Ректор

 

 Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор  Сабри Хизметли

 және іскерлік карьера университетінің ректоры, доктор, профессор  Хизметли  Сабри 11 ақпан 1951 жылы Түркия мемлекеті, Сивас қаласында дүниеге келген. Түркия мемлекеті Кония қаласындағы Сельжук университетін «Дінтану» мамандығы бойынша 1974 жылы бітірген. 1974-1976 жылдары  Париждегі Сарбонна университетінің магистратурасын   тәмамдаған. 1976-1980 жылдары Париждегі Сарбонна университетінің докторантурасында оқып, докторлық диссертация қорғаған. 1977 жылы Тунис Республикасының Бургиба  атындағы заманауи тілдер институтының оқытушысы,  1980-1982 жылдар аралығында Түркия мемлекеттік  Анкара университетінде ассистент,  1982-1984 жылдары доцент міндетін атқарушы, 1985 жылы доцент, 1989 жылы профессор болып қызмет атқарған.

      Тунисте ғылыми зерттеулер жүргізген, 1986-1988 жылдары Алжирдегі Оран университетінің профессоры болып жұмыс істейді.  1982-1999 жылдары Анкара Университеті және «Түркияның дауысы» радиостанциясында «Түркия мемлекеттік  Радио және Анкара телевидениесінде»,  1989-1999 жылдары Анкара университетіндегі «Ислам өркениеті   және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.

      1994 жылы Австралия  мемлекетіндегі  Сидней Университетінің лекторы ретінде дәріс оқыған.  1995-1998 жылдары  Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Анкарадағы Әлеуметтік ғылым институты магистратура және докторантураның  профессоры,   1998-1999 жылдары  Қырғызстан  Републикасы Ош университетінің профессоры. 

      1999-2003 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің  Шымкент институтының директорының өкілі – бірінші орынбасары, 2003-2005 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің вице-президенті, 2005 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінің Жоғары басқару органының төрағасы.   Сабри  Хизметли  Алматыдағы «Орта Азия Мәдениет Қорының»  құрылтайшысы және Бас хатшысы, Халықаралық университеттер Қауымдастығының мүшесі (орталығы Түркия);  Түркия Республикасының білім беру жөніндегі өкілі; Түркі Академиясы Ғылыми Кеңесінің  мүшесі (Астана қаласы),  «Алматы аймағы жоғары оқу орындары ректорлар» кеңесінің мүшесі,  Орталығы Түркия болып есептелетін «Қара теңіз және Кавказ маңы» деп аталатын  ректорлар кеңесі қауымдастығының  мүшесі, «Ғылыми-педагогикалық журналдың» бас редакторы және редакциялық алқаның  төрағасы (Алматы қаласы),  Түркия мемлекетіндегі педагогика саласы бойынша 23 жоғары оқу орындарының гуманитарлық секциясы бойынша  редакциялық алқа мүшесі, Ош мемлекеттік университетінің «Хабаршы» журналының редакциялық алқа мүшесі (Қырғызстан),  «Қазақстанның ғылым әлемі» атты журналының редакциялық алқа мүшесі (Шымкент қаласы).

    Доктор, профессор Сабри Хизметли Түркия, Қазақстан, т.б. елдердің ғылымы мен біліміне сіңірген еңбегінің жемісі ретінде бірнеше марапаттар мен мадақтарға ие болды. Атап айтқанда, Алжирдің мемлекеттік медалі (1989),  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төс белгісі (2010 ж), Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін»  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (01 сәуір 2010 жылы),  Франциядағы халықаралық іскерлік кеңесінің «Золотой медали за безупречную деловую репутацию» атты халықаралық марапаты (2010), Сократ атындағы халықаралық марапат (Оксфорд,Ұлыбритания),  «The Name in Science» атты жоғары ғылыми  еңбектері үшін  халықаралық марапат (GAU, Girne Amerikan Universiti, Кипр,  2010), Эксклюзивті Виктория ханшайымы атындағы «The International Award «QUEEN VICTORIA COMMEMORATIVE MEDAL» атты еуропалық   (5-8 мамыр 2011) марапатқа ие болды.

