәлім, жоғарғы мамандық тәлім, қосымша мамандық тәлім, жалпы жоғарғы мамандық тәлім түрлерін қамтиды.
  Университетімізге Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа, Түркі Әлемінен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД), Қытай, Монғолия, Жапония, Корея, Пәкістан сияқты көрші мемлекеттерден  оқу түрінің барлық бөлімдеріне  орта, арнайы орта және жоғары білім негізінде қабылдайды.
  Орта және жоғарғы мамандық оқуы бағдарламалары әлеуметтік, педагогикалық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану, мәдениет, өнер және осы аталғандармен тамырлас білім салаларын өзара ұштастыра отырып, сапалы мамандарды дайындауға бағытталған.
  Шет тілдер және іскерлік карьера университетін бітірген студенттер мемлекеттік үлгідегі жоғарғы білім туралы диплом ала алады. Бұл диплом, Қазақстан Республикасының дәрежесі мен статусы жөнінен тең саналатын басқа да жоғарғы оқу орындарының дипломдарымен бірдей болып есептеледі.
 

События
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ – ТҮЛЕКТЕР КҮНІ...
Жарияланған: 19 желтоқсан, 2018
ШТІКУ–2009-2018 жылдар аралығында бітіруші түлектерді 26.12.2018 тарихында сәрсенбі күні жиналысқа шақырады. Сағат 12.00-13.30 арасындағы осы кездесуде түлектер басқару кеңесін құру, танысу, сұхбат ету шаралары болады. Негізгі мақсат түлектеріміздің өзара қарым-қатынастарын...
ШТІКУ САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ (СМК) АУДИТІНЕН СӘТТІ ӨТТІ...
Жарияланған: 23 қараша, 2018
  ШТІКУ 20-22 қазан 2018 жылы өткізілген TSE EN ISO 9001-2015 Түрік стандарттар институты өткізген сапа менеджменті жүйесінің тексеруінен үлкен табыспен өтті. 3 күндік СМЖ тексеру бағдарламасы негізінде өткен 3 адамдық комиссия университетіміздің оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми...
ШТІКУ шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылдауда...
Жарияланған: 27 маусым, 2018
ШТІКУ қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға (5В050400 - Журналистика және 5В020600 - Дінтану) құжаттар қабылдайды.             Құжаттар 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады, шығармашылық емтихандар 8-13 шілде...
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК- 2018!
Жарияланған: 5 маусым, 2018
ҰБТ-дан табысты өтуіңе тілектеспіз! Біз 2017-2018 оқу жылында жоғары балл жинағандарға 105 ректор гранты бөлінді. Университеттің қабылдау комиссиясы 01 маусымнан 26 тамызға күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында үзіліссіз, демалыссыз жұмыс істейді...
АРТА Сыртқы эксперттік комиссиясының жұмысы туралы...
Жарияланған: 21 сәуiр, 2018
2018 жылдың 24-26 сәуірінде университетте  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес институционалдық және мамандандырылған Ұлттық аккредиттеу бойынша Сыртқы эксперттік комиссиясының жұмысы жүргізіледі. Сыртқы эксперттік ко...
ХАБАРЛАНДЫРУ !
Жарияланған: 5 наурыз, 2018
«Халықаралық Қазақстан-Түркия Лицейі» 2018-2019 оқу жылының 5-ші және 11-ші сыныптар арасында оқушылар қабылдайтыны туралы хабарлайды.   ХҚТЛ-мен бірге болашаққа қадам жасаңыз! Халықаралық Қазақстан-Түркия лицейі 2016 жылдың 15 сәуірінде салтанатты түрде ашылд...
Объявление!
Жарияланған: 5 наурыз, 2018
Международный Лицей Казахстан – Турция объявляет набор учащихся на 2018– 2019 учебный год. Участие на экзамене бесплатно.
2018 жыл 22 сәуір ХҚТЛ өтетің емтихан туралы...
Жарияланған: 6 сәуiр, 2016
2018 жыл 22 сәуір Халықаралық Қазақстан – Түркия лицейінде өтетін 2018 – 2019 оқу жылына қабылдау емтихандарын ұйымдастырылуы туралы