АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ

  23 желтоқсан 2015 жылы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде ата-аналар комитетін құру, ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатында кездесу өтті.

       Кездесуге келген ата-аналар университетте жемқорлықтың жоқтығын, таза сапалы білім мен тәрбие берілетіндігіне тоқталды. Университет ректорына, университет ұжымына алғыстарын білдірді. 

 Университеттегі түрлі шараларға, кәсіби бағдар беру жұмысына белсене араласатындықтарын атап өтті.  А.М.Астамова «Маркетинг» мамандығы бойынша білім алатын немересі Золотых Максимнің  университетте оқитынын мақтан ететінін атап өтті. Себебі бұл университетте жемқорлықтың жоқтығын, сапалы білім берілетіндігін,  оқу орынының болашағынын жарқын екендігіне тоқталды.

 Ә.Омарова, Ә.Ергебаева 1-курсқа түскен балаларының «Дінтану» мамандығы бойынша ректор г

рантында тегін білім алатындығын, осы аз  уақыт ішінде араб, түрік тілдерін жетік игеріп, осы тілдерде өлең  жатқа оқитындығын мақтан етті. А.Қойсынова Талғар қаласында №80 мектепте  ұстаздық ететінін айта келіп, өзінің шәкірттеріне осы университет туралы ақпарат беріп отырғандығына тоқталды. Себебі университет басшылығы тек қана студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай,сонымен бірге бітірген түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесіне қатты көңіл бөліп отырғандығын атап өтті. Тәртіптің қатал болуы, сабақтың жоғары деңгейде өтуі, студенттердің сабаққа қатысымын қатты қадағалауы балаларының болашағы үшін маңызды екендігін айтты. 

Сол үшін де осы университетті таңдағандарына, сол таңдауларының дұрыс болғандығына ризашылықтарын білдірді. «Тарих» мамандығы бойынша білім алып жатқан А.Әлімбектің әкесі Т.Әлімбек қызының 4-курста оқитынын, биыл осы оқу орнын аяқтап отырғандығын айта келіп, бұл университетте, шын мәнінде, сапалы білім берілетіндігіне, жемқорлықтың жоқтығына баса назар аударды. Кездесуге келген ата-аналар университетте болатын түрлі шараларға белсене қатысатындығын, кәсіби бағдар беру жұмысын жандандыратындығын, мұндай ата-аналармен кездесу мәселесі ерекше жаңа бастама екендігін атап өтті. Университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметлиге алғыстарын білдіріп,  қазақ жастары үшін жасап отырған қамқорлықтарына ризашылықтарыы білдірді.  

Ата-аналардың өздерінің ұсыныстарын ескере отырып, ата-аналар комитеті құрылып, комитеттің алдына қойған мақасаты мен міндеттері сөз болды. Ата-аналар комитетіне Турдыбаева К., Нукурова А., Ә.Омарова, Ә.Ергебаева, А.Бейсенғалиева, Раева Б., Серикбаева Ж., Адилова К., Нурмағамбетова С., Әлімбек Т., Абдраимова Г. ата-аналар комиетіне    мүшелікке өтіп, ата-аналар комитетінің төрағасы, орынбасарлары, хатшысы сайланды.