2017 жылдың 13-23 қазан аралығында Түркия Ресбуликасының Мұғла Сыткы Кочман университетімен бірігіп ұйымдастырылған V-ші халықаралық түркі дүниесі экономикалық форумына университет ректоры доктор, профессор Сабри Хизметлидің басшылығымен ғылым және тәрбие істері жөніндегі проректор Хурия Екхлеф, ғалым хатшы п.ғ.к., доцент Г.Т. Бейсенбекова, «Педагогика ғылымдары» факультетінің деканы М.А. Түкібаева, «Экономика және басқару ғылымдары» факультетінің деканы Б.М. Беккулиева, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) директоры мен Сарапшылық Кеңес төрағасы М.А.Скиба, заң ғылымдарының кандидаты Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы, Экономика және статистика академиясының оқу және тәрбие жөніндегі проректоры Бекенова Л.М., Тұран Алматы университеті атынан Таменова С.С. қатысып, баяндама оқып қайтты. Және де «Орталық Азия Мәдениет қорының» Президенті Әли Өзек мырза да осы форумның құрметті қонағы ретінде қатысты. Форумда әлемнің түрлі аймақтарының, соның ішінде түркі әлемінің ғылым, саясат, бизнес саласының мамандары түрлі тақырыптар талқылануына қатысты. Іс-шараның мақсаты түркі әлемінің болашақ мәселелеріне, мәдениетіне қызығушылық танытатын тұлғаларды біріктіру, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік, мәдени және экологиялық мәселелер шешімдерін қарастыру және ұсыну.