Құрметті достар, әріптестер!
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің құрылғанына 13 жыл толып отыр. Осы 13 жыл тарихында университетіміз үлкен асулардан, биік шыңдардан өтіп, еліміздің білім беру жүйесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп отыр.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Қазақстандағы ең жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан университеттердің біреуі болып табылады. Алғаш рет Абылайхан атындағы Әлем тілдер және халықаралық қатынастар университетінің ішінен шет тілдер факультеті болып ашылған. Кейін екінші жоғары оқу орны ретінде қызмет көрсетті, 2005 жылы университет мәртебесіне көтерілді.
Біз Қазақстан жастарының бақытты болуын қалаймыз. Қазақстанның болашағы жастарымыздың қолында екендігін білеміз. Яғни студенттерімізге сапалы білім беру, оларды өмірге баулу біздің міндетіміз. Жастарымызға немқұрайлы қарау, елімізге қиянат жасаумен бірдей. Сол себептен де Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мына бәсеке алаңына айналған, жаһанданған дүниеде студенттерге заман талабына сай білім беруге және оған керекті материалдық техникалық жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етуге тырысып келеді. Студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалғаннан кейін ғана олардан нәтиже күте аламыз.
Ғаламдасқан заман халқымыз бен елімізді барлық елдермен бәсекелесуге мәжбүр етіп отыр. Осы жарыстан мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Түркияда, Франция, Солтүстік Африкада, Европа, Австралия мен Қазақстанда білім саласында қызмет етіп келе жатқаныма отыз жылдың көлемі болып қалды. Академиялық өмірімді және тәжірибемді Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры ретінде жалғастырып отырмын.
Университетіміздің оқытушыларымен бірлесе отырып жастарымыздың бақытты болашағы үшін қызмет етудемін және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына, өмірге дайын болуына барлық жағдайды жасаудамын. Өз басым «адамзатқа пайдалы болу ғибадатпен тең» деген қағиданы ұстанамын. Қазақстанда пайдалы істер жасап, өмірде жастарымызға жол көрсете алсам өзімді өте бақыттымын деп санаймын.
Сіздерге табыс тілеймін!
Құрметпен:
Шет тілдер және іскерлік
карьера университетінің
ректоры, доктор, профессор
Сабри Хизметли