СМК
Сапа менеджменті жүйесі
Мамандар даярлау сапасын қамтамасыз ету қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясатының негізі болып отыр, сондай-ақ бұл білім беру сапасын көтеруге, сапа стандарттарын, нормативтерін және өлшемін анықтауға, білім алушының білім деңгейін және тәжірибелік дағдылырын көтеруге, оқу үрдісін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге, жоғары оқу орнының материалды-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық және ақпараттық инфрақұрылымын жетілдіруге, жоғары оқу орынын басқару механизмдері мен құралдарын жетілдіруге бағытталған. Көптеген жоғары оқу орындары білім беру сапасының мәселелерін ИСО 9001 халықаралық стандарттар талаптарын орындау арқылы шешуге ұмтылады. Бұл стандарт тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған ережеге негізделген. Сапа жүйесі барлық қызмет процедураларын құжаттандыру, ұйымдар мен мекемелерді басқару үрдісін ашық және анық көрсету, персоналдың ішкі ынтасын қалыптастыру, қызметті жүзеге асыру барысында нәтижесін идентификациялау және бақылау, басшылықтың қызмет нәтижесі сапасына жауапкершілігі қағидаларына сүйенеді. Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі сапалы мамандар дайындауда мәселелерді едәуір шешуге мүмкіндік береді. Бұл қиын әрі сан қырлы мақсат. Ұйымның барлық салаларын қамтиды және әрбір қызметкерге қатысты. 2009 жылдан бастап ШТІКУ халықаралық ISO 9001 стандартына өтті, бүгінде ISO 9001-2015 стандартына сай сапа менеджменті жүйесін енгізді және сертификаттады. Сапа менеджменті жүйесін қалыпты жұмыс жағдайында ұстап тұру ішкі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру арқылы, жүйелі түрде ішкі аудит жүргізумен, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі органның инспекциялық бақылауымен жүзеге асырылады. Жүктелетін файлдар: 1. Сапа саласындағы мақсат 2. Сапа саласындағы саясат 3. Сапа менеджменті жүйесі құжаттары
События
Хабарландыру
Жарияланған: 30 сәуiр, 2020
15 жылдағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті тақырыбында ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Ректор өкімі 27 сәуір
Жарияланған: 27 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен 2020 ж., 27 сәуірде жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша нұсқаулық негізінде рекордың ӨКІМІ
Ректор өкімі 26 сәуір
Жарияланған: 26 сәуiр, 2020
ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дауленовпен жоғары оқу орындарында ДOT енгізу туралы бейнеконференция нәтижелері бойынша іс-шараларды атқару туралы ӨКІМ
Құрметті оқырмандар!
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Бізбен әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың және жұмыстың шұғыл қажеттілігін бөлісе отырып, EBSCO ақпараттық қызметтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық жоғары оқу орындары...
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент...
Жарияланған: 17 сәуiр, 2020
Індетті коронавирус пандемиясының тууына және елімізде Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдай жариялауына байланысты ШТІКУ-де бұл аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан шаралар және қабылданған шешімдер
Бос жұмыс орындары
Жарияланған: 31 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің бос лауазымдарына келесі бағыттар бойынша конкурс жариялайды:
Құрметті Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің түлектері
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Сіздерді 4 қаңтар 2020 жыл сағат 14.00-де университеттің Әли Өзек залында (28 каб., 2 қабат) өтетін «Түлектермен кездесу күніне» шақырамыз!
Құрметті қашықтықтан оқитын білімгерлер!
Жарияланған: 30 желтоқсан, 2019
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті 20.01. - 31.01.2020ж. аралығында 1-2ші аралық бақылау (жазбаша) мен қысқы емтихандар (жазбаша) - өтетінін хабарлайды және міндетті түрде келулеріңіз керек екенін ескертеді.