Оқу бөлімі

Каримова Гулим Сарсемхановна

Оқу бөлімінің бастығы
Педагогика  ғылымдарының магистрі
Қазыбек би 168, 2 қабат, №32 бөлме
279-78-94 (128)
gulim_karimova@mail.ru

 

Оқу бөлімнін негізгі қызметі мен міндеттері

 1.Оқу бөлімі Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ҚР МЖМББС (ГОСО РК) талаптарына сай оқу үдерісін ұйымдастыруда үйлестіруші және бақылаушы құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Оқу бөлімі қызметкерлерінің саны, олардың еңбек ақыларының көлемі, сыйлық ақы беру жүйесі және т.б. Университет ректорымен бекітіледі.

3. Оқу бөлімі Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің жарғысы және осы ереже бойынша жұмыс істейді, тікелей Оқу ісі жөніндегі проректорға бағынады.

4. Оқу бөлімі өзінің қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын;
  • Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын;
  • Ішкі нормативті құжаттарын, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректорының бұйрықтары мен өкімдерін;
  • Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің жарғысын және осы ережені.

5. Оқу бөлімі өзінің қызметін Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің регламентіне және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітілген жылдық жоспар негізінде жүзеге асырады.

6. Оқу бөлімінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін ҚР «Еңбек кодексіне», лауазымдық нұсқауларға және еңбек шартына сай орындайды.

7. Оқу бөлімінің құрылымы мен штаты осы ережеде қарастырылған мақсат, қызметтер негізінде жасалады. Бөлімнің құрамына келесі бірліктер кіреді: бөлім бастығы - 1 бірлік, әдіскер - 1 бірлік, диспетчер - 1 бірлік, офис тіркеуші - 4 бірлік, маман – 1 бірлік

 

Оқу бөлімінің негізгі қызметі мен міндеттері

1. Әртүрлі деңгейдегі пайдаланушыларға орта және арнаулы кәсіптік білім беру салаларында сапалы білімді беру бойынша  Университет миссиясын орындауға мүмкіндік туғызу. 

2. Еңбек нарығының талаптары мен әлеуметтік тапсырысты елеп жаңа ақпараттық білім беру технологияларын енгізу, білім мен ғылымды интеграциялау, оқу үдерісін жетілдіру арқылы білім беруді модернизациялауға мүмкіндік туғызу.

3. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің саясаты мен мақсаттарын жүргізу;

4. Университет қызметіне байланысты, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен типтік бағдарламалардың талаптарына сай ұйымдастырылған оқу-тәрбиелік үдерісіне қатысу;

5. Білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа концептуалды қатынасты өңдеу және енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру;

6. ПОҚ штатын қалыптастыруды, ағымдағы жылға ПОҚ педагогикалық сағаттық жүктемесін бөлу мен оның орындалуын бақылау;

7. ПОҚ-ң жеке жұмыс жоспарының сәйкестілігін тексеру және олардың орындалуын қадағалау;

8. МЕК және МАК төраға(йым)лары мен құрамындарын тексеру және оны қадағалау. МАК қорытынды есептерін жинақтап, ҚР Бж/еҒМ-не өткізу;

9. Сабақ кестесін, қысқы және жазғы емтихан сессиясының кестесін құру, тексеру және оның орындалуын қадағалау; 

10. Мамандықтар бойынша профессор-оқытушылар құрамының сандық және сапалық көрсеткішін анықтау;

11. Университеттің аудиториялық қорларын есептеу және оны топтарға бөлу;

12. ПОҚ еңбек тәртібін сақтауды бақылау арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік туғызу;

13. Оқу бөлімінің қызметіне байланысты ректордың бұйрықтарын, Ректорат және Университет Ғылыми кеңесінің шешімдерін орындау;

14. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес іс-қағаздарын жүргізу және оның орындалуын қадағалау;

15. Университеттің саяси-қоғамдық, мәдени-бұқаралық шараларына қатысу.

 

Құқықтары мен жауапкершілігі:

1. Университет қызметіне қатысты сұрақтарды шешуге және талқылауға қатысуға;

2. Барлық құрылымдық бөлімшелермен өзара қарым-қатынаста болуға және олардан  Оқу бөлімінің қызметіне керекті ақпараттар мен құжаттарды алуға;

3. Университет әкімшілігінен бөлім қызметінің материалды-техникалық қамтамасыздануын талап етуге;

4. Университеттің кітапхана қызметін, оқу және ғылым бөлімшелерінің қорларын  пайдалануға.

5. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен типтік бағдарламалардың және ҚР Бж/еҒМ-нің нормативті-құқықтық құжаттарының талаптарына сай Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыруға;

6. Ішкі нормативті  құжаттардың нұсқаулардың орындалуына; 

7. Университеттің сапа менеджмент жүйесін қолдауы мен оған сәйкес процедуралардың орындалуына.

 

ҚҰРАМЫ

 

 SamalКудабаева Самал Акимхановна 

Оқу бөлімінің әдіскері

279-78-94 (128)
e-mail: samal_kud@mail.ru     

         

 

 

 _________________________________________________

Билібаева Марал Даулетханқызы

 
Оқу бөлімінің маманы
279-78-94 (128)
e-mail:Bilibayeva_maral@mail.ru

 

 

 

 

___________________________________________________

Әбдіқадыр Жұлдызай Нұрболатқызы

 
Оқу бөлімініңдиспетчері
 279-78-94 (128)
e-mail: Zhulduzai_abdukadir@mail.ru

 

 

 

 

БАЙЛАНЫСТАР

Адрес: Алматы қ. Қазыбек би көшесі, 168

 

  • Каримова Гулим Сарсемханова

оқу бөлімінің бастығы

           №32 бөлме, тел: 8(727) 279-78-94 (128)

e-mail:

 

  • Кудабаева Самал Акимхановна

әдіскер

           №31 бөлме, тел: 8(727) 279-78-94 (128)

e-mail: samal_kud@mail.ru

  • Әбдіқадыр Жұлдызай Нурболатқызы

диспетчер

           №31 бөлме, тел: 8(727) 279-78-94 (128)

e-mail: oku.bolimi.00@mail.ru

 

  • Билібаева Марал Даулетханқызы

маман

           №31 бөлме, тел: 8(727) 279-78-94 (128)

e-mail:mako_1993kz@bk.ru