        Еуропалық бизнес Ассамблеясының Координациялық кеңесінің кәсіби, ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық қызметі Сабри Хизметлидің жетекшілігімен Швейцарлық  сапа стандарты институтының «International Qulity Sertificate» SIQS) атты сапа сертификатын алуға ұсынылды.

       Алматы қаласының әкімі  И. Тасмағанбетовтің «Құрмет грамотасы»,  №413; 06.12.2007 ж.;   Басқарма төрағасы  СБ.Қуаттың «Алғыс хаты»,  №133  16.08.2001 ж.;    Халықаралық  «Қазақ тілі» Қоғамының Президенті,    ҚРҰҒА –ның академигі Ө.Айтбайұлының «Құрмет грамотасы» 2009 ж.;  Облыстық білім департаментінің бастығы С.Ж.Барахованың «Алғыс хаты»,  Шымкент қаласы, 2004 ж.;   Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдумановтың «Құрмет грамотасы»,  2008ж.;  Түркия Республикасының Білім жөніндегі елшісі Кадир Четиннің «Құрмет грамотасы», 29.09.2009ж.; Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың  «Алғыс хаты»,  2002 ж.;  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Жылқышевтің «Алғыс хаты», 2004 ж.; Қала әкімі Ғ. Жұмжаевтың «Алғыс хаты» 24.10.2003 ж.,  Алгерия мемлекетінің Оран облысы әкімі М.Манхучтың «Құрмет грамотасы», 1988 ж, Анкара қаласының әкімі Мелих Гөкчектің «Құрмет грамотасы», 1994 жылы; Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік  университетінің  президенті С.Ж.Пірәлиевтің «Құрмет грамотасы», Анкара университеті ректорының «Құрмет грамотасы», 1986 ж.;   Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры,  академик О.Сәбденнің «Алғыс хаты», 2003; Түркия Республикасы мемлекеттік TSE институтының президенті                          Т.Бийікхалуашының «Құрмет грамотасы», 2010ж.; Мысырдың  Алматы төтенше елшілігінің құрмет грамотасы, 2010ж; Б.Саттархан атындағы «Намыс» қорының «Алғыс хаты», 2011 ж.; Петропавл әкімдігінің сапа менеджменті «Құрмет грамотасы», 2012 ж., Таланттар Академиясының Президенті А.М.Мылтықбаевтың «Алтын адам» дипломы, 2012 ж., Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары ұйымының төрағасы Р.Алшановтың  «А.Байтұрсынұлы» атындағы алтын медалі және «Құрмет грамотасы», 2013 ж.; Түрік  әлемі мәдениет астанасы   Ескишехир облысының әкімінің  «Алғыс хаты», 2013 ж.; Алматы әкімі А.Есімовтың «Құрмет грамотасы», ҚР  ҰҒА-ның Президенті академик М.Жұрыновтың «Құрмет грамотасы», 2014 ж; Түркия Республикасының мемлекеттік Кастамону университетінің «2014 жылғы түрік дүниесі университеттерінің ең табысты ректоры» дипломына  ие болды.

      Сабри Хизметли –  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің және Түркия білім Министрінің, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы қаласындағы  Алмалы ауданы әкімінің, Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің, т.б. студенттер мен магистранттар  және өзі басқарып отырған ұжымның ерекше ықыласына ие болған  ғалым, іскер басшы, ұлағаттты  ұстаз, аяулы жар, асыл әке.  

     Сабри Хизметли қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз, араб, парсы тілдерін еркін меңгерген. Оның аталған тілдерде 37 ғылыми шығармасы, 300 ғылыми мақаласы жарық көрген. 50 магистратура, 23 PhD  докторантура диссертация жұмысына жетекші болған; түрік, араб, қазақ, қырғыз ұлттарынан 20 шақты танымал шәкірт тәрбиелеген.